ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ Дәріс тақырыбы: «Сана, рух және тіл» Мақсаты: философиядағы сана, рух және тіл болмысын пайымдау Алматы-2021
ЖОСПАР
Жан, рух, сана. Сана және ойлау.
Философиядағы сана болмысын пайымдаудың үш моделі.
Сана және бейнелеу. Сана және психика.
Сана құрылымы. Философиядағы тіл мәселесі
ЖАН
«Жан» (псюхе, анима) – деп біз адамның ішкі әлеміндегі өмірге деген іңкәрін, оның күнбе-күнгі қуанышы мен зардабын, оның жарқын, я болмаса күңгірт ұмтылуларын, жалпы алғанда, өмір сүруге (витальдық) бағытталған күш-қуатын айтамыз. Яғни, оны адамның дене құрылысымен өте тығыз байланысты сезімдік-психикалық құбылыстардың жиынтығы деуге де болады.
Cерік Мырзалы
РУХ
Тарихи жан адаммен бірге дүниеге келеді. Ал рухқа келер болсақ - ол адам психикасы дамуының соңғы жетілген сатыларымен байланысты. Неміс философы К.Ясперстің ойынша, рухтың дүниеге келген уақыты – кіндікті уақыт (осевое время), шамамен б.з.д.VIII-II ғ.ғ. Осы кезде адамның абстрактылық ойлау қабілеті жетіліп, мифологиялық дүниетүсіну философиялық пайымдауға ауысып, көпқұдайлықтан бірқұдайлыққа негізделген дүниежүзілік діндер дүниеге келеді. Міне, осы уақытта жан-дүниенің үстінде рух пайда болады». Рухтың пайда болуы философияның пайда болуы.
САНА
Сана - бейнелеудің ең жоғарғы деңгейі. Материалистік концепция бойынша сана- бұл жоғары ұйымдасқан материяның (мидың) материяны (қоршаған әлемді) бейнелеу қабілеті. Ол объективтік дүниенің субъективтік бейнесі.
Сана іштен туатын қасиет емес. Ол атадан балаға көшетін де қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми- оның мекені. Мисыз сана да, психикалық қызмет те жоқ. Бірақ ми түрлі жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі.