Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет30/31
Дата24.09.2023
өлшемі474,54 Kb.
#110040
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
9. Бақылау түрі – жазбаша емтихан (емтихан материалының құрылымы)
І блок
1. Жалпы стилистиканың ғылым ретінде және жеке пән ретінде қалыптасу, даму тарихы.
2. Қазақ тілі стилистикасы туралы жазылған алғашқы зерттеулер, жоғары оқу орындарында оқытыла бастауы.
3. Қазақ стилистикасының А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы еңбектерінде зерттелуі.
ІІ блок
1. Орфоэпиялық норма мен орфографиялық нормалардың фоностилистикаға қатысы.
2. Қазақ тілінде публицистикалық стильдің қалыптасуы.

3. Әдеби тіл нормаларының стиль түрлеріне өзіндік әсерін ашыңыз.


ІІІ блок
1. Мәтіннің қандай стильмен жазылғанын анықтап, мәтіннен тілдік метафораларды тауып, стильдік ерекшелігін ашыңыз.
Дәукен – қажыларға атасынан жалғыз айыл болып, сіңген Керейдің бір саяғы. Есіктегі иттей жасынан сұқ көз болып сүйекке телмірген қажының қабағаншылы. Таңдайын сауып, тоқсан түрлі құбылып, тоғыз саққа жүгіріп отыратын жез таңдай, қу құйрық. Ол адамының қандай болса да әуеніне төңкеріліп, жалпақтап, бауырына кіріп кетеді. Ол қажының қасында – шаруаның көзі, бала-шағаның қамқоры. Алқа-қотанды ақсақалдар арасында – қудан ұшқыр, құланнан жүйрік майталман. Ал үй арасында өсекшіл, күндес қатындардың қасында сырлас, абысындас. Міне, дарылдап сөйлейтін көсе қара шалдың мінезі осы сияқты. Дәукен жасынан қажыға не болмады? Атшы да, жидашы да болды. Дәукен – қатын-қалаштың арасына кіргенде, күндесті күндеске шағыстырып, тасқаяқтай қағыстыратын қу ауыз. Оны әдейі түнгі мәжілістің тыңшысы қылып, Нәзипаның аңдуына салып қойған бір кезі еді. (І.Жансүгіров.)
2. Мәтіннен лексикалық нормаларды тауып, дамуын, өзгеруі ерекшеліктерін жазыңыз.
Қартқожа әр болыста ауылнай, үшкөл деген бар деп естіді, бәленшенің, түгеншенің балалары сол үшкөлдерде оқып жүр, екі-үш жылда орыс тіліне судай юолады екен, сонсоң, тілмаш, періуатшік болуға жарайды екен деген сөздерге құлағын салатын болды. Ол былтыр крестьянский нашалніктің перуатшігін көрген.
Ол қандай еді! Үсті-басы аппақ! Сары ала түйме! Шашын қайырған. Аяғында әмірқан етік. Нашалніктің алдында аузы-аузына жұқпай судыратқанда, кісілер таң қалмаушы ма еді?! Ол бір стражнікпен орысшаласып-орысшаласып, жеңіп кеткені қайда?» (Ж. Аймауытов.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет