9-параграф. "Таным" білім беру саласы 339. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны - қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
10-параграф. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 340. Мақсаты балаларды салыстыру, сәйкестендіру икемділіктеріне, әртүрлі көптіктер мен көптіктердің элементтерімен арасындағы сәйкестікті табуға үйрету.
341. Міндеттері:
1) математикалық түсініктерді әрекеттің басқа түрлерімен (бейнелеу, құрастыру және ойын) өзара әрекетте қалыптастыру;
2) балалардың сабақта алған математикалық білімі мен икемділіктерін өздігінен ойын кезінде және практикалық әрекетте пайдалануы үшін жағдай тудыру;
3) балалардың танымдық қабілеттерін: талдай, жіктей, қорытындылай алуын, салыстыра отырып заңдылықты, байланыс пен қатынасты табуын, алдағы әрекетті жоспарлай білуін дамытуды жалғастыру;
4) арифметикалық есептерді шығарғанда, арифметикалық әрекеттерді орындағанда шартты таңбаларды (цифрларды) пайдалануға үйрету;
5) бес көлеміндегі цифрлармен таныстыру;
6) ауызша онға дейін тура санауға және жетіден кері санауға үйрету;
7) сандардың дәйектілігі мен әрқайсысының сан қатарындағы орны туралы түсінікті қалыптастыру;
8) он саны көлемінде берілген саннан берілген санға дейін санауға үйрету;
9) өлшеу дағдыларын қалыптастыру, құрылымды өлшемдерді пайдаланумен таныстыру.
342. "Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру" сабағының мазмұны оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижені қамтитын бөлімшелерден құралатын оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікпен ұйымдастырылған оқыту мақсаттары педагогтарға өз жұмыстарын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оқытудың келесі кезеңдері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
343. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) кеңістікте бағдарлау;
2) сан мен санау;
3) геометриялық пішіндер.
344. "Кеңістікте бағдарлау" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) заттардың кеңістікте орналасуы.
345. "Сан мен санау" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) заттарды санау;
2) көптік;
3) дәйектілік;
4) көлемдер.
346. "Геометриялық фигуралар" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) фигуралар.
347. Оқыту мақсаттарының жүйесі
14-кесте
0.1.1.3 өз дене мүшелерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқ, алдында - бет, іш, артында - арқа, сол, оң қол;
0.1.1.4 педагогтың көрсетуі бойынша заттарды өзіне қатысты (алыс-жақын, жанында, анда, мұнда) орналастыру
0.1.1.5 көрсету бойынша, сөздік нұсқау бойынша қозғалыстыөзіне қатысты берілген бағытта (алға-артқа, жанына қарай, жоғары-төмен, оңға-солға) орындау
348. "Заттардың кеңістікте орналасуы" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қағаз бетінде бағдарлайды, жоғары, төмен, оң, сол жақтарын, ортасын ажыратады;
2) өз дене мүшелерінде бағдарлайды;
3) мағынасы қарама-қайшы жұптық түсініктерді: "оңға-солға", "алға-артқа" ерекшелейді;
4) көрсетілгенбағытта қозғалады, заттарды үлгі бойынша, сөздік нұсқау бойынша орналастырады.
15-кесте
2-бөлім. Сан және санау
Бөлімшелер
Оқыту мақсаттары
2.1 Заттарды санау
0.2.1.1 5 сан көлеміндегі заттарды санау, қорытынды санды саусақ санымен сәйкестендіру
0.2.1.2 5 көлемінде реттік санау: "Саны бойынша қайсы?"
0.2.1.3 сан қатары, санның сан қатарындағы орны: көрші сандар, түсіп қалған сан, санау нәтижесінің заттардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, олардың кеңістіктік орналасуына және санау бағытына тәуелсіздігі
0.2.1.4 көрші сандардың арасындағы қатынасты, көрнекілік үлгілеуді пайдаланып
2 саны 1-ден үлкен екенін анықтау
0.2.4.4 апта, апта күндері, кеше аптаның қай күнінің болғанын, бүгін қай күні екенін, ертең қай күні болатындығын анықтау
0.2.4.5 түзімдік сәттердің (алдымен, содан кейін) дәйектілігі
349. "Заттарды санау" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) 5 көлеміндегі заттарды санайды, қорытынды санды саусақ санымен сәйкестендіреді;
2) 5 көлемінде реттік санауды меңгерген, "саны бойынша қайсы?" сұрағына жауап береді;
3) сан қатары, санның сан қатарындағы орны, көрші сандар, түсіп қалған сан туралы түсінігі бар;
4) санау нәтижесінің заттардың көлеміне, арасындағы қашықтыққа, олардың кеңістіктік орналасуына және санау бағытына тәуелсіз екендігі туралы түсінігі бар;
5) 5 көлеміндегі кез-келген саннан бастап, сандардың тура және кері тәртіптегі дәйектілігін шығарады;
6) 1-ден 5-ке дейінгі цифрлар туралы түсінігі бар;
7) заттарды қосу және алу тәсілімен топтағы заттардың арасындағы теңдік пен теңсіздікті анықтайды;
8) 5 көлеміндегі сандардың құрамын біледі.
350. "Көптік" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) еліктеу, үлгі бойынша, педагогтың сөздік нұсқауы бойынша көптіктен бес затты ерекшелейді;
2) 5 көлеміндегі көптіктерді (арттыру, кеміту, теңдестіру) түрлендіреді;
3) екі топ заттарын саны бойынша салыстырады, 5 көлеміндегі көптіктен берілген сандағы заттарды санап алады;
4) шартты өлшем көмегімен созылмалы, сұйық және сусымалы көптіктерді өлшейді;
5) үздіксіз шартты өлшемді пайдалана отырып, көптікті өлшейді, салыстырады және түрлендіреді.
351. "Көлемдер" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) бірінің үстіне бірін салу, қабаттастырып қою тәсілдерімен заттарды көлемі, ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады;
2) шартты өлшемді пайдалана отырып, қоршаған заттардың көлемін, ұзындығын, енін, биіктігін, жуандығын өлшейді;
3) зат топтарын берілген қасиеттер бойынша құрайды.
352. "Мезгілдік түсініктер" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) жыл мезгілдері (күз, қыс, көктем, жаз), тәулік бөліктері (түн, таңертең, күндіз, кешке) туралы түсінігі бар;
2) апта күндері туралы түсінігі бар;
3) мұғалімнің көмегімен кеше аптаның қай күнінің болғанын, бүгін қай күні екенін, ертең қай күні болатындығын анықтайды;
4) балабақшадағы түзімдік сәттердің дәйектілігін біледі.
16-кесте