Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)



бет131/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   187
2-тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
7. "Емдік дене тәрбиесі (суда немесе құрлықта)" бағдарламасының базалық мазмұны арнайы түзеу оқу қызметінде (кіші топтық) іске асырылады:
1) құрғақтағы емдік дене шынықтыру;
2) судағы емдік дене шынықтыру.
8. Мақсат: тірек-қимыл аппараты бұзылысы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс мүмкіндіктерін дамыту және түзету болып табылады.
9. Міндеттері:
1) аяқ және қол буындарындағы ерікті қимылды қалыпқа келтіру;
2) тыныс алу фунциясын қалыпқа келтіру;
3) дене мүсінінің дұрыс дағдысын және табанның дұрыс орнатуын қалыптастыру;
4) координациялық бұзылыстарды түзету (білектің ұсақ моторикасы, статикалық және динамикалық тепе-теңдік, қозғалыс ырғақтылығы, кеңістікте бағдарлануы);
5) бұлшық ет-буындық сезімді жаттықтыру;
6) буындық сіресімдерді (контрактураларын) алдын алу және түзету.
2-параграф. 1-жартыжылдық
10. Құрлықтағы емдік дене тәрбиесі:
1) дұрыс емес қалып мен бас және аяқ-қол қалпын, жамбасты көтеруін, белді келтіруді түзету;
2) балаларға бастапқы қалыпта жатып, отырып, тұрып әр түрлі бағытқа басты бұруға үйрету;
3) қолдармен бір уақытта алға, артқа, жан-жаққа, жоғарыға, төменге қозғалыс орындауға үйрету;
4) иық алды және қол білектерін бүгу және ашуға, бір уақытта саусақтарын жұдырыққа түю және қозғалыс темпін өзгертіп ашуға үйрету;
5) көзбен бақылаумен және бақылаусыз балаларға бірінші саусағын басқаларымен қарама-қарсы қоюға үйрету;
6) бастапқы қалыпта арқасымен, ішпен, бүйірмен жатып, кезекпен тік немесе бүгілген аяқты көтеру және бүгу, ашу, сондай-ақ оларды айналдыру білігін қалыптастыру;
7) бүкіл табанын қойып, тіреуіш жанында тұрып отырып тұру білігін қалыптастыру;
8) кеудемен алға, артқа, жан-жаққа иілуге үйрету;
9) үйренген қозғалыстардың қарапайым үйлесімдерін орындау дағдысын қалыптастыру;
10) көзбен бағдарлануын, ойын формасындағы сөздік нұсқауларды (жануарлар қозғалысын салу)қолданып, педагогпен бірге жаттығулар орындауға үйрету.
11. Негізгі қозғалыстар: жүру, жүгіру, секірулер, лақтыру, қағып алу, еңбектеу, өрмелеу, тепе-теңдік, қайта сапқа тұру.
12. Жүру:
1) бастың, кеуденің, аяқ-қолдың қалпын, табан беріктігін қалыптастыру;
2) бас пен кеуденің тігінен орнатуымен жүріп жаттығу, ауырлық күшін тірек аяғына ауыстыру, тірек емес аяғын ауыстыру, табандарын дұрыс қою, әр аяққа тіректе тұру қалпыын сақтау мүмкіндігі, екі табанға дене массасын біркелкі бөлу, қозғалыстың дұрыс бағыты мен ырғағы;
3) жүргенде қолдармен дұрыс қозғалту білігін қалыптастыру.
4) бүйірлік адыммен алға, артқа, брустарды қолдана отырып, тізені жоғарыға көтеріп, сосын байланған арқанға өту, бос арқанға - сосын қабырғада жүру дағдысын қалыптастыру;
5) дұрыс дене мүсінін қалыптастыру; қозғалыс кординациясын, тепе-теңдік сезімін дамыту;
6) кеңістікте бағдарлану білігін қалыптастыру;
7) қозғалу дағдысын, аяқ-қолдың, кеуденің қозғалыс координациясын дамыту;
8) тыныс алу функциясын дамыту.
13. Жүгіру:
1) бас пен кеуде қалпын қалыптастыру: мойын және арқа бұлшық еттері қатаймайды; бас омыртқамен бір сызық бойында, аяқ пен қол сәйкес қимылдары;
2) белгілі бір тапсырмаларды орындаумен жүгіру дағдысын қалыптастыру: бір-бірінің артынан, арақашықтық сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойынша, тоқтап, заттардан өтіп, алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру;
3) жеңіл және жылдам, баяу және ауыр қозғалыстар бейнесін жасай алуға үйрету;
4) дұрыс мүсін дағдысын бекіту;
5) көлденең (еңбектеу) және тігінен қалыпта қарапайым қозғалыстар дағдысын дамыту;
6) кеңістікте бағдарлану білігін дамыту.
14. Секірулер:
1) кеудені еңкейту мен түзеумен ырғақты отырып тұру дағдысын Кеудені еңкейту мен тіктеумен ырғақты отырып тұру дағдысынн істеу.Отырып тұру көлемін үлкейту үшін саусақтар астына бір жұмсақ зат салуға болады, бірақ
15 градустан артық емес болады;
2) бір аяқтан екінші аяққа секіру дағдысынқалыптастыру (тірекке сүйеніп тұрып),екі аяқта секіру,тереңдікте (10-15 см биіктіктен);
3) негізгі қозғалыстарды дамыту:жүру, жүгіру, секіру, реакция жылдамдығы;
4) кеңістікте бағдарлану білігін қалыптастыру;
5) қозғалыс үйлесімдігінің дағдыларын, тепе-теңдік сезімін жаттықтыру.
15. Лақтыру, қағып алу:
1) белгілі бір орынға дейін доптарды апару дағдысын, қолдың итеру функциясын, көру-моторлы үйлесімділігін дамыту;
2) отыру қалпында допты бір-біріне (1-1,5 м) лақтыру, (әр түрлі заттар көмегімен (валиктер, құмы бар қапшықтар) әр түрлі құралдар көмегімен аяқтың дұрыс қалпын қабылдау;
3) бастапқы қалыпты дұрыс қабылдау білігін қалыптастыру; үлкен үрленбелі допқа арқасымен сүйеніп, бір балалар отырады, басқаларына аяқтарын дұрыс қалыпта ұстау талап етіледі;
4) доптарды қақпаға апару, кеудесінен екі қолмен допты, екі қолымен жоғарыға, төменге еденге (жерге) лақтыру, допты қағып алу;
5) көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, оң және сол қолмен тігінен орналасқан нысанаға лақтыру;
6) қозғалыс координациясын дамыту;
7) доппен ойнауда әр түрлі тәсілдерге үйрету;
8) баланың тігінен және көлденең қалпында түрлі қозғалыстарды жаттықтыру, жан-жақты қозғалыс координациясын дамыту;
9) кеңістікте бағдарлана алу білігін дамыту;
10) тепе-теңдік ұстай алуға үйрету.
16. Еңбектеу, өрмелеу:
1) аяқ пен қолдың үйлесімді қозғалысын түсінуін қалыптастыру;
2) бастың дұрыс қалпын қабылдау білігіне үйрету;
3) алға оң аяғын шығарғанда - сол қолын шығаруды, басын сәл солға бұру білігін дамыту. Алға сол аяғын шығарғанда - оң қолын шығарып, басын сәл оңға бұру;
4) үлкен саусақ қатысымен гимнастикалық қабырғаның кермесін қармау функциясын тәрбиелеу;
5) 2-3 м арақашықтыққа тік бағытта, қойылған заттар арасымен; еденге қойылған тақтай бойынша; биіктігі 50 см арқан астымен; бөрене арқылы, еңіс тақтай бойынша еңбектеу; еңіс баспалдаққа өрмелеу (ТҚАБ балаларға), гимнастикалық қабырғаға міну және түсу (ққолдың қармау функциясы бұзылған балалар жаттығуды нұсқаушы және тәрбиешімен бірге орындайды) дағдыларын қалыптастыру.
17. Тепе-теңдік:
1) әр түрлі бастапқы қалыпта: отырып, еңбектеу қалпында, тұрып, аяқтар табан еніндей; аяқтар қадамда, баспен түрлі қозғалыстарда, сондай-ақ кеуденің иілуімен және бұрылуында тұрақтылығын қалыптастыру;
2) жүріс дағдысын қалыптастыру: тепе-теңдікті жаттықтыру мақсатында екі аяқпен, бір аяқта, аяқ ұшында, жіңішке жолмен, бөренеде, еңіс тақтайда (10-20 см.) тұрғандағы тірек аймағының көлемін біртіндеп азайтады; 8 см арақашықтықта қойылған тақтай бойынша жүру, екі аяқта, бір аяқта, аяқ ұшымен тұру, бір-бірінен арақашықта қойылған тақтайлармен жүру;
3) ірі және ұсақ бұлшық ет топтарындағы қозғалыс жылдамдығын және координациясын дамыту, денені дұрыс қалыпта ұстауын (дұрыс мүсінді) қалыптастыру.
18. Қайта сапқа тұру:
1) кеңістікте бағдарлану білігін қалыптастыру, тежелу реакцияларын жақсарту;
2) шеңбер бойыншааздаған топпен және бүкіл топпен қатарға тұру дағдысынқалыптастыру;
3) негізгі қозғалыстарды дамыту: жүріс, жүгіру, секіру, қатарға тұру элементтері;
4) реакция жылдамдығын, орында бағдарлана алу білігін жаттықтыру;
5) көзбен шамалау дағдыларын, түстерді айыруын дамыту.
19. Спорттық жаттығулар:
1) шанада сырғанау (жеңіл және орташа дәрежедегі БЦСА бар балаларға арналған):қарапайым дағдыларға үйрету: шанаға өзі отыру, биік емес төбешіктен сырғанау, төбешікке шанасыз көтерілу;шанада отыру, артқа шалқая отырып, екі қолмен жіпті ұстап, оны алдынан тарта отыру;
2) велосипедпен жүру (жеңіл және орташа дәрежедегі БЦСА бар балаларға арналған): табан тіреуін, аяқтардағы бұлшық ет күшін дамыту, қолдың қармау функциясын жаттықтыру;
3) бойын тіктеу, тепе-теңдік реакцияларын және қозғалыс координациясын, рөлді ұстауын қалыптастыру, кезекпен біресе бір аяғымен, біресе екінші аяғымен педальды жай басуға үйрету. Гемипарез жағдайында табан және білек бекітіледі.
20. Судағы емдік дене шынықтыру.
1) жүзуге дайындалу;
2) БЦСА бар балалардың бұлшықет тонусы максималды төмендеуі және қозғалыс үйлесімдігін жақсартуға жету үшін +29...32°С су температурасында үйрету;
3) суға кіру және ішінде болу дағдысын қалыптастыру.
21. Күтілетін нәтижелер:
1) бұлшық ет-буындық сезім қалыптасқан;
2) аяқ пен қолдың буындарындағы өзінің қозғалыстарын бөлшектеп басқара алады;
3) жаттығуларды орындау кезінде тыныс алуын басқара алады;
4) дене мүсіні дұрыс және табандарды дұрыс қою дағдысына ие;
5) коордиацияланған білік дағдысына ие: білектің ұсақ моторикасы, статикалық және динамикалық тепе-теңдікті, қозғалыс ырғақтылығын, кеңістікте бағдарлануы;
6) буындық сіресімн түзету мен алдын алуға жаттығулар жасай алады;
7) биік емес төбешіктен сырғанай алады, бір-бірін тербете алады;
8) велосипедте отырып тепе-теңдік сақтай алады және педальдарды жай баса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет