Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы



бет129/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   187
4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
561. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны -қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
562. Мақсаты балалардың қоршаған орта және адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктерін кеңейту болып табылады.
563. Міндеттері:
1) мектеп туралы, мұғалім мамандығы туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) практикалық және ойын тапсырмаларын орындау кезінде заттық-құралдық іс-әрекетін мақсатқа бағытталған түрде қалыптастыру;
3) табиғаттағы мезгілдік құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;
4) жыл мезгілдерінің ауысуын бақылауға үйрету;
5) жыл мезгілдерінің қарапайым белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру, ауа райының қалпын ажырата білуге үйрету;
6) иллюстрацияға сүйене отырып, мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастыру: жүргізуші, дәрігер,сатушы, шаштаразшы, пошташы;
7) балаларды сюжетті-рөлдік ойын барысында шынайы өмірдегі жағдаяттарды және ересектердің мамандықтарын көрсете білуге үйрету;
8) ойын барысында адамдардың өзарасындағы қатынастарын жеткізе білу қабілетін қалыптастыру;
9) ойын барысындағы жағдаяттарды тұтастай қабылдауға үйрету;
10) сөйлеу тілі мен оның интонациялық мәнерлігін дамыту;
11) танымдық мүмкіндіктеріне қарай есте сақтауын, зейінін, қабылдауын, сөйлеу тілін дамыту;
12) тиллюстрацияға сүйене отырып, жүру жеріне және қызметіне қарай көліктердің түрлерін ажырата білуге үйрету;
13) иллюстрацияға сүйене отырып, байланыс құралдарын (телефон, компьюттттер, теледидар) ажырата білуге үйрету;
14) мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік мейрамдар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру;
15) киіз үй, ұлттық киім, тағам, ыдыс, салт-дәстүрлер, ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары туралы түсініктерін қалыптастыру;
16) Қазақстан (Қазақстанның астанасы, Қазақстанның президенті, Алматы қаласы, Алматы қаласының көрікті жерлері) туралы түсініктерін қалыптастыру;
17) сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай ауызша сөйлеу тілін дамыту;
18) психикалық үдерістерді дамыту: зейін, жад, ойлау.
564. "Қоршаған ортамен танысу" сабағының мазмұны, күтілетін нәтижелер түрінде оқытудың мақсатынан және бөлімшелерінен құрайтын, оқытудың бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Әрбір бөлім ішіндегі бірізді ұйымдастырылған оқытудың мақсаты, оқытудың келесі деңгейі туралы ақпараттандыра отыра, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
565. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) мен және қоғам;
2) менің туған өлкем;
3) тарих беттері.
566. "Мен және қоғам" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) менің отбасым;
2) мен - баламын;
3) менің мектебім;
4) мамандықтар;
5) байланыс құралдары және көліктер.
567. "Менің туған өлкем" бөлімі келесі бөлімшені қамтиды:
1) менің Отаным Қазақстан.
568. "Тарих беттері" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) өнер және мәдениет;
2) тәуелсіз Қазақстан.
569. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
43-кесте

1-бөлім. Мен және қоғам

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

1.1 Мен және менің отбасым

0.1.1.1 отбасында тілектестік өзара қарым-қатынас тәрбиелеу

0.1.1.2 отбасы мүшелерін білу және атау, отбасы мүшелерімен бірлесе күш жетерлік жұмысты атқару

0.1.1.3 заттарды білу немесе топтастыру (ойыншықтар, ыдыс, жиһаз, көлік, киім, аяқ киім)

0.1.1.4 қоғамдық жерлердегі жүріс-тұрыстың қарапайым ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру

1.2 Менің мектебім

0.1.2.1 мұғалім мамандығы туралы түсініктерін қалыптастыру

0.1.2.2 мектептегі тәртіптің қарапайым ережелері туралы түсініктерінн қалыптастыру

0.1.2.3 мектеп құрал-жабдықтары туралы түсініктерін қалыптастыру (портфель, дәптер, кітап, қалам, қарындаш, пенал, альбом, түрлі түсті қарындаштар)

0.1.2.4 мектеп құрал-жабдықтарының мәні туралы түсініктерін қалыптастыру (кітап оқу үшін, қалам жазу үшін)

0.1.2.5 иллюстрацияға сүйене отырып макроәлеуметтік орта туралы түсініктерін қалыптастыру: мектеп

0.1.2.6 мұғалім мамандығына құрмет сезімін қалыптастыру

1.3 Мамандықтар

0.1.3.1 иллюстрацияға сүйене отырып, мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастыру: жүргізуші, дәрігер,сатушы, шаштаразшы, пошташы

0.1.3.2 сюжетті-рөлдік ойындарындағы атрибуттар (ерекше белгілер) туралы білімдерін қалыптастыру: дүкен, аурухана, шаштараз, пошта

0.1.3.3 ойын әрекеттерінің ретін жаңғырту, ойынға сюжетті ойын элементтерін еңгізу

0.1.3.4 ойын әрекеттерін үлгі бойынша, күрделі емес ауызша тапсырмалар бойынша орындау

0.1.3.5 балаларды сюжетті-рөлдік ойын барысында шынайы өмірдегі жағдаяттарды және ересектердің мамандықтарын көрсетуге үйретуді жалғастыру

0.1.3.6 ойын барысында адамдардың өзара қатынастарын жеткізе білу қабілетін қалыптастыру

0.1.3.7 сюжетті-рөлдік ойындар барысында құрал-сайман заттарын және қосалқы жабдықтарды қолдана білуін қалыптастыру

0.1.3.8 сюжетті рөлдік ойындар барысында ойын әрекеттерін сөйлеу тілімен қостауға ынталандыру

1.4 Байланыс құралдары және көліктер

0.1.4.1 иллюстрацияға сүйене отырып, жүру жеріне және қызметіне қарай көліктердің түрлерін ажырата білуге үйрету

0.1.4.2 иллюстрацияға сүйене отырып, байланыс құралдарын ажыратуға үйрету (телефондар - үй, ұялы, компьютер, теледидар)

0.1.4.3 теледидар, компьютер қарау кезінде көру арқылы қабылдауын дамыту

0.1.4.4 телефонды қолдану кезінде есту арқылы қабылдауын дамыту

570. "Мен және менің отбасым" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) отбасы мүшелерін біледі және атайды;
2) отбасы мүшелерімен бірлесе күш жетерлік жұмысты атқара алады;
3) заттарды біледі және топтастырады (ойыншықтар, ыдыс, жиһаз, көлік, киім, аяқкиім);
4) қоғамдық жерлердегі қарапайым тәртіп ережелері туралы түсініктері бар.
571. "Менің мектебім" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) мұғалім мамандығы туралы; мектептегі тәртіп қарапайым ережелері туралы түсініктері бар;
2) мектеп құрал-жабдықтары (портфель, дәптер, кітап, қалам, қарандаш, пенал, альбом, түрлі-түсті қарандаштар), олардың мәні туралы түсініктері бар.
572. "Мамандықтар" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) ересек адамдардың еңбегі туралы; мамандықтары туралы (жүргізуші, дәрігер, сатушы, шаштаразшы, пошташы), олардың еңбек әрекеттері туралы түсініктері бар;
2) үлгі немесе педагогтың ұсынысы бойынша таныс рөлдерді орындайды;
3) ойын сюжетіне бағынады; сюжетті-рөлдік ойындарындағы атрибуттарды ажыратады (аурухана,дүкен, шаштараз, пошта).
573. "Байланыс құралдары мен көліктер" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) иллюстрацияға сүйене отырып, көлік түрлері (жердегі, ауадағы, судағы)туралы; арнайы көліктердің түрлері(жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция машинасы) туралы түсініктері бар;
2) телефонның (үй телефоны, ұялы телефон), компьютердің, теледидардың қызметтері туралы түсінігі бар, оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелерін біледі.
44-кесте

2-бөлім. Менің туған өлкем

Бөлімше

Оқыту мақсаттары

2.1 Менің Отаным - Қазақстан

0.2.1.1 иллюстарцияға сүйене отырып немесе педагогтің түсіндіруі бойынша жыл мезгілдерін атау немесе көрсету

0.2.1.2 бала тұратын жердің табиғат жағдайы туралы түсінігін педагогтің көмегімен қалыптастыру

0.2.1.3 жыл мезгілдерінің ауысымдық өзгерістері туралы түсінігін қалыптастыру (күз, қыс, көктем, жаз, олардың белгілері)

0.2.1.4 ауа райының қалпы туралы білімдерін жетілдіру (бұлтты, күн шуақты)

0.2.1.5 апта күндері туралы білімдерін қалыптастыру

0.2.1.6 табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту (күннің күркіреуі, найзағай, кемпірқосақ)

0.2.1.7 тәулік мезгілдері (таңертең, күндіз, кеш, түн), апта күндері туралы түсініктерін қалыптастыру

0.2.1.8 табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажырата білу арқылы есту зейінділігін дамыту (жаңбырдың сіркіреуі, желдің соғуы, күннің күркіреуі аудиожазылым)

574. "Қазақстан - менің Отаным" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) иллюстрацияға сүйене отырып немесе педагогтің түсіндіруі бойынша жыл мезгілдерін атайды немесе көрсетеді (баланың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай);
2) жыл мезгілдерінің негізгі белгілерін атайды;
3) табиғат күнтізбесінен жаңбырды, қарды, күн шуақты, бұлтты күндерді көрсетеді және сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай атайды;
4) табиғат құбылыстарын ажыратады: күннің күркіреуі, найзағай, кемпірқосақ; тәулік мезгілдерін ажыратады (таңертең, күндіз, кеш, түн), иллюстрацияға сүйене отырып апта күндерін атайды;
5) ауа райының ағымды қалпын анықтайды: күн шуақты, жаңбырлы, бұлтты, суық, жылы;
6) аудиожазылым бойынша жаңбырдың сіркіреуі, желдің соғуы, күннің күркіреуін ажырата біледі.
45-кесте

3-бөлім. Тарих беттері

Бөлімшелер

Оқыту мақсаттары

3.1 Өнер және мәдениет

0.3.1.1 иллюстрация және ауызша нұсқау бойынша қазақ киіз үйінің құрылымы мен ішкі жабдықталуы туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру

0.3.1.2 қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары туралы түсініктерін қалыптастыру

0.3.1.3 ұлттық киімдер туралытүсініктерін қалыптастыру

0.3.1.4 қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсініктерін қалыптастыру

0.3.1.5 ұлттық тағамдартуралы түсініктерін қалыптастыру: бауырсақ бешбармақ, айран, наурыз көже

0.3.1.6 қазақтың қимыл-қозғалыс ойындарынойнап үйрету: асық, арқан тарту, орамал тастау, бәйге, теңге алу, көтермек

0.3.1.7 Қазақстан Республикасының мейрамдары (Наурыз, Тәуелсіздік күні, Қала күні, 1 мамыр, 9 мамыр) туралы түсініктерін қалыптастыру

3.2 Тәуелсіз Қазақстан

0.3.2.1 мемлекеттік рәміздер туралы білімін қалыптастыру

0.3.2.2 қолын кеудеге қойып, қатарда түзу тұруды үйрету

0.3.2.3 Қазақстанның Әнұранына қосылып әндету арқылы есту қабілетін дамыту

0.3.2.4 өз елінің атауы туралы түсініктерін қалыптастыру (Қазақстан)

0.3.2.5 Қазақстанның бас қаласы (Астана), Қазақстан Президенті туралы түсініктерін қалыптастыру

0.3.2.6 өзі тұратын қаланың атауы туралы түсініктерін қалыптастыру

0.3.2.7 иллюстрация бойынша өзі тұратын қаланың көрікті жерлері туралы түсініктерін қалыптастыру (кинотеатлар, театрлар, парктер, мұражайлар)

575. "Өнер және мәдениет" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) қазақ киіз үйінің құрылымы мен ішкі жабдықталуы туралы түсініктері бар; қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсініктері бар; ұлттық тағамдар туралы түсініктері бар; қазақтың ұлттық ыдыстары туралы түсініктері бар;
2) ересектің қолдауымен қазақтың қимыл-қозғалыс ойындарын ойнауды біледі;
3) үлкендерге және кішілерге сыйластықпен қарайды;
4) Қазақстан Республикасының мейрамдары: Наурыз, Тәуелсіздік күні, Қала күні, 1 мамыр, 9 мамыртуралы түсініктері бар.
576. "Тәуелсіз Қазақстан" бөлімшесін іске асыру бойынша күтілетін нәтижелері:
1) өз елінің атауын біледі;
2) Қазақстанның бас қаласы (Астана) туралы, Алматы - еліміздің ең ірі және өзі тұратын қаласы ретінде түсінігі бар;
3) өзі тұратын қаланың атауын біледі;
4) мемлекеттік рәміздер туралы түсінігі бар; мемлекеттік рәміздерді иллюстрациядан көрсетеді;
5) әнұранды орындайды (сөйлеу тілі мүмкіндіктеріне қарай);
6) иллюстрация бойынша өзі тұратын қаладағы көрікті жерлер(кинотеатрлар, театрлар, саябақтар, мұражайлар) туралы түсініктері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет