Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет169/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   187
17-параграф. I-жартыжылдық

166. Қоршаған ортамен танысу.


Бала, оның отбасы, үйі:
1) өз отбасы мүшелері туралы, отбасылық мерекелер, әдет-ғұрыптар туралы әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру; балаларға отбасылық мерекелер мен салтанаттарға дайындыққа қатысу ниетін қалыптастыру;
2) заттық-кеңістіктік дамытушы ортада отбасылық қарым-қатынастарды және отбасындағы ересектердің еңбегін көрсететін ойын әрекеттерін орындау білігін жетілдіру.
Заттық әлем:
1) қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, тұрмыстық техниканың мақсаты және оларды пайдаланудың кейбір ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;
2) қоршаған орта заттары мен объектілеріне (ойыншықтар, жиһаз, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ, киім, аяқ киім, кітаптар) ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Ересектердің еңбегі:
1) күзгі кезеңде ересектердің еңбегі және оның маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру (бақта, бақшада, далада);
2) ересектердің ауыл шаруашылығындағы еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру, ауыл шаруашылығы қызметкерлері еңбегінің маңызын түсіну дағдыларын (қала мен ауыл байланысы), диқаншының еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру, нан мен тамақ өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
3) ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Менің Отаным – Қазақстан:
1) өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы, елдің рәміздері туралы, Қазақстан Республикасының астанасы туралы білімдерін кеңейту;
2) мемлекеттік мерекелер туралы түсініктерді кеңейту (Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні);
3) өз елі үшін мақтаныш сезімін, өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
отбасы мүшелері, мерекелер мен әдет-ғұрыптар туралы әңгімелейді, отбасылық қатынастар мен отбасындағы ересектердің еңбегін бейнелейтін әрекеттерді ойнайды;
тұрмыстық техниканы қолданудың мақсаты мен кейбір ережелері туралы түсінікке ие;
қоршаған орта заттары мен объектілеріне ұқыпты қарау қажеттілігін түсінеді;
күзгі кезеңдегі ересектердің еңбегі туралы біледі, диқаншының еңбегі туралы түсінікке ие, ересектердің еңбегіне құрметпен қарайды;
өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы, астанасы, мемлекеттік мерекелері туралы біледі;
мемлекеттік рәміздерді (Ту, Елтаңба, Гимн) біледі, өз елінің рәміздеріне құрметпен қарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет