Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. II-жартыжылдық



бет170/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   187
18-параграф. II-жартыжылдық

167. Қоршаған ортамен танысу.


Бала, оның отбасы, үйі:
1) туыстық қатынастар туралы ұғымдарды жетілдіру;
2) балаларды өз отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауға, үй тапсырмаларын орындауға, отбасы мүшелеріне деген мейірімге толы сезімдерін ауызша білдіруге тәрбиелеу.
Заттық әлем:
1) қоршаған заттардың қасиеттерін, материалдары мен мақсатын ескере отырып, оларды таңдау және топтастыру біліктері мен дағдыларын бекіту;
2) қоршаған орта заттары мен объектілеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Ересектердің еңбегі:
1) көктемгі кезеңде ересектердің еңбегі және оның маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру (бақта, бақшада, далада);
2) әртүрлі мамандықтағы адамдар, асырап-бағу, еңбек құралдары, құралдар, еңбек нәтижелерінің сипаты мен мәні туралы түсініктерді кеңейту;
3) айналадағы заттардың адам еңбегімен жасалғанын және оларға ұқыпты қарау керектігін түсінуге жетелеу.
Менің Отаным – Қазақстан:
1) өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы, мемлекеттік рәміздер (Ту, Елтаңба, Гимн), оның мақсаты туралы білімдерін жетілдіру, рәміздерге және өз еліне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
2) мемлекеттік және ұлттық мерекелер туралы түсініктерді кеңейту;
3) халықтың өмірі туралы бейнелердің, ұлттық сәндік өнер бойынша альбомдардың, тұрмыстық заттар мен киімдердің бейнесін, фотоларын, картиналарын пайдалана отырып, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері туралы түсініктерін кеңейту;
4) қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Қазақстан Республикасының әскері:
1) әскердегі қызметі туралы бейне, фотосуреттер, картиналарды пайдалана отырып, Қазақстан әскері туралы, Отан қорғаушылар туралы және оның мәні туралы түсініктерін кеңейту;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында өз Отанын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерліктерімен танысу;
3) Отан қорғаушыларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көлік:
1) көліктің әртүрлі түрлері, оның мақсаты туралы білімдерін кеңейту;
2) кейбір арнайы көлік құралдары, олардың жабдықтары және олардың адам үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Жол қозғалысы ережелері:
1) жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер және жер асты өткелдері, жол қиылысы) туралы түсінік қалыптастыру;
2) бағдаршам сигналдарына және жол белгілеріне сәйкес жүру бөлігінен өту дағдыларын бекіту;
3) жол қозғалысы ережелері мен көшеде өзін ұстау және көшеден өту туралы білімдерін бекіту.
Мектеп:
1) мектеп, оның адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;
2) мектептің негізгі ұғымдарымен таныстыру (сынып, сабақ, мектеп керек-жарақтары);
3) мектепте одан әрі оқуға деген қызығушылықты және эмоционалды – оң көзқарасты қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
өз отбасының туыстық байланыстарын түсінеді, оған оң көзқарас танытады;
заттар мен объектілердің мақсаты мен материалын ескере отырып, оларды таңдайды және топтастырады;
қоршаған орта заттары мен объектілеріне ұқыпты қарау қажеттілігін түсінеді;
көктемгі кезеңде ересектердің еңбегі туралы түсінікке ие, ересектердің еңбегіне құрметпен қарайды;
өз Отаны ретінде Қазақстан Республикасы туралы, мемлекеттік және ұлттық мерекелер туралы біледі;
Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері туралы түсініктері бар;
қазақ халқының кейбір дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы түсінікке ие;
Қазақстан әскері туралы, Отан қорғаушылар туралы, әскердің маңызы туралы түсінікке ие, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрметпен қарайды;
әртүрлі көлік құралдарының тиістілігі туралы біледі, көлікте жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарайды;
жол қозғалысының негізгі ережелерін біледі және орындайды;
мектеп туралы түсінікке ие, онда одан әрі оқуға қызығушылық танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет