Бағдарламасына 2-қосымша «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)»


«Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасының мазмұны



бет33/52
Дата08.06.2023
өлшемі0,98 Mb.
#99861
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
«Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасының мазмұны
1. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары



Пән
коды

Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі *

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі **

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі ***

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54 /1








МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9







Сынақ

МНП 02

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9







Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

27







Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау(апаттар медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)

9







Сынақ

БП

Бейінді пәндер



1026/19

432/8

432/8




МБП

Міндетті компонент

486/9

432/8

432/8




МБП 01

Амбулаторлық офтальмология, соның ішінде балалардың

171

270,соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары бақылау

270, соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары

Сынақ

МБП 02

Стационардағы офтальмология 1

270

162

162

Сынақ

МБП 03

Дәлелді медицина мәселелері

18







Сынақ

МБП 04

Офтальмологиядағы оңалту мәселелері

18







Сынақ

МБП 05

Инфекциялық бақылау АИТВ инфекциясы

9







Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

540/10







Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБПден)

6

6

Емтихан




Жиыны

1080/20

432/8

432/8


* Офтальмология бойынша қайта даярлаудан өтпеген мамандар үшін
**Ересектер офтальмологиясы бойынша қайта даярлаудан өткен мамандар үшін
*** Балалар офтальмологиясы бойынша қайта даярлаудан өткен мамандар үшін
2. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру циклдерінің үлгілік оқу жоспары



Пән коды

Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, (салауатты өмір салтын қалыптастыру,апать медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)










9




МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9




БП

Бейінді пәндер

54/1

108/2

162/3

198/32/3




МБП

Міндетті компонент










90




МБП 01

Ересектер және балалар офтальмологиясының өзекті мәселелері










63



Сынақ

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері










18

Сынақ

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар










9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

54 /1

108/2

162/3

108/2
(50%)

Сынақ

ҚА

Қорытынды бақылау

2(ТБПден)

2(ТБПден)

2(ТБПден)

6(ТБПден)

Емтихан




Жиыны

54/1

108/2

162/3

216/4




3. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілігін арттырудың сертификаттау циклының үлгілік оқу жоспары (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)





Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар;

90*




Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9






Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны:

108/2






Ескерту: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаты
4. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (екіншілік санат үшін)



Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны



Біріншілік медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі офтальмологиядағы замануилық клиникалық диагностикалық әдістер мен емдеу түрлері, сонымен қатар балалар офтальмологиясы

90*




Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9






Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны:

108/2






Ескерту: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаты
5. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны



Пән коды

Пәндердің атауы мен негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Амбулаториялық офтальмология




ҚР офтальмологияның даму тарихы мен халыққа мамандандырылған көмекті ұйымдастыру. Көру мүшесі. Көздің дамуы мен қалыптасу мезгілі (онтогенезі, филогенезі). Көру мүшесінің қалыпты анатомиясы. Көздің қоса алғандалқы бөлігінің (қабақтардың, көз жасы аппаратының, конъюнктиваның) қалыпты анатомиясы, қанмен қамтамасыз етілуі, иннервациясы және қызметтері. Көз шарасының құрылысы және құрамы. Көз алмасының және оның қабықтарының қалыпты анатомиясы. Көз алмасының фиброзды капсуласының (қасаң қабықтың, ақ қабықтың), ортаңғы және ішкі қабықтарының (нұрлы қабықтың, бүршікті дененің және хориоидеяның, тор қабықтың) және көру нервінің қалыпты анатомиясы, қанмен қамтамасыз етілуі, иннервациясы мен қызметтері. Көзбұршақ, шыны тәрізді дененің, алдыңғы және артқы камералардың қалыпты анатомиясы мен қызметтері. Көздің топографиялық анатомиясы. Көру мүшесі қызметтерін зерттеу әдістері: сырттан байқау, визометрия, периметрия, кампиметрия, энтоптометрия, түрлі түстерді сезу, жарықты сезу, бинокулярлы көру, биомикроскопия, визоконтрастопериметрия, офтальмоскопия, гониоскопия, эстезиометрия, көз жасының өнуі мен ағып кетуін анықтау, УДЗ, УДДГ, ЭФЗ, ФАГ, ОКТ, НRТ, УБМ, трансиллюминация мен диафаноскопия. Көздің оптикалық жүйесі мен рефракциясы. Аметропиялар мен пресбиопияны көзәйнекпен түзету. Көздің қоса алғандалқы аппаратының аурулары. Инфекциялық және аллергиялық кеселдері, блефариттер, халазион, қабақтардың нервілі-бұлшықеттік патологиялары. Блефаропластика. Дакриоадениттер. Дакриоциститтер. Қабақтар мен көз жасы қалатасы флегмонасын тілу. Көз жасы жолдарына сүңгі енгізу мен оларды жуу. «Құрғақ» көз синдромы. Конъюнктивиттер. Конъюнктиваның дистрофиялық аурулары. Птеригиумді емдеу.

МБП 02

Стационардағы офтальмология




Көз шарасының жедел қабыну аурулары. Орбитаның спецификалық емес қабыну аурулары. Эндокриндік офтальмопатия. Қасаң қабық пен ақ қабықтың патологиясы. Кератиттер мен қасаң қабықтың дистрофиялары. Склериттер мен эписклериттер. Көз алмасының ортаңғы қабығының аурулары. Алдыңғы, орталық, артқы, панувеиттер. Олардың асқынулары мен емдері. Көзбұршақ аурулары. Көз бен оның қоса алғандалқы мүшелеінің ісіктері. Қабақтар, конъюнктива, орбита, нұрлы қабық, бүршікті дене, хориоидея және көру нерві ісіктері. Таралуы, жіктелінуі, клиникасы, емдеу тәсілдері. Тор қабықтың қабыну аурулары (ретиниттер). Тор қабықтың қан тамырлары аурулары: тор қабықтың орталық артериясының және оның бұтақтарының кенеттен тығындалуы, орталық венаның және оның бұтақтарының тромбозы. Біріншілік дәрігерлік көмек және замануилық емдеу тәсілдері, асқынулар. Васкулиттер. Диабеттік ретинопатия, патогенезі, жіктелінуі, клиникасы, дәрі-дәрмектік және лазермен емдеу. Гипертензиялық ретинопатия, патогенезі, жіктелінуі, клиникасы. Қарттық (адамның жасына байланысты) макуланың дегенерациясы, жіктелінуі, клиникасы, замануилық деңгейдегі емі. Тор қабықтың сырылуы. Этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы. Шыны тәрізді дене мен тор қабықтың сырылуындағы замануилық хирургияның принциптері. Көру нерві невриттері. Көру нерві дискінің іркілісі. Алдыңғы және артқы ишемиялық нейропатия: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, біріншілік дәрігерлік көмек мен емі. Көру нерві атрофиясы. Дренажды аймақтың анатомиясы мен топографиясы. Көз іші сұйықтығының өнуі мен циркуляциясы. Оптикалық глаукомалық нейропатия. Периметрия. Орталық көру кеңістігі. Кампиметрия. Оптикалық когеренттік томография (ОКТ). Гейдельбертің ретинальдық томографиясы (НRТ). Гониоскопия. Глаукоманың жиілігі. Глаукоманың этиологиясы мен патогенезі. Жіктелінуі. Офтальмогипертензия. Біріншілік ашық бұрышты глаукома: қарапайым, эксфолиативті, пигментті, қалыпты көзіші қысымды глаукома. Біріншілік жабық бұрышты глаукома: қарашықтық блокты (жедел ұстамалы), жазық нұрлы қабықты, витреоқарақтықтық блокты, қысқарған камера бұрышты. Глаукоманың диагностикасы. Глаукоманың консервативті емі. Жедел ұстамалы глаукоманың диагностиксы мен емі. Лазерлік хирургия. Глаукоманың микрохирургиясы. Көзден мүгедектік. Көз зақым-жарақатының жіктелінуі. Аралас және жанамаласқан травма. Клиникасы. диагностикасы. Орбита зақымы, жұмсақ тіндерінің жарақаттануы. Қабақтар мен конъюнктиваның зақым-жарататтары. Қабақтар мен конъюнктива жарататтарына біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізу. Көз алмасының контузиясы. Қасаң қабықтың, нұрлы қабықтың, қарақтың, хориоидеяның, тор қабықтың, көру нервінің зақым-жаракаттары. Көз алмасын тесіп өтпеген және тесіп өткен жарақаттары. Тесіп өткен жарақаттардың абсолюттік және салыстырмалы белгілері. Біріншілік көмек. Жарақаттарды біріншілік хирургиялық өңдеу. Көз ішіне бөгде денелер енген тесіп өткен жарақаттардың клиникалық бейнесі. Көзіші инфекциясы. Симпатикалық офтальмия. Металлоз. Күйіктер: химиялық, термиялық, сәулелік. Сатысына қарай клиникалық бейнесі. Күйіктік ауру. Тексеру. Біріншілік көмек. Емдеу. Көз алмасына энуклеациялау. Анофтальм мен көз алмасының субатрофиясына протез қою. Көру қабілетіне байланысты мүгедектік.

МБП 03

Дәлелді медицина мәселелері




Дәлелді медицинаға кіріспе. Араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылау- зерттеу-(РБЗ). "Алтын стандарт". Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелерді тұжырымдау. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы.Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) Интернетіндегі медициналық дерекқорлар. Жүйелік шолу. Мета-анализ. Дәлелді медицина негізіндегі медициналық ақпараттарды сыни бағалау . Әртүрлі типтегі зерттеулер үшін дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

МБП 03

Офтальмологиядағы оңалту мәселелері




Оңалту түрлері. Медициналық-әлеуметтік оңалту. Офтальмологиядағы оңалту. Функциональды оңалту. Комплаенс. Күрделі көз ауруларынан (глаукома, көру нерві атрофиясы, ісіктер, тор қабық патологиясы, көру мүшесінің зақым-жарақаттары және басқалар) нәтижесінде болған көру функцияларының күрт төмендеуін медициналық-психологиялық оңалту. Зерттелудің әр-түрлі түрлері үшін дәлелдемелі кестелер. Мақалаларды дәлелдемелік кестелермен талдау.

МБП 05

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгортимдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 06

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)




Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және тарауының профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. ИБК ұйымдастыру. АІИ эпидемиологиялық талдау. АІИ қоздырғыштар, антибиотикке төзімділік. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Зарарсыздандыру, оның түрлері және АІИ профилактикасы міндеттері. АИТВ инфекциясы бар науқастарға ауруханалық және емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ тестілеуге дейінгі және кейінгі консультация беру. АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы. АИТВинфекциясының клиникасы, қайталап ауруы. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

6. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (4 апта ) білім беру бағдарламасының мазмұны



Пән коды

Пәндердің атауы мен негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Офтальмологияның (ересектер, балалар) өзекті мәселелері




Көз ауруларын зерттеудің негізгі әдістері. Көз ауруларының фармакотерапиясы. Көз алмасы мен оның қоса алғандалқы мүшелері микрохирургиясының замануилық принциптері. Глаукома және офтальмогипертензия. Катаракта. Тор қабықтың сырылуы. Көз жарақаты. Нейроофтальмология. Тор қабық пен көру нервінің жедел басталған қантамырлық аурулары. Көздің аллергиялық және қабыну аурулары. Көздің іштен туа біткен ауытқулары. Аметропиялар. Гиперметропия. Миопия. Астигматизм. Аккомадацияның түйілуі. Қылилық және амблиопия. Балалар катарактасы. Тор қабықтың және көру нервінің туа біткен және жүре пайда болған аурулары. Балалар глаукомасы: гидрофтальм, инфаньтильді және ювенильді. Көздің туа біткен қатерлі емес және қатерлі ісіктері. Бірінші типті қантты диабет және диабеттік ретинопатия. Шала туылған балалардағы ретинопатия.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар




Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

7. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны(жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндердің атауы мен негізгі бөлімдері

Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар

Көз ауруларының заманауи, инновациялық зерттеу және емдеу әдістері. Глаукома, нейроофтальмологиялық патология, реконструктивті офтальмохирургия, витреоретинальды хирургия сияқты көз ауруларының клиникасы, заманауи диагностикасы мен оңалтусы.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

8. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны(екіншілік санат үшін)



Пәндердің атауы мен негізгі бөлімдері

Күнделікті практикада кездесетін ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері

Халықаралық бағдарламалар мен хаттамаларды қоса алғанда, дәлелді медицина негізіндегі қазіргі көзқарас бойынша балалар ауруларының этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы, саралау диагностикасы, емдеу әдістері, профилактикасы, жедел жәрдем.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:
НП – негізгі пәндер;
МНП – міндетті негізгі пәндер;
БП – бейінді пәндер;
МБП – міндетті бейінді пәндер;
ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;
ҚБ – қорытынды бақылау.
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін
арттыру мен қайта даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
41- қосымша
«Оториноларингология (сурдология,негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасының мазмұны
1. «Оториноларингология (сурдология,негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары



Пән коды

Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі *

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі **

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі ***

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54/1










МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9







Сынақ

МНП 02

Салауатты өмір салтын қалыптастыру міселелері

9







Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

27







Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық ақтау( апаттар медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)

9







Сынақ

БП

Бейінді пәндер

1026/19










МБП

Міндетті компонент

486/9

432/8

432/8




МБП 01

Амбулаториялық-емханалық ересектер оториноларингологиясы

54

216, соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары.




Сынақ

МБП 02

Амбулаториялық-емханалық балалар оториноларингологиясы

54




216, соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары

Сынақ

МБП 03

Стационардағы ересектер оториноларингологиясы

108

216




Сынақ

МБП 04

Стационардағы балалар оториноларингологиясы

108




216

Сынақ

МБП 05

Аудиология және сурдология, соның ішінде балалардың

99







Сынақ

МБП 06

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

18







Сынақ

МБП 07

Дәлелді медицина мәселелері

18







Сынақ

МБП 08

Оториноларингология (сурдология) соның ішінде балалар оториноларинго-логиясындағы оңалту мәселелері

9







Сынақ

МБП 09

Оториноларингология (сурдология) соның ішінде балалар оториноларингологиясындағы Психикалық-эмоциялық көмек мәселелері

9







Сынақ

МБП10

Инфекциялық бақылау АИТВ инфекциясы

9







Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

540/10







Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБП ден)

6

6

Емтихан




Жиыны

1080/20

432/8

432/8




Ескертулер:
* Оториноларингология бойынша қайта даярлау курсынан өтпеген мамандар
** Балалар оториноларингология бойынша қайта даярлау курсынан өткен мамандар
*** Ересектер оториноларингология бойынша қайта даярлау курсынан өткен мамандар
**** Оториноларингология бойынша қайта даярлау курсынан өткен мамандар(сурдологтар үшін)
2. «Оториноларингология (сурдология,негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру циклының үлгілік оқу жоспары



Пән коды

Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (салаутты өмір салтын қалыптастыру,апаттар медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)










9

Сынақ

МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9

Сынақ

БП

Бейінді пәндер

54/1

108/2



162/3



198/3⅔






МБП

Міндетті компонент










90/1⅔




МБП 01

Оториноларингология (сурдология) соның ішінде балалар оториноларинго-логиясындағы өзекті мәселелер










63

Сынақ

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері










18

Сынақ

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар










9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

54/1

108/2



162/3



108/2

Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

2

2

2

6

Емтихан






Жиыны

54/1

108/2



162/3



216/4




3. «Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

Оториноларингология (сурдология) соның ішінде балалар оториноларингологиясындағы инновациялық технологиялар

90*

Сынақ

Ауыр жағдайларда Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету

9

Сынақ

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9

Сынақ

Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2






Ескерту: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаты
4. «Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары(екіншілік санат үшін)



Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

Оториноларингологиялық (сурдологиялық) ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, оның ішінде балалар

90*

Сынақ

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9

Сынақ

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9

Сынақ

Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескерту: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаты
5. «Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлау білім беру бағдарламасының мазмұны



Пән коды

Пәндердің атауы, олардың негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МК

Міндетті компонент

МБП 01

Амбулаториялық-емханалық ересектер оториноларингологиясы

Ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңде көмек көрсетудің жалпы қағидаттары. Заманауиға сай стационар алмастыратын технологиялар. Амбулаториялық хирургия орталығының жұмысын ұйымдастыру. Балалардағы ЛОР-мүшелерінің клиникалық анатомиясы және физиологиясының эмбриологиясы және ерекшеліктері. ЛОР-мүшелерінің физиологиясы және құрылысы. ЛОР-мүшелерін зерттеу әдістері, балаларда ЛОР мүшелерін зерттеу ерекшеліктері. Әскерге шақырушылардағы әскери ЛОР сараптамасы. Кәсіби іріктеу әдістері. Мұрын және мұрын маңындағы қуыс аурулары: жедел және созылмалы риниттер, жедел және созылмалы синуситтер, мұрыннан қан кету. Жұтқыншақ аурулары: ангина, жедел және созылмалы фарингит, созылмалы тонзиллит және оның асқынулары. Таңдай (небных) және жұтқыншақ бадамша безінің гипертрофиясы. Аденоидтар және аденоидиттер. Құлақ аурулары: құлақ тығыны, сыртқы және ортаңғы отит. Бала жастағы экссудативтік ортаңғы отит. Құлақ, тамақ және мұрындағы жарақаттар және бөгде заттар кезіндегі медициналық көмек. Оториноларингологиялық бейіндегі науқастарды диспансерлік динамикалық бақылау

МБП 02

Амбулаториялық-емханалық балалар оториноларингологиясы

Балалардағы ЛОР-органдарының клиникалық анатомиясы және физиологиясының эмбриологиясы және ерекшеліктері. ЛОР-органдарының даму аномалиясы. Балалардағы мұрын және мұрын маңындағы қуыс аурулары: жедел және созылмалы риниттер, жедел және созылмалы синуситтер, мұрыннан қан кету. Лимфоидты жұтқыншақ сақинасының физиологиясы. Жұтқыншақ аурулары: ангина, жедел және созылмалы фарингит, созылмалы тонзиллит және оның асқынулары. Таңдай (небных) және жұтқыншақ бадамша безінің гмпертрофиясы. Құлақ аурулары: құлықтану, сыртқы және ортаңғы отит. Бала жастағы экссудативтік ортаңғы отит. Балалардағы кереңдікті дифференциялық диагностикалау. Нашар еститін балаларды оңалту. Құлақ, тамақ және мұрындағы жарақаттар және бөгде заттар кезіндегі медициналық көмек. Оториноларингологиялық бейіндегі науқас балаларды диспансерлік динамикалық бақылау және санаториялық-курорттық емдеу

МБП 03

Стационардағы ересектер оториноларингологиясы

Сыртқы құлақтың қабыну дерттері: этиология, патогенез, клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері. Ортаңғы құлақтың қабыну дерттері: жедел ортаңғы отит, есту түтігінің жағдайы, антрум және емізікті өсінді жасушалары. Инфекция мен жалпы реактивтіліктің рөлі. Патогенез. Ортаңғы құлаққа инфекцияның түсу жолдары: тубарлы, гематогенді, есту жолы арқылы. Клиника. Қабыну сатылары және олардың орташа ұзақтығы. Клиникалық, функционалды диагностикасы. Емі: ерте емдеу шартары, перфоративті және кері қайту кезеңінде. Дабыл қуысының миринготомиясының, шунттаудың, тимпанотомиясының, дабыл қуысын дренаждау әдістері. Созылмалы іріңді ортаңғы отит. Холестеатомды отит жөнінді түсінік. Этиологиясы, инфекция рөлі, факторлаы мен шарттары. Созылмалы тубоотит. Адгезивті ортаңғы отит. Қабыну дерттері: ішкі құлақ. Лабиринтит. Отосклероз. Меньер дерті. Сенсоневральды кереңділік. Кереңділіктің салыстырмалы диагностикасы. Отогенді және басмиішілік асқынулар. Құлақ жарақаттары. Құлақтың күюі және үсуі. Құлақтың электротравмасы. Құлақтағы бөгде заттар. Мұрын және мұрын маңындағы қуыстарының қабыну дерттері: Сыртқы мұрын аурулары: Мұрын фурункулы, асқынумен жіне асқынусыз. Мұрын қуысының қабынбалы аурулары: мұрыннан қанкету. Қаны тоқтату әдістері. Қан тоқтататын әдістерді жергілікті қолдану. Алдыңғы және артқы тампонада. Мұрын пердесінісінің шырышты қабатын ажырату, әкелуші қантамырларды байлау. Жедел және созылмалы риниттер. Мұрын пердесінің дерттері. Мұрын қуысының қабыну дерттері. Мұрын маңындағы қуыстарының қабыну дерттері. Жедел және созылмалы синуситтер. Мұрын мен мұрын маңы қустарының жарақаттары: сыртқы мұрынның соғылуы, мұрын пердесінің гематомасы. Мұрын сүйектерінің ашық, жабық және қозғалумен , қозғалусыз сынықтары. Мұрын мен мұрын маңы қустарының бөгде заттары. Риногендік көзшаралық және бассүйекішілік асқынулар: іріңді және іріңді емес көзішілік асқынулар. Жұтқыншақтың қабыну аурулары Жедел және созылмалы фарингит. Біріншілік ангиналар – катаральды, лакунарлы, фолликулярлы, жаралы- үлдірлі. Жедел инфекция кезіндегі екіншілік лік бадамша қабынулары– скарлатина, туляремия, дифтерия, брюшной тиф. Қанның қатерлі дерттері кезіндегі екіншілік лік бадамша қабынулары – инфекциялық мононуклеоз, агранулоцитоз, лейкоз, алиментарлы-токсикалық алейкемия. Созылмалы тонзиллит: этиопатогенез, жіктелуі, клиникасы. Хирургиялық емі. Вальдейр-Пироговтың лимфожұтқыншақтық сақинасының гипертрофиясы. Жедел және созылмалы аденоидит. Жұтқыншақтың және мойын кеңістіктерінің іріңді дерттері. Паратонзиллиттік, парафарингеальды, ретрофарингеальды абсцесстер. Хирургиялық емдеу әдістері. Мойын медиастинотомиясы. Жұтқыншақ жарақаттары:Жұтқыншақтың зақымдануы. Химиялық және термиялық жарақаттар.Жұтқыншақтың бөгде заттары. Жұтқыншақтан қан кету. Кеңірдектің қабыну аурулары. Жедел ларингит: этиоологиясы, патогенезі, диагностикасы, клиникасы емі. Созылмалы ларингит: катаральды, гипертрофиялық және атрофиялық нысандары, клиникасы және емі. Кеңірдектің ісінуі мен стеноздары: стенозды консервативті және хирургиялық емдеу әдістері. Кеңірдек флегмонасы – стенозбен және стенозсыз. Кеңірдек жарақаттары: жарақаттық зақымданулардың түрлері, соғылу клиникасы,жаншылу,кеңірдек шеміршегінің сынуы. Кеңірдектің және өңештің күйіктері (химиялық және термиялық). Кеңірдек және өңеш күйіктерінің клиникасы. Кеңірдек брохының бөгде заттары: асқынған және асқынбаған түрлері

МБП 04

Стационардағы балалар оториноларингологиясы

ҚР-да балаларға стационарлық ЛОР көмегін көрсету ерекшеліктері. Балалардағы ЛОР органдарының патологиясын консервативтік және хирургиялық емдеу ерекшеліктері. Жас ерекшеліктерін ескере отырып балалардағы хирургиялық араласулар көрсетімі. Балалардағы ЛОР органдарына хирургиялық араласулар кезіндегі анестезия. Балалардағы сыртқы құлақ дерттері: сыртқы есту жолының фурункулы: асқынумен және асқынусыз. Диффузды сыртқы отит. Сыртқы есту жолының экземасы. Жедел және созылмалы тубоотит. Ортаңғы құлақ аурулары. Жедел ортаңғы отит. Рецидивті ортаңғы отит. Экссудативті ортаңғы отит. Парацентез маңызы. Тимпаносклероз. Отогенді және басмиішілік асқынулар: Отоантрит- антриттер статистикасы, мастоидит, петрозит. Даму механизмі. Инфекция рөлі. Антродренаж, антропункция, антротомия методикасы. Нәрестелік кезеңдегі миксоидты тіннің маңызы. Естуді жақсартатын операциялар Вульштейн бойынша тимпано пластика (5 тип). Мұрын және мұрын маңындағы қуыстардың қабыну дерттері: мұрын фурункулы: асқынған және асқынбаған. Балалардағы мұрыннан қан кету.Балалардағы жедел және созылмалы риниттер. Риногендік, көзшаралық және бассүйекішілік асқынулары:синуситтердің іріңді және іріңді емес нысандары. Балаларда мұрын мен мұрын маңы қуыстарының жарақаттары: сыртқы мұрынның соғылуы, мұрын пердесінің гематомасы. Мұрын пердесінің абсцессі. Мұрын сүйектерінің ашық, жабық және ығысумен , ығысусыз сынықтары. Мұрын мен мұрын маңы қустарының бөгде заттары.Бала жасындағы мұрынның күйіктері және үсуі. Жұтқыншақтың қабыну аурулары: Жедел және созылмалы фарингит. Жедел және созылмалы аденоидит. Балалардағы жедел және созылмалы тонзиллит.балалар жасындағы хирургиялық емдеу тактикасы. Жұтқыншақтың инфекциялық ауруларындағы жұтқыншақтың зақымдануы:дифтерия, скарлатина, қызылша,жаралы-жабынды баспа.Қанның жүйелі ауруларындағы жұтқыншақтың зақымдануы- инфекциялық мононуклеоз, агранулоцитоз, алиментарлы-токсикалық алейкемия.,лейкоз. Жұтқыншақтың және мойын кеңістіктерінің іріңді дерттері. Балалар жасындағы паратонзиллиттік, парафарингеальды, ретрофарингеальды абсцесстер. Хирургиялық емдеу әдістері. мойын медиастинотомиясы. Балалардағы жұтқыншақ жарақаттары. Бөгде заттар және жұтқыншақтың зақымдануы: балалар жасындағы емдеу қағидаттары.Жедел ларингиттер:жедел ларингиттің этиологиялық факторлары,патогенезі,диагностикасы,клиникалық көрінісі және жедел ларингиттің әр түрлі нысандарының емдік іс-шаралары. Созылмалы ларингит: катаральды, гипертрофиялық және атрофиялық нысандары, клиникалық көрінісі және созылмалы ларингиттің нысанына байланысты емдік іс-шаралары. Кеңірдек флегмонасы – стенозбен және стенозсыз. Кеңірдектің стеноздары-жедел респираторлық вирусты инфекциялар, дифтерия, аллергия, әкетуші нервтердің жарақаттары кезіндегі кеңірдектің стеноздары. Интубация,трахеотомия және трахеостомия. Балалардағы жедел стеноздалушы ларинготрахеит. Круп: нағыз және жалған. Салыстырмалы диагностика, емдеу тактикасы. Балалардағы кеңірдек жарақаттары: жарақаттық зақымданулардың түрлері, соғылу клиникасы, жаншылу ,кеңірдек шеміршегінің сынуы. Кеңірдек жарақаттары: түрлері, клиникасы. Кеңірдектің және өңештің күйіктері (химиялық және термиялық). Балалардағы кеңірдек брохының бөгде заттары: асқынған және асқынбаған түрлері

МБП 05

Аудиология және сурдология, соның ішінде балалар сурдологиясы

Есту және вестибулярлы аппарттың клиникалық анатомиясы және физиологиясы. Есту және вестибулярлы аппараттын зерттеу әдістері және сәулелі диагностика. Сыртқы , ортаңғы және ішкі құлақтың қабынулық және қабынулық емес дерттерінің клиникалық симптоматикасы мен аудиологиялық сипаттамасы.Есту жолын протездеу және кохлеарлық имплантациядан кейінгі медициналық оңалтудың негіздері.

МБП 06

Ауыр жағдайларда Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 07

Отолорингологиядағы(сурдология) дәлелді медицина мәселелері,соның ішінде балалар жасындағы

Дәлелді медицинаға кіріспе. Араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылау- зерттеу-(РБЗ). "Алтын стандарт". Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелерді тұжырымдау. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы.Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) Интернетіндегі медициналық дерекқорлар. Жүйелік шолу. Мета-анализ. Дәлелді медицина негізіндегі медициналық ақпараттарды сыни бағалау . Әртүрлі типтегі зерттеулер үшін дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

МБП8

Оториноларингология (сурдология), соның ішінде балалар оториноларингологиясында оңалту мәселелері

Емхана мен стационар шарттарында ЛОР науқастарды оңалтуды ұйымдастыру. ҚР ересектерді және балаларды оңалту мақсаты. Оңалту сатылары (клиникалық, санаторлы және адаптациялық). Баланың қалпына келу кезеңінде дәрігердің қадағалауы. ЛОР науқастарға оңалту санаторилік-курорттық көмекті ұйымдастыру. Оңалтуға қарсы көрсетілімдер.

МБП9

Оториноларингологиялық, соның ішінде балалар практикасындағы Психикалық-эмоциялық көмек мәселелері

«Психикалық-эмоциялық және хосписті көмек» түсінігі анықтамалары. ҚР ересектер және балаларға Психикалық-эмоциялық көмектің пайда болуы және дамуы. ҚР ересектер және балаларға Психикалық-эмоциялық көмектің ұйымдастырылуы. Өмірге қауіпті және ерте өлімге әкелетін жағдайлардың жіктелуі. Пәнаралық жұмыс қағидаттары. Жоғары тыныс алу жолдарының және құлақтың ісіктері: жалпы онкология негіздері. ЛОР мүшелерінің ісік алды жағдайлары. ЛОР мүшелерінің қатерлі және қатерсіз аурулары. Мойынның мүшеден тыс ісіктері.
Жоғары тыныс алу жолдарының және құлақтың спецификалық қабыну аурулары– туберкулез, сифилис, склерома, Вегенер ауруы, гистизиоцитох – Х.

МБП10

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)

Денсаулық сақтау объектілерінде инфекциялық аурулардың пайда болуына және дамуына бағытталған ұйымдастыру, профлактикалық және эпидемияға қарсы негізгі принциптер . КИК ұйымдастыру. АІИ эпидемиологиялыұ анализі. АІИ қоздырғыштары, антибиотикорезистенттілік. Инфекциялық қадағалаудың микробиологиялық қамтамасыз етілуі. Дезинфекция, оның түрлері және АІИ профилактикасының міндеттері. АИТВ инфекциясы бар науқастарға ауруханалық және емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ тестілеуге дейінгі және кейінгі консультация беру. АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы. АИТВинфекциясының клиникасы, қайталап ауруы. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

ТБП

Таңдауы бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

6. «Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттырудың білім беру бағдарламасының мазмұны



Пән коды

Пәндердің атаулары, негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Оториноларингологияның(сурдология) өзекті мәселелері,соның ішінде балалар жасындағы




Оториноларингологиядағы (сурдология) өзекті мәселелер, оның ішінде балалар жасындағы: этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы мен сараланған диагностикасы, емдеу әдістері, профилактикасы, дәлелді медицина негізінде, халықаралық бағдарламалар мен хаттамаларды қоса алғанда отырып, ЛОР мүшелері ауруларының профилактикасы. Ауруханаға жатқызуға дейінгі және ауруханаға жатқызу кезеңдерінде әртүрлі жастағы балаларға жоғары мамандандырылған оториноларингологиялық көмек көрсету ерекшеліктері.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар




Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

7. «Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

Оториноларингология (сурдология), соның ішінде балалар оториноларингологиясындағы инновациялық технологиялар

Диагностикадағы инновациялық технологиялар, ЛОР мүшелердегі әртүрлі патологияларды емдеу, профилактикасы және дәлелді медицина қағидаттарына негіздеп оларды оңалту. Емдеуге жатқызуға дейінгі және одан кейінгі жағдайда балаларға жоғары маманданған оториноларингологиялық көмек көрсетудің ерекшеліктері.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

8. «Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны (екіншілік санат үшін)



Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

Оториноларингологиялық (сурдологиялық) ауруларды заманауи диагностикалау мен емдеу, соның ішінде балалар жасындағы

Біріншілік медициналық-санитарлық көмек деңгейінде маманданған оториноларингологиялық көмек көрсету қағидаттары: этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы мен сараланған диагностикасы, емдеу әдістері, профилактикасы, дәлелді медицина негізінде, халықаралық бағдарламалар мен МСАК деңгейінде хаттамаларды қоса алғанда отырып, ЛОР мүшелері ауруларына заманауи көзқараста шұғыл көмек көрсету. Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде әртүрлі жастағы балаларға жоғары мамандандырылған оториноларингологиялық көмек көрсету ерекшеліктері.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:
НП – негізгі пәндер;
МНП – міндетті негізгі пәндер;
БП – бейінді пәндер;
МБП – міндетті бейінді пәндер;
ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;
ҚБ – қорытынды бақылау.
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін
арттыру мен қайта даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
42 - қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет