Бағдарламасына 2-қосымша «Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология)»


«Патологиялық анатомия(цитопатология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасының мазмұны



бет34/52
Дата08.06.2023
өлшемі0,98 Mb.
#99861
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52
«Патологиялық анатомия(цитопатология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасының мазмұны
1. «Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары



Пән коды

Пәндердің атауы



Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі*

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі **

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі ***

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54 /1










МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9







Сынақ

МНП 02

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9







Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

27







Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау(апаттар медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)

9







Сынақ

БП

Бейінді пәндер

810/15










МБП

Міндетті компонент

432/8

432/8

432/8




ПДО 01

Патологиялық анатомия -1.
Жалпы патологиялық анатомия

162




162,соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары

Сынақ

ПДО 02

Патологиялық анатомия -1. Ұрық пен баланың жалпы патологиялық анатомиясы




162,соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары







ПДО 03

Патологиялық анатомия -2. Дербес патологиялық анатомия

108




108

Сынақ

ПДО 04

Патологиялық анатомия -2. Ұрық пен баланың дербес патологиялық анатомиясы




108







ПДО 05

Онкоморфология

108




108

Сынақ

ПДО 06

Балалар онкоморфологиясы

9

108







ПДО 07

Мамандық бейіні бойынша дәлелді медицина мәселелері

18



18

18

Сынақ

ПДО 08

Клиникалық патоморфология

18

18

18

Сынақ

ПДО 09

АИТВ инфекциясының сатысына байланысты ішкі ағзалар патоморфологиясының ерекшеліктері,асқынулары,өлім себептері

9

9

9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

378/7







Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБПден)

6

6

Емтихан




Жиыны

864/16

432/8

432/8




Ескерту:
* Патологиялық анатомия бойынша қайта даярлаудан өтпеген мамандар үшін.
**Ересектер патологиялық анатомиясы бойынша қайта даярлаудан өткен мамандар үшін.
*** Балалар патологиялық анатомиясы бойынша қайта даярлаудан өткен мамандар үшін
2. «Патологиялық анатомия(цитопатология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру циклының үлгілік оқу жоспары



Пән коды

Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау (салауатты өмір салтын қалыптастыру,апаттар медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)










9




МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9




БП

Бейінді пәндер

54/1

108/2

162/3

198/3⅔




МБП

Міндетті компонент










90/1⅔




МБП 01

Патологиялық анатомияның өзекті мәселелері










63

Сынақ

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері










18

Сынақ

МБП 03

Адам иммунтапшылық вирусы: этиологиясы, патогенезі, АИТВ кезіндегі ішкі ағзалар патоморфологиясы










9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

54/1

108/2

162/3

108/2

Сынақ

ҚА

Қорытынды бақылау

2(ТБП ден)

2(ТБП ден)

2(ТБП ден)

6(ТБП ден)

Сынақ




Жиыны

54/1

108/2

162/3

216/4




3. «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

Патологиялық анатомиядағы инновациялық технологиялар және өзекті мәселелер

90*




Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9




Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескерту: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаттары

4. «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары(екіншілік санат үшін)





Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

Патологиялық анатомияның өзекті мәселелері. Патологиялық анатомиядағы гистологиялық техника және заманауи гистологиялық зерттеу әдістерінің негіздері

90*




Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9




Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны

108/2




Ескерту: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаттары
5. «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны



Пән коды

Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МК

Міндетті компонент

МБП 01

Патологиялық анатомия – 1. Жалпы патологиялық анатомия




Халық денсаулығы туралы Қазақстан Республикасының заңдары, патологоанатомиялық қызмет жұмысын реттейтін нұсқау құжаттары мен нормативтік құқықтық актілер. ҚР патологиялық анатомия мәселелерін шешу үшін ұйымдастырушылық мүмкіндіктері. Патологиялық анатомия пәні, міндеті және әдістері.Патологиялық анатомиялық диагноз құрылымы, түрлері және функциялары. Патологиялық анатомиялық ашу хаттамасы, жалпы техникалық қабылдаулар және ресімдеудің негізгі қағидаттары. Бактериологиялық және вирустық зерттеуге секциялық материалдардың алынуы. Танатогенез, этиология, патогенез, морфогенез, өлім себебінің түсінігі. Клиникалық-анатомиялық эпикризді ресімдеудің қағидаттары. АХЖ 10-шы қайта қарау талаптарына сәйкес өлім туралы дәрігерлік куәлікті толтыру және патологоанатомиялық диагнозды ресімдеу қағидаттары. Ресімдеу ережелері және шұғыл хабарлау. Операциялық және биопсиялық материалды зерттеудің морфологиялық әдістері мен қағидаттары. Экспресс-биопсия – материалды өңдеу мен бекіту ерекшеліктері. Патологиялық анатомия және зақымдану түрлері: альтерация, апоптоз, некроз, дистрофия. Дистрофия, дистрофия түрлері, жіктелуі, морфогенез. Қан айналымының бұзылулары: қантолым, іркіліс, қан кету, тромбоз, эмболия, инфаркт, тромбоэмболикалық синдром. ДТҚ-синдромы (ДВС-синдром). Жедел және созылмалы жүрек функциясы жеткіліксіздігінің морфологиясы. Шок, түрлері. Қабыну: альтеративті, экссудативті, өнімді. Гранулематоздық ауру туралы ұғым. Спецификалық және спецификалық емес гранулемалардың морфологиялық түрлері. Иммунды және иммунды емес гранулемалар туралы ұғым. Иммунопатологиялық процестер. Иммунды тапшылық синдромының морфологиялық негіздері. Компенсаторлық-бейімделген процестер. Регенерация түрлері. Гипертрофия, гиперплазия, атрофия, ұйымдастыру, инкапсуляция, жарақаттың жазылу морфологиясы. Регенераторлық процестің морфологиялық көрінісі. Дисплазия және метаплазия туралы түсінік.

МБП 02

Патологиялық анатомия – 1. Ұрық пен баланың жалпы патологиялық анатомиясы




Балалар патологиялық қызметінің құрылымы. Ана, ұрық, нәресте және бала патологиясындағы патологоанатомиялық диагноздың құрылымы және құрылу ерекшеліктері. Ұрық, нәресте, бала патологиялық ашу хаттамаларын ресімдеу қағидаттары. Танатогенез. Клиникалық-анатомиялық эпикризді ресімдеудің қағидаттары. Пре- және перенаталды кезеңдегі және балалар жасындағы жалпы патологиялық үрдістер заңдылықтары. Патологиялық анатомия және зақымдану түрлері: дистрофия, некроз, апоптоз, балалар жасындағы ерекшеліктер. Қан айналымының бұзылулары: қантолым, іркіліс, қан кету, тромбоз, эмболия, инфаркт, тромбоэмболикалық синдром. Геморрагиялық синдром. ДТҚ-синдромы (ДВС-синдром). Шок, түрлері. Қабыну: альтеративті, экссудативті, продуктивті және иммунды қабыну. Иммунды және иммунды емес гранулемалар туралы ұғым. Балалар жасындағы иммун тапшылығы синдромының морфологиялық негіздері. Гиперэргиялық жағдайдың патоморфологиясы (аллергия, аутоиммунды жағдай). Әртүрлі жастағы балалардың компенсациялық және бейімділік үрдістердің морфологиялық көріністері.

МБП 03

Патологиялық анатомия – 2. Жеке патологиялық анатомия




Аурулар туралы ұғым. Этиология, патогенез, морфогенез, танатогенез түсінігі. Нозология. Ауруларды жіктеу қағидаттары. МКБ 10-шы қайта қарау ережесінің негіздері. Атеросклероз: патогенез, морфогенез, ағзалық көріністері, асқыну, нәтиже, өлім себебі. Қолқа, бүйрек артериясы және аяқ артериясының атеросклерозы. Гипертензиялық аурулар: патогенез, морфогенез, ағзалық көрінуі, патологиялық анатомия, қабыну, нәтиже, өлім себебі. Клиника-анатомиялық формалар (жүрек, бүйрек, ми). Жүректің ишемиялық ауруы: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқыну, нәтиже, өлім себебі. Миокардтың ишемиялық дистрофиясы, миокард инфаркты, кардиосклероз. Кардиомиопатияның жіктелуі мен морфологиясы. Жүрек дамуының туа біткен және жүре айда болған ақаулары. Дәнекер тінінің жүйелік дезорганизация аурулары: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқынуы, нәтиже, өлім себебі. Ревматизм, клиника-морфологиялық түрлері. Жүйелі қызыл жегі. Либман-Сакс эндокардиті. Жегілік нефрит, асқынуы мен нәтижесі. Ревматоидтік артрит – жеке кезеңінің патологиялық анатомиясы. Склеродермия және түйіндік периартерииттің патологиялық анатомиясы. Тыныс алу мүшелерінің патологиялық анатомиясы: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқынуы, нәтижесі, өлім себебі. Бронх дренаж функциясы және бронхтық өткізігіштің бұзылу морфологиясы. Жедел және созылмалы бронхит. Бронхопневмония. Крупозды пневмония. Бронхоэктатикалық ауру. Өкпе ісігі, пневмосклероз және өкпе эмфиземасы. Бронх демікпесінің патогенезі. Жіктелу қағидаттары және пневмокониоз патоморфологиясы. Асқазан-ішек жолдары аурулары: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, қабыну, нәтиже, өлім себебі. Гастриттер, қағидаттары мен жіктелуі, клиника-морфологиялық нысандары. Асқазан және ұлтабардың ойық жарасы. Энтериттер. Бейспецификалы ойық жаралы колит. Крон аурыу. Аппендицит. Бауыр аурулары: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, қабыну, нәтиже, өлім себебі. Гепатоздар. Бауырдың улы дистрофиясы. Гепатиттер: вирустық және алкогольді гепатиттің патологиялық анатомиясы. Бауыр циррозы, жіктеу қағидаттары. Холецистит: жедел, созылмалы, тасты. Панкреатит: жедел, созылмалы. Қант диабеті: диабеттік макро- және микроангиопатия. Бүйрек аурулары: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқыну, нәтиже, өлім себебі. Гломерулонефрит. Нефротикалық синдромның морфологиясы мен жіктелуі. Бүйректің амилоидозы. Тубулопатия: жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы тубулопатия. Пиелонефрит. Несептасты аурулардың патологиялық анатомиясы. Нефросклероз. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі морфологиясы. Жыныс ағзалары мен сүт бездері ауруларының патологиялық анатомиясы. Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі патология. Эклампсия морфологиясы, жатырдан тыс жүктілік, ұрықтың көпіршік тығыны, өздігінен түскен түсік, плаценталық полип, эндометрит. Плацента патологиясы. Жедел және созылмалы плаценталық жеткіліксіздіктің морфологиялық көрінісі. Инфекциялық процестің жалпы морфологиялық сипаты. Сепсистің клиника-морфологиялық нысандары. Вирустық инфекциялар: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқыну, нәтиже, өлім себебі. Қызылша, тұмау, парагрипп, полиомиелит. Риккетсиоздар. Бактериялық инфекциялар: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқынуы, нәтиже, өлім себебі. Сальмонеллездер. Дизентерия. Скарлатина. Дифтерия. Менингококтық инфекция. Іш сүзегі. Туберкулез: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқынуы, нәтиже, өлім себебі, бірінші, гематогендік, екіншілік реттік. Мерез: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқыну, нәтиже, өлім себебі. Ілкі, салдарлық, үшінші реттік мерез. Қайталамалы сүзек. Бруцеллез: клиника-анатомиялық нысандары, патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, қабыну, нәтиже, өлім себебі. Микоздың патологиялық анатомиясы (актиномикоз, кандидоз, аспергиллез). Қарапайым инфекциялармен (малярия, амебиаз, токсоплазмоз, пневмоцистоз) шақырылған патологиялық анатомия. Ішекқұрт инвазиясының (эхинококкоз, трихинеллез) патологиялық анатомиясы. Аса қауіпті инфекциялар: тырысқақ, оба, сібір жарасы, туляремия, нағыз шешек. Патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқыну, нәтиже, өлім себебі.

МБП 04

Патологиялық анатомия – 2. Ұрық пен баланың дербес патологиялық анатомиясы




Пренаталды және перинаталды кезеңдегі (инфекциялық және инфекциялық емес) патология. Шала туылғандық. Уақытынан ұзақ жүктілік. Жатырішілік дамудың тоқтауы. Құрсақ ішілік дамудың кідіоуі. «Өлі туылу» туралы түсінік. Ұрық және нәрестенің тұншығуы. Тыныстық бұзылулар синдромы: ателектаздар, өкпеге қан кету, гиалинді мембраналар, ісікті-геморрагиялық синдром. Босану кезіндегі жарақат. Нәрестелердің гемолиздік аурулары. Жатырішілік инфекциялар. Нәрестенің кенеттен өлу синдромы. Дамудың туа біткен ақаулары. Жүректің және ірі тамырлардың ТБА: Қарыншааралық перде ақаулары. Ашық артериялық түтік. Магистралды артерия транспозициясы. Жүрекшеаралық перде ақаулары. Фалло ақаулары. Қолқа коарктациясы. Асқазан-ішек жолдары ТБА: Өңеш атрезиясы. Гиршпрунг ауруы. Өт жолдары ТБА. Бронх-өкпе жүйесі ТБА. Несеп шығару жүйесі және бүйрек ТБА. Бүйрекүсті безі қыртысының туа біткен гиперплазиясы. Тимомегалия. Жыныстық жетілудің бұзылуы. Ревматизм: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқынуы, нәтиже, өлім себебі. Неонатальдық қызыл жегі. Ревматоидтық артрит Склеродермия. Патологиялық анатомия және балалар жасындағы ерекшеліктер. Тыныс алу мүшелерінің патологиялық анатомиясы: патогенез, морфогенез, патологиялық анатомия, асқынуы, нәтиже, өлім себебі. Жедел бронхиттер. Жедел және интерстициальды пневмония. Өкпенің созылмалы обструктивті аурлары: патологиялық анатомия, жіктелуі, асқынуы және нәтижесі. Бронхоэктаздық аурулар: патологиялық анатомия, жіктелуі, асқынуы және нәтижесі. Қант диабеті: диабеттік макро- және микроангиопатия. Диабеттік кома: патологиялық анатомиясы, асқынуы, нәтижесі. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі морфологиясы. Балалардағы тубулоинтерстициалды нефриттер. Жедел және созылмалы пиелонефрит: патологиялық анатомиясы, асқынуы, нәтижесі. Гломерулонефрит: патологиялық анатомиясы, жіктелуі, асқынуы, нәтижесі Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі. Нефросклероз: патологиялық анатомиясы, асқынуы, нәтижесі. Бүйрек және несеп шығару жолдары дамуының туа біткен ақаулары.
Жедел және созылмалы эзофагиттер патологиялық анатомиясы, асқынуы, нәтижесі. Жедел және созылмалы гастриттер: патологиялық анатомиясы, жіктелуі, асқынуы, нәтижесі. Балалардағы жедел және созылмалы гепатоздар. Гепатоздар, гепатиттер: патологиялық анатомиясы, асқынуы, нәтижесі Гепатореналды синдром. Балалар жасындағы инфекциялық процестердің даму заңдылықтары. Жатырішілік инфекциялар. Респираторлық вирустық инфекциялар. Респираторлық бактериялық инфекциялар. Бактериялық ішек инфекциялары. Жіктелуі, патологиялық анатомия, асқынуы, нәтижесі. Сепсис: патологиялық анатомиясы, жіктелуі, асқынуы, нәтижесі. АИТВ инфекциясының клиника-морфологиялық көрінуі. Туберкулез, клиника-морфологиялық жіктелуі, патологиялық анатомия. Біріншілік туберкулез - патологиялық анатомиясы, жіктелуі, асқынуы, нәтижесі, өлім себебі. Туа біткен мерездің морфологиялық көрінуі және клиника-морфологиялық нысандары. Жатырдан тыс жүктілік және жүктілікті үзу: патологиялық анатомиясы, жіктелуі, асқынуы, нәтижесі. Жедел және созылмалы плаценталық жеткіліксіздіктің патологиялық анатомиясы. «Ана өлімі» түсінігі. Ана өлімі жағдайында клиника-анатомиялық талдауларды жүргізу ережесі. Емқателік патологиясы. Жіктелуі. Реанимация және қарқынды терапия патологиясы: диагноз құрылымы.

МБП 05

Онкоморфология




Ісік өсуінің заманауи теориясы, ісіктердің гистогенетикалық жіктелуі. Гистологиялық номенклатура және ісіктердің жіктелуі. Дисплазия, обыр алды, «орныққан обыр» (carcinoma in situ) туралы ұғымдар. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің клиника-морфологиялық белгілері. Метастаз, түрлері және метастаздану жолдары. Ісіктерді морфологиялық диагностикалау әдістері. Экспресс-биопсия, түрлері. Қан жүйесі ісіктері. Қан өндіру және лимфоидты тін ауруларын жіктеу қағидаттары. Жедел және созылмалы лейкоздар, ерекшеліктері мен жіктеу қағидаттары, патологиялық анатомия. Лимфомалар: лимфогранулематоз, ходжкиндік және ходжкиндік емес лимфомалар. Клиника-морфологиялық жіктелуі және патологиялық анатомия ерекшеліктері. Өкпе, өңеш, асқазан, ішек және құрт тәрізді өсінді, бауыр және өт қалтасының қатерсіз және қатерлі ісіктерінің жіктелуі, клиника-морфологиялық нысандары, патологиялық анатомиясы. Бүйрек ісіктерінің патологиялық анатомиясы. Жыныс ағзалары мен сүт безі дисгормонды ауруларының патологиялық анатомиясы, қуықасты безі гиперплазиясы, бездік гиперплазия эндометриясы. Жатыр мойны дисплазиясы морфологиясы. Эндокринді без ісіктерінің патологиялық анатомиясы: гипофиз, бүйрекүсті безі, қалқанша безі.
Мезенхиманың туынды ісіктерінің (жұмсақ тін), меланин түзетін тіндер, нейроэктодермальді және менинготамырлы ісіктердің және вегетативтік нерв жүйесінің жіктелуі, клиника-морфологиялық ерекшеліктері.

МБП 06

Балалар онкоморфологиясы




Ісік өсуінің заманауи теориясы, ісіктердің гистогенетикалық жіктелуі. Гистологиялық номенклатура және ісіктердің жіктелуі. Балалар жасындағы ісіктердің ерекшеліктері. Дизонтогенетикалық ісіктер. Тератомдар мен тератобластомалар. Камбиальді эмбриондық тіндерден болатын ісіктер. Ересектердегі ісіктердің типті бойынша дамитын балалар ісіктері. Вильмс ісігі: патологиялық анатомиясы, жіктелуі, асқынуы, нәтижесі. Қан өндіру және лимфоидты тін ауруларын заманауи жіктелуі, патологиялық анатомиясы, нәтижесі Жедел және созылмалы ақ қан ауруының клиника-морфологиялық нысандары. Жұмсақ тін ісіктерінің морфологиясы.

МБП 07

Маман бейіні бойынша дәлелді медицина мәселелері




Дәлелді медицинаға кіріспе. Араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылау- зерттеу-(РБЗ). "Алтын стандарт". Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелерді тұжырымдау. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы.Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) Интернетіндегі медициналық дерекқорлар. Жүйелік шолу. Мета-анализ. Дәлелді медицина негізіндегі медициналық ақпараттарды сыни бағалау . Әртүрлі типтегі зерттеулер үшін дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

МБП 08

Клиникалық патоморфология




Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздарды салыстыру, санаттарын анықтау және диагноздарда айырмашылықтардың болу себептері. Клиника-анатомиялық конференцияның міндеттері мен қызметі, өлімді зерделеу комиссиясы (бұдан әрі ӨЖЗК) және дәрігерлік-бақылау комиссиясы(бұдан әрі ДБК). Клиникалық диагностиканың сапасын бағалау критерийлері. Терапиия және жан сақтау шаралары патологиясы. Ятрогендік патология, түрлері. Ятрогендік патологияның категориялары.

МБП 09

АИТВ инфекциясының сатысына байланысты ішкі ағзалар патоморфологиясының ерекшеліктері, асқынулары, өлім себептері




АИТВ инфекциясы. Адам иммунтапшылығы вирусының қасиеттері жіне түрлері. Жұқтыру көздері. Берілу жолдары: жыныстық, парентеральды,т ранспланцентарлы. Қауіп топтары:гомосексуалисттер,нашақорлар,(нашаны тамырішілік енгізгенде),гемофилиямен ауыратындар,қан реципиенттері,АИТВ инфекциясымен ауыратын науқастардың, вирус тасымалдаушылар және қауіп тобына кіретін адамдардың,олардың ата-аналарының,балаларының гетеросексуалды жұптары.АИТВ инфекциясының патогенезі, АИТВ инфекциясы кезіндегі гуморальді иммунитеттің бұзылуы. АИТВ инфекциясының морфогенезі(сатылары): инкубациялық кезең,персистерлеуші жайылған лимфаденопатия, ЖИТС алды(ЖИТС-ассоцирленген жиынтық,ЖИТС-тің өзі). АИТВ инфекциясының патологиялық анатомиясы: АИТВ-энцефаломиелит,лимфоидты тіннің жетіспеушілігімен ауысатын лимфа түйіндерінің фолликулярлы гиперплазиясы;оппортуисттік инфекциялар (пневмоцисттер, токсоплазмоздар, кандидоз, криптококк, цитомегаловирусгерпес, легионеллалар, сальмонеллалар, туберкулез), қатерлі ісіктер (Капоши саркомасы, қатерлі лимфомалар, сонымен қатар Беркит). АИТВ инфекциясының клиникалық варианттары: өкпелік,орталық нерв жүйесінің зақымдалу синдромы,асқазан-ішектік,себебі анықталмаған қызба. Асқынулары және өлім себептері.Балалардағы АИТВ инфекциясының ерекшеліктері.Иммуногенез ағзаларының жүйелі зақымдалуы.Тимус,көкбауыр және лимфа түйіндерінің лимфоидты жетіспеушілігі. Оппортуисттік инфекциялардың манифесттік түрлері(вирусты-бактериалды жіне саңырауқұлақты пневмониялар,лимфоидты-гематогенді жайылумен туберкулезді процесстің үдеуі,сепсистің дамуы).АИТВ инфекциясы кезінде плацентаның морфологиялық өзгерістері: плацента қанайналымының жедел және созылмалы бұзылуы,плацентит.АИТВ инфекциясының клиникалық-лабораториялық диагностикасы.АИТВ инфекциясы және ЖИТС кезінде диагнозды тұжырымдау қағидалары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

6. «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (4 апта) білім беру бағдарламасының мазмұны



Пән коды

Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Патологиялық анатомиядағы өзекті мәселелер




Этиология, патогенез, морфогенез және инновациялық морфологиялық әдістер, верификацияланған соматикалық және хирургиялық патологиялар туралы заманауиғы мәліметтер. Дәлелді медицина қағидаттарын пайдалану. Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздарды құру қағидаттары. Диагноздарды айырмашылық болу санаттары мен себептері. Клиникалық диагностика сапасын бағалау. Реанимация және қарқынды терапия қабынуларының морфологиялық диагностикасы.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Адам иммунтапшылық вирусы: АИТВ инфекциясы кезінде ішкі ағзалар патоморфологиясы,этиологиясы,патогенезі.




АИТВ инфекциясының патологиялық анатомиясы,асқынулары,өлім себептері .Клиникалық-морфологиялық диагностиканың қағидалары. Инфекциялық аурулар кезінде ашу және материал жинау ерекшеліктері. Перинатальды кезеңде АИТВ инфекциясының ерекшеліктері, жұғу жолдары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау

7. «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)



Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

Патологиялық анатомиядағы инновациялық технологиялар мен өзекті мәселелер

Ауру патологиялық процесс ретінде. Нозология. МКБ 10-шы қайта қарауға сәйкес ауруларды жіктеу қағидаттары. Аурулар патоморфозы. Соматикалық және хирургиялық патология верификациясының заманауи морфологиялық әдістері. Онкоморфологиядағы морфологиялық верификацияның заманауи әдістері. Зерттеудің цитологиялық, гистологиялық және басқа да морфологиялық әдістеріндегі инновациялық технологиялар. Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздарды құру қағидаттары. Ятрогения патологиясы, түрлері, санаттары. Клиникалық диагностика сапасын бағалау.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

8. «Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны (екіншілік санат үшін)



Пәндер атауы, негізгі бөлімдері

Патологиялық анатомияның өзекті мәселелері.

Патологиялық анатомиядағы гистологиялық техника және заманауи гистологиялық зерттеу әдістерінің негіздері. Онкоморфологиядағы патологиялық анатомияның өзекті мәселелері,соматикалық аурулардың,хирургиялық патология,бала аурулары, обыр және обыралды үрдістердің морфологиялық диагностикасы.Патологиялық анатомиядағы заманауи гистологиялық зерттеу әдістері және гистологиялық техиканың негіздері

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:
НП – негізгі пәндер;
МНП – міндетті негізгі пәндер;
БП – бейінді пәндер;
МБП – міндетті бейінді пәндер;
ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;
ҚБ – қорытынды бақылау.
Медицина және фармацевтика
кадрларының біліктілігін
арттыру мен қайта даярлаудың
үлгілік бағдарламасына
43-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет