Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет118/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш


Атасы он жасар ұл баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:

  • Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?

  • Көремін, өрмек тоқып жүр.

  • Анау құмырсқаны көремісің?

  • Көремін, ауызында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.

  • Жоғары қара, аспанда не көрінеді?

  • Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесек тістеген шөбі бар.Сонда атасы айтты:

  • Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған әбірет.Өрмекші маса, шыбынға ұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етуге.Құмырсқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан, үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жыйып жүр. Жұмыссызжүрген бір жан жоқ. Сені де құдай тағала босқа жүруге жаратпаған, жұмыс жұмыстауға әдеттенуге керек,- деді.

Ы.Алтынсарин


Құмырсқаның илеуін бұзба!


Айра-жайра қылып, құмырсқаның илеуін бұзып тастаса, оның балалары, кішкентай құмырсқалар, күнге күйіп, жаңбырдың суына ағып бәрі бірдей мерт болып қалмай ма?! Ал, құмырсқалар кішкентай болғанына қарамастан ұйымшыл келеді және ұйымдасып, жабыла жұмыс істейтін еңбекқор жәндік. Олар шыбын-шіркейдің өліктерін, басқа да зиянды заттарды жеп, қоршаған ортаны тазартып, табиғатқа көп пайдакелтіреді. Сондай-ақ орманда жүріп адасып кеткен болсаңыз, құмырсқаның илеуіне қарап, бағыт-бағдарды анықтап алуға болатын көрінеді. Өйткені құмысқалар өз илеуін тек солтүстікке қаратып салады екен. Сондықтан олардың илеуін бұзбаған, баспаған дұрыс. Қайта оларды қорғау сауап болады.
Спандияр Ақаев



еді.

Торғай мен көбелек


Балабақша ауласында қызыл, сары, ақ гүлдер өскен әп-әдемі гүлзар бар

Сонда бір теңбіл қанат ақ көбелек гүлден-гүлге қонып, шырын сорып



жүрген.
Оны бір қу торғай көре қалды да, ұстап жегісі келіп, қуа жөнелді. Көбелек гүлзар үстінде жоғары-төмен, оңға-солға бұлтарып қаша берді,
қаша берді.
Торғай да қыр соңынан қалмай, қанаты пыр-пырлап қуа берді, қуа берді. Жанталасқан көбелек бір гүлге барып қорғалып еді, қу торғай оны қақшып кете жаздады. Одан тағы да қайта ұшып, әрлі-берлі бұлтақтай қашып
жөнелді.
Біреуі аз болғандай, енді оған екінші торғай келіп шүйілді. Екеуі пыр-пыр етіп таласа кеп қуды. Бір торғайдың қанаты қағып, біреуінің тұмсығы да тиіп өтті.
Міне, осы қиын сәтте ақ көбелек сонда жүрген бір кішкентай қыздың

көйлегіндегі гүлге барып қона қалды.
Содан мысы құрыған екі торгай енді оған жуый алмай, жай-жайына кетісті.
Ақ көбелек болса қайтадан гүлзарға барып, гүлден-гүлге қонып,тағы да шырын сора бастады.
Т. Жексенбай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет