Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет119/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Алғашқы көмек


(әңгіме)
- Үйде ата-аналарыңа көмектесетін болыңдар, - деді тәрбиеші апай балаларға. Тәрбиешінің бұл сөзін кішкентай Ұлтай eciнe мықтап сақтап қалады. Ол балалар бақшасынан үйге келсе, әкeci жұмыстан оралған екен.

  • Әке, шай қайнатып берейін бе? - деді Ұлтай.

  • Жоқ, шырағым! Әлі кішкентайсың ғой, - деді әкесі.

Ол сары самауырынды алып, далаға шықты.Ұлтай үндемей үйде қала берді. Бip уакытта ол суланған шүберекті алды. Шай ішетін үстелдің үстін cүpттi. Кеселерді тазалай бастады. Әкесі үйге кіріп келіп, қызының iciн көрді.

  • Көп жаса, қызым! Азамат болып қалыпсың ғой өзің, - деп сүйсіне күлімсіреді.

Ж. Бұғыбаев

Шие тергенде


Әмина әже немерелері Жанат пен Қанатты ертіп, шие теруге орманға кeлдi. Көп ұзамай-ақ бітік шиеге кезікті. Жанат терген шиесін қолындағы ыдысқа жинай берді. Қанат шиені тойғанша теріп жеп, сонан соң өз бетімен ойнап кетті.
Таза ауада әpi жақсы демалып, әpi шиеге тойып, балалар үйлеріне көңілді оралды.
Жанат жинаған шиесін атасына бepin жатып:

  • Ата, мына шиені әдейі сіз жесін деп орманнан теріп әкелдім,- деді.

Көп жаса, Жанатжан! - деді атасы бip шиені аузына салып. Өскенде сен мені асырайды екенсің.

  • Өзің де же, Жанат,- деді ол бip кезде.

  • Ата, бiз шиені орманда тойғанша жедік.

  • «Ас иесімен тәтті» дейді. Сен көмектеспесең, жалғыз өзім тауыса алатын емеспін.

Жанат шиені алып, бір-бірлеп аузына салды.
Қанатжан, сен неге отырмайсың? - деді атасы босаға жақта тұрып қалған Қанатты көріп, - Жанаттың шиесінен же. Қатты ұялған Қанат көзі жасаурап, үйден шығып кетеді.


Mәдіхaт Төрежанов

Құмырсқа мен көгершін


Бip күнi құмырсқа шөлдеп, су iшугe өзенге түcтi. Оны толқын соғып, суға кетіп қала жаздады. Сол мезгілде аузында тістеген бұтағы бар бip көгepшін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көріп, бұтағын оның үстіне тастай берді. Құмырсқа бұтаққа жармасып, толқынмен судың шетіне шығып, ажалдан құтылды.
Тағы бip күні манағы көгершін өзеннің жағасына қонып, бip аңшыныңқұс аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теpiп жей бастады. Аңшы ауды басып қалып, көгершінді ұстап алуға даярланып тұрғанын құмырсқа көріп, өрмелеп келіп оның аяғын шағып алды. Аңшы ауды қоя бергенде, көгершін көтеріліп ұшып кетті.
Жақсылыққа – жақсылық деген осы!
Спандияр Көбеев




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет