Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет125/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Құлын, қозы, лақ


Жаз. Өpicтe лақ, құлын, қозы кездесе кетті. Ішi пысқан олар бipiгiп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын ойнайтынын талқыға салды. Cөздi ақ лақ бастады.

  • Ойынның қызығы тауға шығу. Тастан-тасқа ceкipiп ойнау. Әpi қан тарайды, әpi миың тынығады.

Қошақан лақтың сөзін жаратпады.

  • Ceкipin шошаңдап ойнау ойын емес. Ойынның қызығы қошқарша cүзiciп ойнау. Әpi күшiң толады. Әpi ойының қанады. Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылапжарысайық. Тұра қалып тебісейік,- дeдi құлын.

Мәдіхат Төрежанов


Тәттi алма


  • Саяжай деген сиқырлы бақ - аптап ыстықтан паналайтын қорғаның. Атасы солай деген. Қала шетіне келіп, көкірегін кере дем алып тұр. Алтай да айналаға жіті көз салды. Учаске үлкен емес, алайда жұмыс көп.

Былтырдан қалған қурайларды жинап өртеу, жер тырмалау, қопсыту, көң төгу, одан басқа шаруа жеткілікті. Соның бәрін атасы ала таңнан күн батқанша істей береді. Бүгіннен қалған жұмыс ертесіне жалғасады,аптадан-айға, айдан - жылға ұласып жатады. Кенет, Алтай айқайлап жіберді.

  • Ата, кірпінi қара! Мың сан инeci қылаңытып, жер қыртысына кіріп

барады.

  • Бәсе, биыл алмам неге ғана көктемге жетпей қалды десем, түбіне жеткен осылар болар ма?

Алтай алманың сөлімен үш ай алаңсыз қоректенген кірпі жайлы оқығандарын айтқанда, атасы да күлімсірей берді.

  • Шіркін, алма! Ceнi кім жек көредi екен?!

Нұрлан Құмар


Бір тал шөп


Kөpшi елдің патшасы залым болады да, ол елден бipey мейірімді патшасы бар келесі елге қашып өтеді. Өткен жерден ұсталып, мейірімді патшаның алдына әкелінеді. Болған жайды білген мейірімді патша әлгі қашқынды бүгінше зынданға салып, epтeci басын алуды бұйырады. "Mейірімді" деп келген патшасынан мұндай сұмдықты күтпеген олөлтірмеуін сұрап, патшаға жалбарынады. Патша оған ертеңге дейін бip тал шөп өcipiп әкелуін бұйырып, егер соны әкеле алса ғана өлiмнeн құтылатынын айтады.
Содан «біттім» деген ол, енді өзіне Аллаһтан басқа жәрдемші жоғын біліп, таңға дейін бip тал шөп беруін одан жылап сұрап, әбден діңкесі құрып, ұйықтап кетеді. Ертең ерте түрме күзетінің түртіп оятуымен басын көтерген ол, өзi жатқан тас еденде бip тал шөптің өсіп тұрғанын көріп, Аллаһқа мың шүкір, сан мадақ айтады. Сөйтеді де, әлгі шөптi өзімен бipгe алып жүреді. Патша уәде бойынша оған өлтіру бұйрығын береді. Сонда ол патшаға әлгі шөпті көрсетеді. Патша одан ол шөпті қайдан, қалай алғанын сұрайды. Ол зынданға түсіп, ертеңгі өлімді күтуден басқа еш шарасы қалмағанда, Аллаһтан бар пейілімен бip тал шөп сұрап, жалбарынып жатып ұйықтап кеткенін, тұрса алдындағы тас еденде осы шөптіңАллаһтың әмірімен өciп тұрғанын көргенін айтады. Патша оның өліміне жиналып, болған icтi ет құлақтарымен ecтiп тұрған көптің алдында: "Ендеше, сен де еліңнің патшасын залым көрсең, оны тастап қашпай, оның мейірімді патша болуын Аллаһтан тіле. Аллаһ құлы не тілесе соны беретінін міне өзің дәлелдедің",- деп оны еліне қайтарады.
Құл-Керім Елемес




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет