Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет123/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Өкпелеген үлесінен құр қалады


Қоян-ата көжектеріне көп сәбіз әкеп, бір-бірден бөліп берді. Еңкенжесі –
сұр көжек:

  • Маған қотыр сәбіз бердің, жемеймін, - деп ұртын бұртитты. Жуантықтүп жағында бұршақтың үлкендігіндей ғана екі-үш бүртігі бар

сәбізді басқа бір көжек қағып алды да, бір-ақ асады. Сұр көжек ашқалды. Атасы оған:

  • Солай балам... «Өкпелеген үлесінен құр қалады», - деді.

М. Әлімбаев


Бұғының мүйізі


Көктем кезінде әкесі он жасар Айдана мен жеті жасар Арманды хайуанаттар паркіне алып барған.
Айдана үлкендігі сиырдай бір қоңыр аңды қолымен көрсетіп:

  • Міне мынау – бұғы, - деді інісіне.

  • Жо-оқ, бұл бұғы емес. Көрмейсің бе, мүйізі ұқсамайды ғой? Бұғының мүйізі деген үлкен болады, - деді Арман таласып.

Айдана қайта назар аударып, өзі де ойланып қалды. «Расында мынаның мүйізі бір түрлі екен. Қып-қысқа, құлақтан да оза қоймаған. Ұшытоқал. Сырты түкті. Тіпті қатты да емес секілді. Өткен күзде көрген бұғының мүйізі мұндай емес, арбиған, аша сияқты еді».

  • Көке, мынау қандай аң, бұғы ма? – деді ол қасына келген әкесіне қарап.

  • Иә, бұғының дәл өзі.

  • Мүйізі ұқсамайды ғой? – деді Арман.

  • Е-е, мынау жаңа шығып келе жатқан жас мүйізі ғой. Кейін бұл сала- сала болып, шаңырақтай дәу мүйізге айналады. Ол қыста немесе көктемге қарай түседі де, оның орнына мынадай жаңасы шыға бастайды.

  • Сонда ол жыл сайын түсе ме?

  • Иә, жыл сайын көне мүйіз түсіп, жаңа мүйіз шығып отырады.

  • Қызық екен? – деп таңғалды да, балалар одан әрі қарай бақтыаралап кетті.

Т. Жексенбай


Күшік пен мысық


Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің қара күшігі, бірінің ала мысығы болды.
Бір күні қара күшік көршінің бағынан кіріп, сонда жүрген ала мысықты тұра қуды.
Мысық қашып барып, алма ағашқа шығып кетті.Күшік ағаш түбіне келіп:

  • Әу-әу-әу, әу-әу-әу! – деп, мысыққа қарап шабаланып тұрып алды.

Мысық та оған құйрығын қыбырлатып, белін күжірейтіп, ырылдап айбат шекті.
Сол сәтте жұдырықтай бір қызыл алма сабағынан үзіліп, күшіктіңбасына келіп топ ете түсті. Күшік қаңқ ете қалды да, «мысық ұрды екен» деп қаша жөнелді. Ол енді өз ауласына барып, тағы да мысық жаққа шәуілдеп тұрған.
Сол кезде мысық ағаштан жерге қарғып түсіп еді, ол «және де ұрады екен» деп ойлап, күшік жүгіріп барып үйшігіне кіріп кетті.
Содан бастап қара күшік ала мысықты қумайтын болды.
Т. Жексенбай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет