1. Қозғала біл күн сайын, Жаттығарсың қимылмен. Төзімменен жетемін, Жеңістерге ылғи мен. Қайырмасы:
Бір, екі,бір,екі. Бір,екі,үш, төрт Жеңістерге жетеміз.
|
2.Қайраттанып шынығып, Денсаулықты сақтайды. Жаны таза жайсаңнан, Айбар күшті байқаймын. Қайырмасы:
Бір, екі,бір,екі. Бір,екі,үш, төрт Жеңістерге жетеміз. 3.Алға қадам бастаймыз. Жаттығулар жасаймыз. Бекіп сайдың тасындай, Шынығамыз жастай біз.
Қайырмасы:
|
Қазағым
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова 1.Қос ішекті домбырасын, Сөйлете білген шанақтан.
Тілі өшпеген талай ғасыр, Ұрпағымыз қазақтың.
Бабалардың жалғап үнін, Бағалайтын тарихын.
Сар(ы) даламның сырбаз күйін, Әлем қазір таниды.
Қайырмасы:
Қазағым, қалың ел, қаһарман, батыр ел. Тәу етіп үлкені, тәубеге келетін, Тәуекел бел буған, тәуелсіз елім бар.
Заңғар биік арманы бар, Қол жеткізген теңдігін, Заманынан алғаны бар,
Елдің жалғап елдігін. Қайсарлығы қанында бар, Байсалдығы жанында, Жақсысы мен жайсаңы бар. Ғасырлардың жаршысы.
Қайырмасы:
Қызылорда -Сырдың елі, Астанамсың алғашқы.
Таланттылар- жырдың елі, Жібек жолдың сағасы.
Туған жерім байтағымсың, Байқоңырмен ғарыштар.
Батырлармен мақтанамын, Асқақ әнім шарықтап.
Сөзі мен әні Ақнабат Айтуова
Қалмай тарих көшінен, Далам менің көсілген. Боталатқан бозінген, Жібек жолы ізімен.
Қайырмасы:
Қызылорда ғасырлардың жалғасы. Сырдың елі-жаңа өмір арнасы.
Мен өзіңмен мақтанамын туған жер . Мерей күнге осы әнімді арнадым.
Қызылорда қаламсың. Өркен жайған даламсың. Ыстық жер, су,ауасы, Сағынғанда саямсың.
Достарыңызбен бөлісу: |