Сабақтың тақырыбы: «Идеал газ күйінің теңдеуі»



бет1/3
Дата17.04.2023
өлшемі406,5 Kb.
#83336
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
esepter-shyg-10-a-56e2e48a0afc9




Сабақтың тақырыбы: «Идеал газ күйінің теңдеуі» тақырыбына есептер шығару


Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерінің бекіп, меңгерген іскерліктерін графикалық, сандық, сапалық әртүрлі есептер шығару барысында пайдалана білу қабілеттерінің жетілуіне жағдай жасау. Пән бойынша білім – білік дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылығы: МКТ-ның негізгі теңдеуіне есеп шығаруда, есептің мазмұнын түсініп, талдап, керекті тәсілдері таңдауға жаттығу.
Тәрбиелілігі: Топтық намыс, адамгершілік, ұйымшылдық, ауызбіршілік сақтай отырып, есептер шығарудың түрлі тәсілдерін меңгеру.
Әдісі: интеграциялау, есеп шығару
Типі: семинар, меңгеру сабағы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Есеп шығару
4. Сабақты қорытындылау
5. Үйге тапсырма беру
І. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын тексеру.
Оқушыларға үй тапсырмасын «Кубизм» әдісі арқылы еске түсіру, оқушыларға сұрақтар қою.

  1. Идеал газ моделін сипаттау

  2. МКТ-ң негізгі теңдеуін қорыту.

  3. МКТ-ның теңдеуі жазылуының 3 түрі.

  4. Орташа кинетикалық энергиямен температура арасындағы байланыс

  5. Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы

  6. Авогадро санының мағынасын тұжырымдаңдар.



ІІ. Есептер шығару
Оқулықтан №14, 15 есептер

1 есеп. (А)


Егер газдың массасы 1 кг, ал оның молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 600 м/с болса, онда ол 0,2 МПа қысымда қандай көлемді алады?

2 есеп. (А)


Егер көлемі 12 л ыдыста 128*1023 оттек молекуласы болса, ол 17 0 С температурада ыдысқа қандай қысым түсіреді?

3 есеп. (А)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет