Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет36/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР




Көңілді қошақандар
Спорт залда немесе алаңда жерге ұзын сызық сызылады. Бұл сызық көпір, ал көпірдің арғы жағында қошақандардың үйі болады. Қошақандар көңілді әуенмен билеп жүреді, әуен тоқтағанда жарыса отырып, көпірден өтіп, үйлеріне жылдам жетулері керек.


Кім жылдам?


Ойын аулада, спорт залында, бөлмеде ойнала береді. Ойыншылар ойынға екі-екіден қатысады. Ортаға шыққан екі бала бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан-ұзақ белбеу тастайды да «бір, екі, үш» деп санайды. «Үш дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Ойын жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады.


Түрлі түсті автокөліктер


Балалар залдың шетіне тұрады. Олар – автокөліктер. Әр балаға түрлі түсті шеңбер беріледі. Педагог қолына түрлі түсті жалаушалар ұстап, залдың
ортасында тұрады. Бір кезде белгілі бір жалауды жоғары көтереді, қолындағы шеңбері жалаудың түсімен бірдей балалар залды айналып кез келген бағытта жүгіреді. Олар гуілдеп, автокөлік айдап бара жатқандай қимылдар жасайды. Педагог жалауды түсірген кезде балалар тоқтайды. Педагог басқа түсті жалауды көтерген кезде басқа балалар жүгіреді. Педагог бір, екі немесе үш түсті жалауды бірге көтеруіне болады. Онда барлық автокөліктер жолға шығады.


Қуыспақ


Балалар залдың бір шетіндегі сызықтың бойына тұрады. Олар ортада тұрған қуғыншының қолына түсіп қалмауға тырысып, залдың келесі бетіндегі сызыққа қарай жүгіріп өтеді. «Бір, екі, үш – жүгір!» деген кезде балалар залдың қарсы бетіне жүгіреді. Ал ортадағы ойыншы оларға қолының ұшын тигізуге тырысады. Оның қолы тиген балалар ұсталған болып саналады және ойыннан шығады. 2-3 рет жүгіріп өткеннен кейін ұсталған балаларды санайды. Қуғыншының орнына басқа бала сайланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет