Ойынныңмақсаты:достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Педагог балаларға достық туралы мақал айтып береді, содан кейін өзінің адал досы деп санайтын адамды атауды және оның себебін түсіндіруді сұрайды. Әңгіме соңында балаларға адал досы үшін ашық хат дайындау ұсынылады.
Мақсаты: балаларды ойындағы рөлдерді бөлісу кезінде жанжалдан аулақ болуға баулу.
Балалар «кеме» құрастырып, қыдыруға дайындалуда. Ең белсенді бала (көшбасшы) – «капитан», біреуі – «матрос» болып тағайындалды.
«Жолаушылар» кемеге отырып жатыр. Ал, кім кеменің жүргізушісі болады? Бұл рөлге екі бала таласып, олардың араларында жанжал туындады. Бұл даулы мәселе қалай шешіледі: біреуі штурвалды алып қояды немесе жүргізуші болудан бас тартып, оны досына береді.
Балаларға арналған үлгі сұрақтар:
Суреттен не көріп тұрсыңдар?
Балалар кімдерді бейнелеп жатыр?
Балалардың арасында неге жанжал туындады?
Балалар жанжалды тоқтату үшін не істеу керек?
Сюжетті дамыту: «Капитан» санамақтың көмегімен кемені кім жүргізетінін анықтайды; б) «Матрос» дауласып жатқандардың біріне жаңа рөл
«кеме аспазы» болуды ұсынады.
«Жаңа жыл қарсаңында»
Мақсаты:балалардың назарын құрдасының эмоционалды көңіл- күйіне аудару, құрдасын жұбатуға баулу.
Балабақша жаңа жыл мерекесіне дайындалуда. Балалар шыршаны безендіріп, оған қолдан жасалған ойыншықтарды іліп жатыр. Шетте бір бала, оларға мұңайып қарап тұр.
Тәрбиешінің сұрақтары: «Балалар көңілді деп ойлайсыңдар ма?»;
«Неліктен балалар көңілді?»; «Барлық балалар көңілді ме?»; «Мына бала неге мұңайып тұр?»; «Оған қалай көмектесуге болады?».
Сюжетті дамыту: а) шыршаны безендіріп жатқан бала мұңайып тұрған балаға бір қолшам береді; б) қыз бала мұңайып тұрған балаға қолшамды қалай жасау керектігін түсіндіреді.