Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет67/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   96

 

Жетекшісі: Қазангапова С.О., 

Алмуратова А.А., Әбдікәрімова А.Ш. 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

Қазіргі  уақытта  баланы  мектепке  дайындау,  белгілі  бір  дағдыларды  игеруге 



бейімдеу  заманымыздың  көкейкесті  мәселелерінің  бірі  болып  отыр.  Мектепке 

дейінгілердің  өз-өзіне  қызмет  ету  дағдыларын  меңгеруі  -  өнегелі,  жігерлі,  дербестік, 

және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы. 

Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық 

диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады: 


 

707 


 

-  Мектепке  жетілдіру  мен  оқуға  бейімдеу  барысы  деңгейінің  өлшемдері,  оқу 

бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады; 

-  Балаларды  мектептегі  оқуға  және  жағдайларға  бейімдеуде,  педагогтар  мен 

психологтардың  психодиагностикалық  іс-әрекеттері,  бала  тұлғасын  дамытудың 

құрамды бөлігі болуы тиіс; 

-  Мектепке  жетілдірудегі  педагогтар  мен  психологтардың  психодиагностикалық 

әрекеттерінің  ең  бірінші  міндеті,  балалардың  мектептегі  оқуға  бейімделуі,  сынып 

ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады. 

-  Балаларды  мектептегі  оқуға  және  жағдайларға  бейімдеуде,  педагогтар  мен 

психологтардың  психодиагностикалық  іс-әрекеттері,  бала  тұлғасын  дамытудың 

құрамды бөлігі болуы тиіс; 

-  Мектепке  жетілдірудегі  педагогтар  мен  психологтардың  психодиагностикалық 

әрекеттерінің  ең  бірінші  міндеті,  балалардың  мектептегі  оқуға  бейімделуі,  сынып 

ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады. 

Оқуға  бейімделу  әрекетін  талдау  психологиялық  диагностиканың  қолданылу 

бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай 

моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері: 

1.  Психодиагностикалық  зерттеулердің  нәтижелері  балаларға  зиянын  келтірмеуі 

керек. 


2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың 

ата-анасының  рұқсатымен  жүргізілуі  тиіс.  Балалар  мектепке  баратын  кезге  дейінгі 

уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады. 

3.  Ата-ана  құқығынан  айырылған  ата-аналар  өз  балаларының  психологиялық 

зерттеулерінің  нәтижелерінің  қорытындысын  психолог  маманнан  білуге  болады, 

сонымен  бірге  психолог,  ата-аналарға  өз  балаларының  психологиясына  тиісті  білгісі 

келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс. 

4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан 

баланың  тағдырын,  яғни  мектептегі  оқуға  бейімделуі  мен  тәрбие  мүмкіндігін,  ата-

аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс. 

5.  Мектепке  дейінгі  мекемелер  мен  мектепте  қызмет  атқаратын  психологтар 

психодиагностикалық  жұмыстарды  тәрбиешілер  мен  мұғалімдермен  бірге  тығыз 

байланыста болып атқаруы қажет[1]. 

Психодиагностикалық  әдістердің  көпшілігі  мектепке  баратын  балалардың 

түсінігіне  байланысты  психологиясы  мен  физикалық  жағынан  сау  балалардың, 

зерттелініп  отырған  қасиеттер  дамуының  орта  деңгейін  сипаттайды  және  осындай 

зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да қасиеттерінің даму деңгейі де 

анықталады.  Егер  оның  жеке  көрсеткіштері  нормадан  жоғары  болса,  онда  осы  бала 

өзінің  дамуы  жағынан  құрдастарынан  жоғары  болады,  ал  керісінше,  егер  оның  жеке 

мәліметтері  нормадан  төмен  болса  онда  құрдастарынан  қалып  қояды. 

Психодиагностикада  балалардың  мектептегі  оқуға  қабілеттілігіне  байланысты 

жүргізілетін  эксперименттердің  қиыншылығының  ең  бір  негізгі  себебі,  баланың 

белгілі  қабілеттерін  психологтар  тапсырма  беру  кезінде,  осы  тапсырманы  орындауы 

оның  қабілеттілігіне  ғана  байланысты  болмайды,  сонымен  бірге,  мотивацияға, 

мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты. 


 

708 


 

Зерттеу  әдістері-танымдық  процестерді  зерттеуге  арналған  стандартты  әдістер 

комплексі: 

-түрлі әңгіме әдіс терін қолдану. 

- шағын тестік тапсырмалар. 

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды 

жетілуі  жалғаса  түседі.  Жалпы  өсумен  қатар  ткандар  мен  мүшелердің  анатомиялық 

қалыптасуы  және  функциялық  дамуы  жүріп  жатады.  Скелеттің  сүйектеніп,  бұлшық 

еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы 

бар.  Ми  салмағы  1110  грамнан  1350  грамға  дейін  өседі.  Үлкен  ми  сыңарлары 

қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы 

арта  түседі.  Шартты  рефлекстердің  пайда  болу  жылдамдығы  артып,  әсіресе  екінші 

сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, 

тәрбие  мен  оқыту  процесінде  қоғамдық  тәжірибенің  жаңа  формалары  игеруі  үшін 

қолайлы жағдайлар жасайды[2]. 

П.П.Блонский  өзінің  педалогиялық-бағдарлану  концепциясында  баланың 

үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья 

жағдайына,  әлуметтік  экономикалық  мәселелерінен  қарау  керек  деп  тұжырымдаған. 

Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың 

ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет 

жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай 

жасайтын  адам  болу  керек.  Қандай  адамзат  баласы  болмасын  баланың  әлеуметтік 

жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі 

балалардың  танымдық  процестерінің  дамыту  үшін  өткізілген  эксперементалдық 

жұмыс[3]. 

Балалардын ойлауын сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай 

болмасын  бір  әрекет  ұйымдастырады.  Мысалы,  өзіне  тән  ережелері  бар  ойын 

ұйымдастырылса,  сол  ойын  үстіндегі  балалардың  психологиялық  ерекшеліктері 

жазылып,  кейін  оған  мұқият  талдау  жасалынады.Осы  зерттеуде  оқушылардың  жас 

ерекшелігіне  байланысты  ақыл-ой  әрекетіндегі  сөз  бен  көрнекіліктің  ара  қатынасы 

үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы 

тереңдеп,  жалпыланып  қана  қоймай,  ондағы  образдардың  біртіндеп  толық  және 

мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. 

Мектепте оқытуға баланың психологиялық дайрлығы - мектепке дейінгі балалық 

шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы 

мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті 

мәселелерінің бірі болып отыр. 

Ендігі  жерде  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  бүкіл  өмірін  ұйымдастыру,  оның 

денсаулығын  нығайту,  ақыл-ой,  адамгершілік  тәрбиесін  жетілдіріп,  түптеп  келгенде 

мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім 

сапасын  арттыру  аса  маңызды  мәселе,  ол  үшін  жалпы  және  негізгі  жағдайларды 

жақсарту  басты  міндет  болып  табылады.  А.  Едігенова  бойынша  баланың  бүкіл  өмір 

бойында  оның  даму  үрдісі  жүреді.  Даму  үрдісінде  баланың  таным  белсенділігі  арта 

түседі.  6  жастағы  балалар  заттарды  түсіне,  түріне,  көлеміне  қарап  ажырата  бастап, 

олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында 


 

709 


 

бала  шындық  дүниенің  құбылыстары  мен  заттарын  анықтай  білуге,  адам  баласының 

жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып 

білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге 

үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. 

В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы 

балаларда  мiнез-құлық  мотивациясы:  мiнез-құлықтың  саналы  регуляциясы  күшейедi, 

мотивтер  мен  қажеттiлiктер  көлемi  ұлғаяды,  рухани  және  материалды  қажеттiлiктер 

сферасы 

кеңейедi, 

қарым-қатынасқа 

деген 


қажеттiлiк, 

жетiстiкке 

жету, 

басқарушылыққа  қажеттiлiк  сияқты әлеуметтiк  қажеттiлiктер нығая  түседi.  Көп  бiлу, 



басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады 

Д.Б.  Эльконин  пікірінше,  мектепке  дейінгі  кезеңде  балалар  іс-әрекетінің 



күрделенуіне  жалпы  ақыл-ой  дамуының  ілгеруіне  байланысты  зейін  күшті 

шоғырланып,  тұрақтылыққа  ие  болады.  Мысалы,  мектепке  дейінгі  кезеңдегі 

кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның 

ұзақтығы  1,5  сағатқа  дейін  созылады.  Мұны  ойында  адамдардың  күрделірек  іс-

әрекеттері мен  қарым-қатынастарының  бейнеленуімен  және ойынға үнемі  енгізілетін 

жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады[4]. 

Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала 

көбіне  өзінің  алдына  бір  нәрсені  есінде  қалдыру  үшін  саналы  мақсаттарды 

қоймайтындығын  көрсетеді.  Есте  сақтау  мен  еске  түсіру  баланың  еркі  мен  санасына 

байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына 

байланысты  болады.  Бала  іс-әрекетте  неге  зейін  қойса,  оған  не  әсер  етсе,  не  қызық 

болса,  соны  ғана  есінде  сақтайды.  Заттарды,  картиналарды,  сөздерді  ықтиярсыз  есте 

сақтаудың  сапасы,  баланың  осыларға  қаншалықты  әсерлі  іс-әрекет  істеуіне  іс-әрекет 

процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде 

өтетіндігіне  байланысты.  Мысалы,  суреттерді  жай  ғана  қарап  шыққанда  оларды 

баланың  есінде  сақтау  анағұрлым  нашар  балады,  ал  осы  суреттерді,  өз  орындарына, 

мысалы,  бақшаға,  ас  үйге,  балалар  бөлмесіне,  қораға  дәл  келетін  жеке  заттарды  қою 

ұсынылғанда  бала  оларды  есінде  жақсы  сақтайды.  Ықтиярсыз  есте  сақтау  баланың 

орындайтын  қабылдау  және  іс-әрекеттерінің  жанама  қосымша  нәтижесі  болып 

табылады.  

Мектепке  дейінгі  жастағылардың  ықтиярсыз  есте  сақтауы  мен  ықтиярсыз  еске 

түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру 

жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. 

Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым 

көпшілігі  өзін  мүлде  бірдей  ұстады.  Суретке  көз  жүгіртіп  өткеннен  кейін  бала  оны 

шетке  ығыстырып  қойып,  үлкен  адамнан  басқа  суретті  көрсетуді  сұрады.  Кейбір 

балалар  бейнеленген  заттар  жөнінде  әңгімелеп  беруге  тырысты,  суретке  байланысты 

өткен  тәжірибенің  жағдайларын  еске  түсірді  («Көзілдірікті  көзге  киеді.  Мынау- 

көбелек,  құрт  деп  аталады».  «Қарбыз.  Мен,  анам  және  әкем-үшеуіміз  үлкен  қарбыз 

сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші», тағы осындайлар. 

Мектепке  дейінгі  жас  –  естің  қарқынды  даму  жасы.  Ес  –  бала  үшін  маңызды 

оқиғалар  мен  мәліметтерді  жаданда  қалдырады  және  сақтайды.Сондай-ақ  мектепке 



 

710 


 

дейінгі  балалардың  ойлау  үрдісіне  тоқталсақ,  ойлау  –  тіл  дамуы  және  ғылыми 

ұғымдарды  меңгеру  бірлігінде  дамиды.  Баланың  сау  психикасының  ерекшелігі  – 

танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс 

қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. 

Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және 

оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның 

қимыл-қозғалыстары  туралы  да  ойлайды.  Бейнелі  ойлау  –  6  жасар  бала  ойлауының 

негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, 

бірақ  та  бұл  жаста  көрнекілікке  сүйенген  оқыту  басымырақ  болады.  Мұның  өзі  осы 

жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. 

Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және 

есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады [5]. 

Мектепке  түсу  балалардың  логикалық  есін  дамытуда  үлкен  роль  атқарады.  Бұл 

жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі 

айтылған.  Бірақ  баланың  назары  кейде  бұған  жөнді  түсе  қоймайды.  Мұғалім  мұны 

қатты ескерген жөн. Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. 

Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер 

т.б.  зерттеушілердің  еңбектерінде  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жеке  басының 

қалыптасуына  әсер  ететін  әртүрлі  іс-әрекеттердің  ішіндегі  ең  маңыздысы 

шығармашылық  белсенділіктің  сапалығына  назар  аударады.  Алайда  мектепке  бару 

қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. 

Бұл  өзгешеліктер  мынадан  көрінеді:  балалар  бір-бірінен  ақыл-ой,  адамгершілік  және 

жекелей  дамуымен  ажыратылады.  Олай  болатын  болса,  балаларға  психологиялық 

қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып 

табылады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



1.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты.Астана – 2009. 

2. Выготский Л.С. Собр. соч. Т.4. Детская психология. Москва, Педагогика, 2002. 

3.  Рубинштейн  С.Я.  Экспериментальные  методики  патопсихологии  и  опыт 

применения их в клинике. Москва, 2000. 

4. Жарықбаев «Жалпы психология» 2009. 

5. Психология. Адамзат  ақыл-ойының қазынасы. –Алматы, 2005ж. 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС 

 

Қуанышова А.Д., Тәуекелова Ж.Д. 

Ғылыми жетекші: Хасенова Г.А. 

ҚМББ «Болашақ» колледжі 



 

Бала тәрбиесі отбасынан басталады. «Бала жас, әлі ешнәрсені білмейді. Өсе келе 

бәрін  түсінеді»  -  деп  қарауға  болмайды.  «Баланы  –  жастан»  деген  халық  даналығын 


 

711 


 

ұмытуға хақымыз жоқ. Өйткені, мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың мінез-құлқы 

қалыптасады. Сол кезеңде алған тәрбиесі оның болашағына негіз болады. Халқымыз 

қашанда қара басынан гөрі ұрпақ қамын көбірек ойлаған. Бұл – артымда ізім қалсын, 

ұрпақ жалғассын деген ізгі ниеттің көрінісі. Сәбиді ойдағыдай етіп өсіру – жан-жақты 

тәрбиеге  тікелей  байланысты.  Ата-ананың  байқамай  қалт  жіберген  қателігі  баланың 

бойына  өшпестей  із  қалдырады.  Сондай  қателіктерге  бой  алдырмас  үшін  тәрбиенің 

түрлі  әдіс-тәсілдерін  білген  жөн.  Біріншіден,  сәбилердің  ой-өрісін  дамытуға,  қиялын 

шарықтатып,  тіл  байлығын  молайтуға  ауыз  әдебиет  үлгілері  –  ертегілер,  жұмбақтар, 

жаңылтпаштардың  тигізетін  пайдасы  ұшан  теңіз.  Бала  жағымсыз  кейіпкерлердің 

әрекетінен бой тартып, жақсылыққа  құмартады. Баламен бірге кітап дүкеніне барып, 

оның жасына сай, мазмұнға бай, тәрбиелік мәні зор кітап таңдап алып, үйде оқып беруді 

әдетке  айналдырсаңыз,  сәбиіңіздің  бойында  қызықты  шығармаларға  деген 

қызығушылығы артары сөзсіз.  

Халықтық  тәлім-тәрбиенің  ең  түйіндісі  –  елдің  ертеңгі болашағы,  жас  ұрпақтың 

жан-жақты  тәрбиесі.  Қандай  да  игілікті  іс  таза  еңбекпен  келгенде  ғана  бойға  сіңеді. 

Еңбек  адамының  қашан  да  жүзі  ашық,  көңілі  көтеріңкі.  Отан  патриоты  болу  –  әрбір 

азаматтың  борышы.  Отансүйгіштіктің  маңызын  әрбір  адам  түсінеді.  Ал  бұл 

адамгершілік қасиетті жас ұрпақтың бойына қалай сіңіру керек? Міне, ата-аналар мұны 

үнемі  есте  ұстап,  балаларды  патриоттық  рухта  тәрбиелеуге  жете  көңіл  бөлуі  керек. 

Адамгершілік бала бойында бірден, тосыннан пайда болмайды. Тәрбиенің ықпалымен, 

біртіндеп  қалыптасады.  Балада  еліктеу  сезімі  пайда  болысымен,  ол  өзінің  көрген-

білгендеріне  әсерленгіш  келеді.  Дегенмен,  ол  «жақсы  мен  жаманды»,  «пайдалы  мен 

зиянды»  жетік  айыра  алмайды.  Әрине,  оған  бірден-бір  қамқоршы  ата-ананың  көмегі 

ауадай қажет. Үлкендер баласының көріп-білгені жөніндегі пікіріне дұрыс бағыт сілтеп 

отырғаны  жөн.  Баланың  сұрағына  дұрыс  ұғым  беру  керек.  Оның  көрген  игі  істерін 

дәріптей сөйлеген жақсы. Одан бала оң әсер алады.[1] 

Тұлғаның қалыптасу негізі – балабақша мен ата-ана ынтымақтастығында. Баланы 

тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз 

байланысы  болуы  маңызды.  Қазіргі  кезеңде  бала  тәрбиесін  жүзеге  асыруда 

тәрбиелеудің  дұрыс  жолын  табу  үшін  ата-аналармен  семинар-кеңестер,  отбасылық 

сайыстар,  тренингтер,  дөңгелек  үстелдер,  кездесулер  ұйымдастырудың  үлкен  көмегі 

бар. Балабақшада өткізілген әрбір іс-шара, ертеңгіліктердің тәрбиелік мәні, мағыналы 

болуы ата-аналардың жиірек келуіне, белсене қатысуына да ықпалын тигізеді. 

Ата-ана балабақшаға көмекші, сенімді тірек болып, ортақ байланысты нығайтқанда 

ғана  тәрбие  жұмысы  нәтижелі  болмақ.  Адамгершілік  қасиетті  бала  бойына  сіңіру 

балабақша  мен  ата-аналардың  педагогикалық  ынтымақтастығы  арқылы  жүзеге 

асырылатынын есте сақтағанымыз жөн. Әрбір балабақша ата-аналармен қарым-қатынас 

жасауда  түрлі  тәсілдерді,  қазіргі  жаңа  технологияларды  пайдалана  отырып,  олардың 

қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасауы тиіс.  

Тәрбиелі жас ұрпақтың білімді, білікті болуы – отбасы мен балабақшаның үздіксіз 

бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біздің ең басты мақсатымыз әр отбасындағы ұрпақтың 

дені  сау,  рухани  бай,  білімге,  еңбекке  құштар  болып  өсуі.  Ата-аналармен  әртүрлі 

шараларды  ұйымдастырудағы  мақсат-міндетіміз  балалардың  бүгінгі  жасаған  қадамы, 

ертеңгі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін беретінін ұғындыру болып табылады. 


 

712 


 

Еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде баршамыз үздіксіз ізденіп, тыңғылықты еңбек 

ету болашақтағы ең басты алға қойған мақсатымыз болуы тиіс. Біздің қызметіміз де, 

өміріміз де бала өмірімен тығыз байланысып жатыр. Бұл тұрғыда әрбір педагог өз ісіне 

жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақтың саналы болып өсуіне бойымыздағы бар асыл 

қасиетіміз бен білімімізді арнасақ болғаны.[2] 

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие 

беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі. Бала тәрбиесі ана 

сүтінен  басталып,  өмір  бойы  қалыптасатын  күрделі  құбылыс.  Оған  тек  отбасы  ғана 

емес,  сонымен  қатар  балабақша,  оны  қоршаған  ортасы  да  әсерін  тигізбек.  Баланың 

басты ұстазы – ата-анасы.  

Мектепке  дейінгі  тәрбие  жүйесін  қайта  құрудың  басты  шарты  –  балабақшаға 

қолайлы жағдай жасау, тәрбие мәселесін жүйелі жүргізу, мекемелердің материалдық-

техникалық  базасын  жақсартып,  кадрлардың  біліктілігін  арттыру.  Баланы  тәрбиелеу, 

дамыту,  білім  беру  мәселелерін  отбасы  мен  балабақша  ұжымының  арасында  өзара 

тығыз байланыста орнату. [3] 

Ата-анамен  жұмыс  жүргізуде  мектепке  дейінгі  мекемелердің  алдында  қандай 

негізгі мәселелер бар?:   

 

 

 



 

Балалардың отбасыларын танып-білу;  



 

Балабақша өміріне белсенді араласуға ата-аналарды тарту;  



 

Баланы тәрбиелеудегі отбасылық тәжірибені сипаттау. 



Ата-анамен жұмыс бұл өте үлкен жұмыс. Мұнда ата-ананың деңгейін көтеру қажет, 

оларға өзіндік білім көтеруге жағдай жасап, балабақша өміріне араластыру керек. Осы 

бағыттарды  басшылыққа  ала  отырып,  тәрбиеленушілердің  отбасы  мен  жұмыс 

жүргізіледі.  

Ата-аналардың тәрбиелеу құзыреттілігін көтеруде белсенді қарым-қатынас әдісін 

қолдану  маңызды  рөл  атқарады.  Балабақша  тәжірибесінде  ата-аналардың  тәртіп 

түрлерін  модельдеу,  балалар  мен  ата-аналардың  танымдық,  көркем,  спорттық 

әрекеттердегі ынтымақтастығы, ата-аналар мен балалардың бірлесіп жасаған көрмелері,  

тәрбиелеу мәселелерін рөлдерге бөліп ойнау әдістерін қолдануға болады.  

 Ата-аналар  бала  бақытының  шынайы  бағбаны  болуы  тиіс.  Бүгінгі  таңда  болып 

жатқан  өміріміздегі  өзгерістерге  байланысты  тәрбиешілер  мен  ата-аналардың  бала 

тәрбиелеудегі  жауапкершілігі    арта  түсуде.  Балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде 

отбасының басым рөлін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Сонда ғана ата-

ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгереді. 

Тәрбиешілер  ата-аналарға  ақыл-кеңес  беріп,  ұсынылатын  тыңдау  барысында 

төмендегідей қарым - қатынас ережелерін есте сақтауы керек:  

бір-біріне көңіл бөлу;  

• тыңдау;  

• сыйлау;  

көзбе-көз қарау;  

• тиімді, орынды таңдау;  

• әзілді сезіну. [4] 

Баланың  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына,  ер  жетіп,  азамат  болуына,  олардың 

жанына азық, бойына қуат, өнеге беретін аялы алтын діңгегі – ата-анасы. Отбасылық 



 

713 


 

тәрбиелеудің басымдылығын тану – отбасы мен балабақшаның жаңа қарым-қатынасын 

нығайту. Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-

қатынас» деген түсініктермен анықталады.  

Ата-аналар  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетіне  қатысу  арқылы  өз  балаларының 

оларға  тән  емес  ортаға  қылығын,  басқалармен  қалай  араласатынын,  білім  деңгейін, 

құрдастарының  оған  деген  қарым-қатынасын  зерттей  алады.  Өз  баласының  дамуы 

басқалардан  қалып  қойған  жоқ  па,  балабақшада  ол  үйдегідей  емес,  өзін  басқаша 

ұстауын еріксіз салыстырады. Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен 

бірлесе  отырып  жасаған  тиімді.  Себебі,  ата-аналар  заман  талабына  сай  өзекті 

мәселелерді,  отбасы  тәрбиесіне  байланысты  тақырыптарды  өздері  ұсына  алады. 

Сонымен  қатар  олардың  ұсыныс-тілектерімен  санаса  отырып,  түрлі  тақырыптағы 

әңгімелер  мен  лекциялар,  кеңестер  мен  сұрақ-жауап  кештері,  тәрбие  жұмысындағы 

тәжірибе  алмасу  жөніндегі  конференциялар,  көркем  әдебиеттермен  таныстыру  әдіс-

тәсілдері қарастырылады. 

Ата-ана  мен  балабақша  арасындағы  тығыз  қарым-қатынас,  бірлік,  ынтымақ 

жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. 

Біздің мақсатымыз XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-

жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.[5] 

Бала тәрбиесінде ата-ананың мінез-құлқы шешуші фактордың бірі. А.С. Макаренко 

«Сіз  өз  балаларыңыздың  тәрбиесін  бастамастан  бұрын,  өзіңіздің  жеке  мінез-

құлқыңызды  тексеріңіз.  Сіздің  жеке  мінез-құлқыңыз  нағыз  шешуші  нәрсе....  Ата-

аналардың өздеріне талап қоюы, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең 

бірінші және ең басты әдісі» - деді. Бала бойына назар салып бақылағанда бақыланатын 

қасиеттерге:  өз-өзіне  сын  көзбен  қарау,  мінезіндегі  кемшіліктерді  сезіну,  ойлаған 

мақсатына  жету  жолындағы  шыдамы  мен  іскерлігі  жатады.  Егер  бала  мінезіндегі 

жағымды көріністер өмірмен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, батыл 

жүректі, табанды болып ер жетеді.  

Қазақ  зиялыларының  бірі  М.Жұмабаевтың  «Тәрбиедегі  мақсат  –  баланы 

тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару» 

-  деп  айтуы  бала  тәрбиесінде  ата-ана,  балабақша,  қоғам  алдында  үлкен 

жауапкершіліктің  тұрғандығын  дәлелдейді.  Кейбір  сәттерде  отбасы  өзінің  дербес 

әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол 

үшін отбасы мен балабақшаның өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды.[6] 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.

 

Отбасы және балабақша. №3.2014ж. (мамыр-маусым)14-15 бет 



2.

 

Отбасы және балабақша. №4.2015ж. (шілде - тамыз) 8-10 бет 



3.

 

Отбасы және балабақша. №5.2013ж. (қыркүйек-қазан)16 бет 



4.

 

http://bilimdiler.kz/balabaksha/2687-otbasy.html 



5.

 

Отбасы және балабақша. №1.2013ж. (қаңтар - ақпан) 16-17 бет 



6.

 

Отбасы және балабақша. №5.2014ж. (қыркүйек - қазан) 5 бет 



 

 

 



 

714 


 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ 

 

М.Х.Сейтбатталова, Г.А.Құрманалиева 



«Алтын сақа»  балабақшасы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет