ЖАНҰЯ
- 148 -
Дінімізде әйелдердің білуі парыз болған нәрселерді
әлбетте үйретуі керек.
Әйелдің киінуіне, үйден
сыртқа шығуына, өте мұқият
болуы керек және өз бетімен жібермеу керек.
Өзін және
әйелін күмәнға, жалаға түсіретін жағдайлардан сақтануға
қатты мән беру керек.
Әйелін бөтен еркектер болған жерге жібермеуі керек, бөтен
еркектерді көруіне кедергі болуы керек. Үй істерімен уақыт
өткізуі оның зауқы болуы керек.
Онымен қатал мәміледе
болмауы керек.
Қалжыңдап та, ашуланғанда да ешқашан “ажырасу”
деген сөзді ауызға алмау керек, ешқашан “екіншіге үйлену”
сөзін қозғамау керек. Қорқыту үшін де, қалжыңдап та
ажырасу сөзін мүлдем қолданбау керек. Тіпті ажырасуға
шешім қабылдаса да бұл сөздерді қолданбау керек.
Өйткені кейінірек ажырасу ниетінен қайтуы мүмкін.
Жақындарымен, достарымен ақылдасқаннан кейін
ажырасуға нақты шешім қабылдағаннан кейін барып бір
талақ беру керек. Еш қашан үш талақты бірден бермеу
керек. Үш талақты бірден беру харам болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: