Бақыттың кілті


ант етемін, мүмин болмайынша жаннатқа кіре



Pdf көрінісі
бет184/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   184
ант етемін, мүмин болмайынша жаннатқа кіре 
алмайсыңдар. Бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше мүмин 
бола алмайсыңдар. Сендерге бір амал білдірейін, онымен 
бір-біріңді жақсы көресіңдер: Араларыңда сәлемді 
таратыңдар!» (Мүслим)
«Дәретте тұрақты бол және дәретті жақсылап ал - 
өмірің ұзарсын. Кездестіргендердің бәріне сәлем бер – 
жақсылығың көбейсін! Үйіңе кіргенде үйдегілерге сәлем 
бер – үйдің игілігі мен берекесі артсын!» (Хараити)
Сәлем беру сүннет, жауап беру парыз. Сәлемге жауап 
бермеген мұсылманнан періштелер қайран қалады. Хадис 
шәрифте былай делінген: «Сәлем беріп мүсафаха еткен 
(қол алысқан) екі мұсылман арасына жүз рахмет түседі. 
Бұның тоқсаны бірінші сәлем беріп қол созғанға, қалған 
оны екіншісіне беріледі.» (Бәззар)
Бір адам сәлемсіз, рұқсатсыз кірген кезде Расул әкрам 
(пайғамбарымыз) былай деген: «Кері қайт, сәлем бер, одан 
кейін ішке кір.» (Әбу Дауд)
Мұсылманның міндеттері
Сұрақ: Мұсылманның қанша түрлі міндеті бар?
Жауап: Үш түрлі міндеті бар:
1) Жеке міндеті:
Әр мұсылман өзін жақсы жетілдіруі, дені сау, әдепті, 
жақсы мінезді болуы, ғибадаттарын орындауы, ілім мен 
жақсы ахлақты (мінез-хұлықты) үйренуі, халал азық табу 


ЖАНҰЯ
- 265 -
үшін еңбек етуі – жеке өзінің міндеттері.
2) Жанұя ішіндегі міндеті: 
Жұбайының, 
ата-анасының, 
бала-шағасының, 
бауырларының алдындағы ақыларын, міндеттерін орындау – 
жанұя ішіндегі міндеттері.
3) Қоғамдағы міндеті:
Көршілерінің, ұстаздарының, оқушыларының, отбасының, 
қол астындағылардың, өкіметтің және мемлекеттің, бүкіл 
отандастардың, діні мен ұлты басқа болғандардың алдындағы 
міндеттері. 
Бәріне жақсылық етуі, қолымен, сөзімен ешкімді 
ренжітпеуі, ешкімге зиян тигізбеуі, қиянат етпеуі, бәріне 
пайдалы болуы, мемлекетке, заңға қарсы шықпауы, әркімнің 
ақысын өтеуі қоғамдағы міндеттері болып табылады.


ЖАНҰЯ
- 266 -
Пішімі 60х84 
1
/
16
. Қарып әріпі “Times New Roman”.
Тапсырыс № 102
ЖШС “Euro Print” Орталығында басылды.
Тел.: +7 727 380 03 12

Document Outline

  • _GoBack


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет