ЖАНҰЯ
- 238 -
– Мен өсіп, үлкен кісі болыппын. Бір жұмыс тауып,
жұмыс істеуді бастаппын. Сіздер қартайып, көршіміз Ахмет
көке мен Айша апа сияқты белдеріңіз бүгіліп кішірейіп
қалыпсыздар. Сол кезде мен жұмыстан шаршап келемін. Сіз
менімен сөйлескіңіз келеді, алайда мен жұмыста миым ашып
кеткеннен сізді тыңдамаймын да. Сіз менімен ой бөліскіңіз
келгенде: «Қане, бөлмелеріңізге барыңыздар, мен біраз
демалайын!» деймін. Және артынша: «Барлық нәрселері бар.
Жылы бөлмелері де бар, бұларға тағы не керек түсінбеймін»
деп айқайлаймын.
Мен айтып болғаннан кейін әке-шешемнің көздері ашылды.
Естігендеріне сене алмады. Кейін мені қатты құшақтағаны
соншалық, бұдан былай ешқашан тоқтамай сөйлей берсем де
жалықпай тыңдай беретін сияқты еді.
Достарыңызбен бөлісу: