ЖАНҰЯ
- 64 -
Флиртте нәпістің қалауы көзден таса жерде кездесуге
шақырады. Соңында көптеген жастардың басы бәлеге
қалады. Алдымен қызды алдап, мәжбүрлеп тұзағына түсіреді,
қалауына жеткеннен кейін қызды айыптап, масқаралайды.
Көбінесе осындай сезім майданында жарысқандардың түбі
үнемі суықтықпен бітеді.
Жас жігіт иіскеген гүліне тез тойып, кейін басқа түстегі,
басқа бір гүлді іздей бастайды. Ендігі бұл сахна бұл жігітті
қызықтырмай, ондағы құпиялар ашылғаннан кейін, басқа
құпияларды ашуға ынтығып, басқа асуларды қуалап кетеді.
Осы тұрғыдан да жүру (флирт) деген нәрседен қыздар,
әйелдер өте сақ болулары қажет.
Мұндай жағдайлар басынан өтпеген жастар үшін бұлар
түсініксіз, орынсыз болып көрінуі мүмкін. Өйткені біреуге
көңіл қойған, ғашық болып қалған адам, өзіне айтылған
насихаттарға мән бермейді, жындының сандырағы сияқты
қабылдайды. Сол себепті де пайғамбарымыз
«Ғашықтық
Достарыңызбен бөлісу: