Байдалиев Д. Д


Екінші тӛрткүл тӛбе мен Үшінші қалалашықтың



Pdf көрінісі
бет15/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91
Екінші тӛрткүл тӛбе мен Үшінші қалалашықтың 
жобалары 
 


35 
  Екінші алаңның биіктігі 6 метр шамасында, аумағы 50x25 
метр жерді алып жатыр. Үшінші алаңның биіктігі 15 метрдей, ал 
аумағы 12x8 метрді құрайды. Оған іргелес Тӛртінші алаң жатыр, 
оның аумағы 90x70 метр. Бұл қалашықты зерттеген ғалымдар оны 
б.з VII - X ғасырларына жатады - деп керсетеді. 
Қаланың орналасқан жері қазіргі Теріс ӛзенінің оңтүстігінде 
Бақалы елдімекенімен іргелес жатыр.
1989 жылы археологтар, бұрын облыстық мұражайдың 
ғылыми экспедициясы тапқан кӛне қоныс орнына қазба жұмысын 
жүргізеді. Кӛне деректерде Теріс ӛзені «Баркубе» деп аталады 
екен. Ӛзенннің сол жағында орналасқан бекініс орны жаудың 
шабуылынан қорғану үшін шығыс жағы ӛзеннің жарқабағына 
тіреліп, 
қалған 
жақтарын 
биік 
күшті 
дуалдармен 
қоршалғандығына қазіргі іздері куә. 
Қазба жұмыстары кезінде кірпіштен қаланған үйдің 
қабырғасы, оның ішінде әр түрлі ыдыстардың калдықтары 
табылды. Сондай - ақ осында мекендеген адамдардың
егіншілікпен және балық ұстаумен айналысқандығын 
дәлелдейтін кӛптеген кұнды деректер табылды. 
Бақалы ауылының батыс іргесіндегі шеткі үйдің ауласынан 
жертӛле қазып жатқан кезде тат басқан ӛрнектелген темір есік 
табылғандығына сол жердің тұрғындары куә болған. 
Бұл аталған қала орындары әлі күнге дейін түбегейлі 
зерттелмеген. 
 
Екінші - тӛрткүл тӛбе 
Екінші - тӛрткүл тӛбе қалашығының жалпы аумағы
120x104 метр. Қалашықтың оңтүстік жағы 10-15 метрлік терең 
ормен, ал қалған үш жағы 2 - 2,5 метрдей дуалмен қоршалған. 
Осы қалалардың оңтүстік және батыс жағында шаһристанның 
орны жатыр. Оның айналасы топырақ дуалмен қоршалған ал 
бұрыштарында тӛрт мұнара болған. Шаһристанның жалпы 
аумағы 460х220м. Қамалдың солтүстік - шығыс бұрышында 
20х20м болатын алаң орналасқан, айналасы дуалмен қоршалған. 
Бұл тӛрткүл тӛбе қалашықты ғалымдар X - XII ғасырларға 
жатқызады. 


36 
Үшінші қала 
Үшінші қала орны бұрыс бұрышты алаң тәріздес, жалпы 
аумағы 300х180 метрдей, ал биіктігі 2 метр. Кезінде қала дуалмен 
қоршалып оның әр жерінде мұнаралар болғаны қаланың қазіргі 
сұлабасынан байқауға болады. Бұл қаланың оңтүстігінде сегіз 
қырлы қамал болған, қырларының ұзындығы 50 - 68 метр. 
Қамалдың оңтүстігінен басқа жағы дуалмен қоршалған, 
іргесінің жалпақтығы 6 метр, бұрыштарында мұнаралардың орны 
байқалады, олардың биіктіктері 3 - 4 метр, диаметрі 10x12 метр. 
Қамалдың солтүстік бӛлігінде ғимараттың орны сақталған
аумағы 28 - 32метр айналасы дуалмен қоршалған да бұрыштары 
мен ортасына мұнара орнатылған. Қалаға кіретін 2 қақпаның 
батыстағысын 1 мұнара, шығыстағысын 2 мұнара қорғап тұрғаны 
байқалады. Қала X - XII ғасырларда ӛмір сүрген деген болжам бар. 
Бұл ортағасырлық қалалар туралы деректер Қазақ совет 
энциклопедиясында 
және 
Жамбыл 
облысының 
энциклопедиясының 191 - 192 беттерінде жазылған. Онда бұл 
қала жұрттары Бурнооктябрь I, II, III - деп кӛрсетілген, себебі ол 
Жуалы ауданындағы ауылдың атымен шартты түрде (осы 
ауылдың жанында болғандықтан) осылай жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет