КІРІСПЕ
Бізді қоршаған табиғаттың ең басты түсінігі — материя. Материя ұғымын
логикалык түрде аныктап, онын мазмұнын ашу үшін оның кейбір сипаттарын
ғана беру аркылы жалпы материяны түсіндіру мүмкін емес. Өйткені, ол терен
ұғым. Сол себепті, оны кыскаша, біздін санамыз бен түйсігіміз арқылы таны-
латын объективті шындык деп аныктама береміз.
Материя козғалыссыз өмір сүрмейді. Қозғалыс деп ғаламда болып жаткан
барлык өзгерістер мен үдерістерді айтады. Шартты түрде козғалыстың бар-
лык түрін төрт түрге бөлеміз: физикалык, химиялык, биологиялык және әлеу-
меттік. Бұл бөліну әртүрлі ғылымдарды олардың козғалыстын қандай түрін
зерттеулеріне байланысты топтауға мүмкіндік береді. Физика — материя коз-
ғалысының физикалык түрін зерттейді. Материя козғалысынын физикалык
түрін нактылай түссек, олар төмендегідей: механикалық, жылу-молекулалык,
электромагниттік, атомдык, ядролык. Сөз жок, бұл бөлінулер шартты түрде.
Оның себебі, физика бөлімдері осыған сай механикалык физика, молекулалык
физика, электромагниттік физика, атомдык физика және ядролык физика деп
бөлінеді.
Физика да баска ғылымдар сиякты зерттеудің әртүрлі әдістерін колдана-
ды, бірак түптеп келгенде олардың барлығы теория мен тәжірибенің бірлігі-
не және коршаған ортаны ғылыми негізде тануға мүмкіндік беретін бакылау,
ойлау, тәжірибе жасау мәселелеріне келіп тіреледі. Бақылау негізінде теория
күрылады, зандар мен гипотезалар түжырымдалады, олар тәжірибе аркылы
тексеріледі және практикада колданылады. Тәжірибе — теорияның критерийі,
ол теорияны нактылауға мүмкіндік береді. Әрі карай әр күбылысқа сай жана
теориялар ұсынылады және оның барлығы түбінде тәжірибе аркылы растала-
ды. Осы әрекеттің аркасында адамзат айнала қоршаған табиғаттың тылсым
күштерін танып-біледі.
Жоғарыда аталған материя қозғалысының түрлері өзара байланысты және
өзара тәуелді. Олардын бір-бірімен байланысынан ғылымның жаңа бағы-
ты пайда болады. Мысалы, биологиялық кұбылысты зерттеу кезінде физика
зандарын қолданып биофизика, астрономиялык бакылауларға, айталық ға-
ламшарлардың орбиталык қозғалысын Ньютон зандары арқылы түсіндірсе,
астрофизика, сол сиякты химиялык физика және т.б. кете береді.
Окырманды, әрине, физика мен медицина арасындағы байланыс кызык-
тырады. Физикалык білімдер, әдістер мен аппаратуралардың медицинаға
енуі сан кырлы, төменде бүл байланыстың тек кейбір негізгі аспектілері ғана
келтіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: