1.4 Дидактиканың принциптер және информатиканы оқыту әдістері
1.Оқыту формалары
2.Информатиканы оқыту әдістері,
3.Оқыту формалары мен әдістерін таңдау
Оқыту формалары – мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, нақты
ұйымдастырылған, мазмұны толыққан және әдістемелі қамтамасыз
етілген,
танымдық
және
тәрбиелік
қарым-қатынастың
өзара
әрекеттестік жүйесі. Оқыту формасы мазмұнның, оқыту құралдары және
әдістердің мақсатты ұйымдастыру тұтастығы негізінде жүзеге
асырылады [23, 316 б.].
В.Г. Крысько [23] оқыту формаларын ҥш топқа: жоспарлы-оқыту
(сабақ, дәріс, семинар, ҥй жҧмысы, емтихан және т.б.), жоспардан тыс
(бригадалы-зертханалық сабақтар, консультация беру, конференциялар,
ҥйірмелер, экскурсиялар, ілгерілету бағдарламасы бойынша сабақтар) және
қосымша (топтық және жеке сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп
бӛледі.
Қазіргі кӛптеген басылымдарда жалпы оқу формалары және оқу-
тәрбиелік процесті ұйымдастыру формалары болып ажыратылады [6,13,45
және б.].
Жалпы оқу формалары – жаппай, ұжымдық, топтық, жұптық, жеке
және оқушылардың ауысымды құрамы деп бӛлінеді [45]. Жалпы оқу
формалары негізін – оқушылардың ӛзара және мҧғаліммен оқушылар
арасындағы ерекше комуникативті әрекеттестіктері қҧрайды.
Жаппай оқыту формасы – оқушылардың бәрі бір мақсатта, бірыңғай
екпінмен бір мазмҧнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде қолданылады,
мҧғалімнің бҥкіл сыныппен жҧмыс жасауы болжанады. Бҧл, ауызекі, көрнекі,
практикалық әдістерді, сондай-ақ білімді бақылау үрдісінде жҥзеге
асырғанда қолданылатын, оқуды ҧйымдастырудың дәстҥрлі тҥрі,
информатика сабағында ӛз мәнін жойған жоқ.
А.И. Бочкин [3] айтқандай, компьютердің ықпалы мҧғалімнің
кӛрсеткенін оқушылардың дереу жаңғыртып орындау мҥмкіндігімен
19
айқындалады. Бҧл ретте, мҧғалім оқушылардың жаппай және жеке жҧмыс
әрекеттерін ҧйымдастыру және бағдарламалық басқаруымен қатар, олардың
компьютерлерін сәйкес режімдерге (жаппай немесе жеке әрекеттерін)
ауыстырып, сондай-ақ оқушылардың барлық жҧмыс орындарында
компьютерлік ортаның бірыңғай жағдайын орнатады.
Оқытудың жаппай формасында оқушылардың іс-әрететтері мҧғалімнің
басқаруымен жҥзеге асатыны айқын. Бірақ, әрекеттердің жалпы тәсілдерін
игерген сайын, оқушылардың жҧмысы да жекелене тҥсетінін (кӛмек
сҧрамайды) айта кету керек.
Ұжымдық оқыту формасының жаппай оқытудан айырмашылығы,
сынып
оқушыларының
арасында
лидері
бар
қарым-қатынас
ерекшеліктерімен қалыптасқан жеке ҧжым ретінде қарастырылады.
Топтық оқыту формасында – оқушылар әртҥрлі негізінде, алуан тҥрлі
мерзімге қҧралатын топтарда жҧмыс жасайды. Бҧл компьютерлік техниканы
қолданғанда оқытудың әдеттегі тҥрі, мысалы, жаңа бағдарламалық ӛнімдерді
игергенде, жобалармен жҧмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және
т.б. жағдайларда. Топтың ішінде қарқынды ақпарат алмасу пайда болады,
сондықтан деңгейі және ынтасы әртҥрлі оқушылардан қҧралған топтарда
топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады.
Жұптық оқыту – негізгі іс-әрекет тапсырманы ӛзара талқылап, бірін-
бірі оқытып, бірін-бірі бақылап отыратын екі оқушы арасында жҥзеге асады
[45]. Белгілі бір кезекпен оқушылардың жҧптарын ауыстырып оқыту
формалары бар, сол арқылы жҧптық оқыту тҥрін ҧжымдық оқытумен
біріктіруге мҥмкіндік береді.
Жеке оқыту формасы – мҧғалімнің бір оқушымен ғана жҧмыс жасауы
(сабаққа қосымша дайындық, тьюторлық жҧмыс, кеңес беру және т.б.).
Зертханалық жҧмыс кезінде сабаққа дайындықсыз келген оқушыларды
теориялық материалды қосымша оқыту ҥшін ЭЕМ-нен алшақтату да кейде
пайдалы.
Оқытуды ҧйымдастыру тҥрі – уақытпен шектелген оқыту ҥрдісінің
жеке буынының қҧрылымы.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – бҧл тарихи қалыптасқан, ӛзіне тән
жҥйелілік пен тҧтастық, ӛздігінен даму, жеке тҧлғалық пен әрекеттілік
сипатты бар, қатысушылардың қҧрамы тҧрақты, сабақты ӛткізудің белгілі бір
тәртібі бар, орнықты және логикалы аяқтаған педагогикалық ҥрдістің
ҧйымдастырылуы [6].
ЭЕМ жекелеп оқыту формасын қайтадан жаңғыртты. Педагогикалық
бағдарламаларды және мультимедиа курстарының таралымын кӛбейту мен
Интернет ресурсын пайдалану арқылы оқытудың жаппай формаларының
мына: ең үздік мұғалімдерден сабақ алу, ақпараттың әртүрлі көздерін
пайдалану артықшылықтары сақталады. Компьютер жаппай және жеке
оқыту арасындағы қайшылықты жояды.
Мұғалімнің ең маңызды міндеті – оқушылардың өзіндік танымдық
дағдыларын қалыптастыру.
20
Оқытудың сыртқы формалары – сабақтың белгілі бір тҥрін – сабақ,
дәріс, семинар, саяхат, практикум, факультативтік сабақ, емтихан, пәндік
және техникалық шығармашылық үйірмелер, оқушылардың ғылыми
қауымдастықтары және т.б. білдіреді. Олар мақсаттан, мазмҧннан,
әдістерден, оқыту қҧралдарынан, оқушы мен мҧғалім арасындағы қарым-
қатынастардан тҧратындықтан, ӛзара біріктіруші рӛлін атқарады.
Оқытудың
қосымша
ұйымдастыру
формалары,
білімдегі
кемшіліктердің орнын толтыру, біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру,
оқу пәніне жоғары ынтаны қанағаттандыру мақсатына арналады [34].
Қосымша сабақтарда әртҥрлі кӛмектесу формалары ҧйымдастырылуы
мҥмкін: жеке сҧрақтарды тҥсіндіру, нашар оқушыларды жақсы оқушыларға
бекіту, тақырыпты қайта тҥсіндіру.
Пәнді тереңдетіп оқу және танымдық қызығушылығын арттыру ҥшін,
жеке оқушылармен жоғары қиындықты есептер шығарылады, бағдарламадан
тыс ғылыми проблемалар талданады, қызығушылықты тудырған проблема
бойынша ӛз бетімен игеруге бағытталған нҧсқаулар беріледі.
Қосымша сабақтармен кеңес беру тығыз байланысты. Олар ағымды,
тақырыптық және жалпылама (мысалы, емтиханға немесе сынаққа
дайындалғанда) болып бӛлінеді.
Сабақта компьютерді пайдаланудың ҧйымдастыру формалары –
көрсету
(демонстрациялау),
жаппай
зертханалық
жұмыс
және
жаттықтыру (практикум) сабақтары болады.
Көрсету (демонстрациялау). Кӛрсету экранын пайдалана отырып,
мҧғалім оқушыларға курстың алуан тҥрлі оқу элементтерін (интерфейс
элементін, бағдарламалардың ҥзінділерін, сызбаларды, мәтіндерді және т.б.)
кӛрсетеді. Оқыту барысында мҧғалім ЭЕМ-де жҧмыс істесе, оқушылар оның
әркеттерін бақылап отырады немесе ӛз компьютерінде мҧғалімнің соңынан
қайталап отырады. Кӛрсетудің негізгі дидактикалық қызметі – оқушыларға
жаңа мәліметті жеткізу.
Зертханалық жұмыс (жаппай) информатика кабинетіндегі негізгі
жҧмыс тҥрі болып табылады. Оқушылар бір мезгілде ӛз жҧмыс орындарында
тиісті бағдарламалық қҧралдармен жҧмыс істейді.
Жаппай зертханалық жҧмыс кезіндегі мҧғалімнің басты рӛлі – оқушылардың
жҧмысын бақылау (оның ішінде жергілікті желі арқылы), оларға шҧғыл
кӛмек кӛрсетіп отыру.
Пайдаланылатын бағдарламалық қҧралдардың әртҥрлі дидактикалық
мақсаты болуы мҥмкін: жаңа тақырыпты меңгерту (мысалы, оқытушы
бағдарламалардың
кӛмегімен),
жаңа
тақырыпты
бекіту
(мысалы,
жаттықтырушы бағдарлама арқылы), алған білімдерін немесе операциялық
дағдыларын тексеру (бақылаушы бағдарламалардың немесе компьютерлік
тестілердің кӛмегімен).
Жеке жаттықтыру (практикум) сабағы – кҥрделілік деңгейі
жағынан, ӛзіндік деңгейі жағынан әртҥрлі тапсырмалармен сипатталатын,
жаппай зертханалық жҧмыстармен салыстырғанда анағҧрлым қарқынды
21
жҧмыс тҥрі; оқулықтарға, анықтамалық қҧралдарға, Интернет ресурстарына
сҥйену арқылы; мҧғалімге неғҧрлым кҥрделі сҧрақтар қою арқылы іске
асады.
« Дәріс» терминінің екі мағынасы бар: ол форма және әдіс. Дәріс
қашанда жаппай ӛтеді. Ол кӛрнекілік және демонстрациялау қҧралы ретінде
компьютерді пайдалану арқылы ӛткізіле алады, ол ҥшін дәріс компьютерлік
сыныпта ӛтуі керек. Оқушыларда компьютерде алдын ала дайындалған
конспектілері болған кезде (мысалы, гипермәтін немесе презентациялар
тҥрінде) танымдық қызметтің ӛзін-ӛзі басқару деңгейі жоғарылап,
маңыздысын жаза алмай қалу ҥрейі жоғалады. Оқушылар конспектінің
баспалық тҥрін де ала алады. А.И.Бочкин атап ӛткендей, егер қағаз бетінің
сол жағында негізгі мәліметтің тезистері, оң жағында оқушының ой-пікірін
жазуына орын қалдырылса конспекті оңтайлы болар еді. Бҧл әдіс оқушының
жеке әрекет етуіне, ойлау қабілетін дамытуға ӛз әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |