Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


Мұғалім әрекетінің негізгі құрамдас бөліктері бойынша



Pdf көрінісі
бет13/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92
Байланысты:
ОҚУ ҚҰРАЛЫ Инф оқыту әдістемесі

Мұғалім әрекетінің негізгі құрамдас бөліктері бойынша –Ю.К. 
Бабанскийдің3 оқыту әдісінің ҥш ҥлкен топтамадан тҧратын әдістер жҥйесі:
а) оқыту әрекетін жҥзеге асыру және ҧйымдастыру әдістері (ауызекі, 
кӛрнекі, практикалық репродуктивті және проблемалы, индуктивті және 
дедуктивті ӛздік жҧмыстары және мҧғалімнің басшылығымен ӛтетін 
жҧмыстар);
б) ынталандыру және білімді дәлелдеу әдістері (қызығушылықты 
қалыптастыру әдістері: танымдық ойындар, ӛмірлік жағдайды талдау
жетістік жағдайын жасау; білім алу парызын және жауапкершілігін 
қалыптастыру әдістері: білімнің қоғамдық және тҧлғалық мәнін тҥсіндіру, 
педагогикалық талаптар қою);
в) бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау әдістері (ауызша және жазбаша 
бақылау, зертханалық және практикалық жҧмыстар, машиналы және 
машинасыз бағдарламалық бақылау, жаппай және сараланған, ағымдағы 
бақылау және қортынды);
Жеке дидактикалық оқыту әдістері  
1. Ақпаратты жеткізу көзі мен қабылдау сипаты бойынша – дәстҥрлі 
әдістер жҥйесі (Е.Я. Голант, И.Т. Огородников және т.б.): ауызша әдістер 
(әңгіме, сҧхбат, дәріс және т.б.); кӛрнекі (кӛрсетілім, демонстрациялау және 
т.б.); практикалық (зертханалық жҧмыстар, шығармалар және т.б.).
2. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының деңгейі бойынша – айтып 
беру, баяндау, сҧхбат, ӛздік жҧмыс;
3. Нақты дидактикалық тапсырмаларға байланысты (Б. П. Есипов) – 
қабылдауға дайындық, тҥсіндіру, материалды бекіту және т.б.;


24 
4. Білімді бөлу және қосу қағидасы бойынша – талдамалы 
(аналитикалық), жинақтамалы (синтездік), салыстырмалы, жалпылаушы, 
жіктеуші;
5. Ақыл-ойдың білімсіздіктен білімге жылжу сипаты бойынша – 
индукциялық, дедукциялық.
Оқыту формалары мен әдістерін таңдау  
Оқыту әдістерін және ҥйлесімділігін таңдау кезінде мына 
критерийлерді басшылыққа алған жӛн:
1) оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары мен міндеттеріне 
сәйкестік;
2) оқытылатын материалдың мазмҧнына сәйкестігі (кҥрделілігі, 
жаңалығы, сипаты, материалды кӛрнекі ҧсыну мҥмкіндігі және т.б);
3) сынып оқушыларының нақты оқу мҥмкіндіктеріне сәйкестігі: жас 
ерекшелігіне (физикалық, психикалық), дайындық деңгейіне (білімділік, 
даму, тәрбиелілік, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды 
игеру дәрежесі бойынша), сыныптың ерекшелігіне;
4) іс жҥзіндегі жағдайға сәйкестік (кабинеттің тиісті оқу қҧралдарымен 
жабдықталуы1, электронды және баспадан шыққан оқу-әдістемелік 
материалдардың болуы) және оқуға жеке уақыттың бӛлінуі;
5) эргономикалық жағдай (кесте бойынша сабақ ӛткізу уақыты, 
сыныптың толықтығы, компьютерде жҧмыс жасау ҧзақтығы және т.б.);
6) мҧғалімдердің дербес ӛзгешеліктеріне және мҥмкіндіктеріне 
сәйкестік (мінез-қҧлқы, қандай да бір әдісті меңгеру деңгейі, сыныппен 
қарым-қатынасы, бҧрынғы тәжірибесі, психологиялық-педагогикалық 
деңгейі, әдістемелік және ақпараттық-технологиялық дайындығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет