Бактерия жасушасының құрылысы: негізгі құрылымдық компоненттері және олардың қызметі



бет5/22
Дата07.12.2022
өлшемі9,38 Mb.
#55686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Бактерияларды дақылдау, негізінен, таза дақылдарды бөліп алу және идентификациялау үшін қолданылады. (схема 3.1)
Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
Әдетте, құрамында әртүрлі микроорганизмдер араласпасы бар зерттеу материалынан бактериялардың жекеленген түрлерін бөліп алу әртүрлі мақсаттарда жүргізілетін (аурудың диагностикасы, қоршаған ортаның микробтық ластануын анықтау және т.б.) кез-келген бактериологиялық зерттеулер кезеңдеріның бірі болып келеді.
Таза дақыл дегеніміз - қоретік ортада өсірілген бір түрге немесе түрлемге жататын бактерияның популяциясы.
Колониялар - тығыз ортада (беткейінде немесе оның қойнауында) бір бактериялық жасушаның көбеюі нәтижесінде түзілген микроорганизмдердің бір түрінің жәй көзге көрінетін оқшауланған қауымдастығы.
Таза дақылды бөліп алу әдістері
Таза дақылды бөліп алу үшін мыналарға негізделген әдістер қолданылады:
1. Бактериялық жасушаларды механикалық жекелеуге;
2. Зерттелетін материалға таңдамалы антибактериялық әсер беретін физикалық немесе химиялық факторлармен алдын ала өңдеуге;
3. Себінділерді инкубациялау кезінде бірге өсуші микрофлораның көбеюін физикалық немесе химиялық факторлармен таңдамалы түрде тежеуге;
4. Кейбір бактериялардың өздеріне сезімтал зертханалық жануарларда жылдам көбею қабілетіне (биосынама).
Таза дақылды бөліп алу, әдетте, 3 кезеңнен тұрады:

  1. Зерттелуші материалдан бактериялардың оқшауланған колонияларын алу;

  2. Таза дақылды жинақтау мақсатында әрбір типті колониядан материалды ауыстыра себу;

  3. Бөлінген таза дақылды идентификациялау.

Патогенді бактериялардың көбісі жылдам өсетін болып келеді. Олардың қоректік орталардағы көзге көрінетін өсімі 18-24 сағаттан соң байқалады. Мұндай бактериялардың таза дақылын бөліп алудың ұзақтығы 2-3 тәуліктен аспайды. Баяу өсуші микробтарды дақылдағанда (мысалы туберкулез қоздырғышын) бұл мерзім 4-6 аптаға, тіпті оданда ұзаққа созылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет