1-сурет. Өзен алабұғасының дамуы. Бақа, тритон, құрбақа және т. б. қосмекенділер де уылдырықтарын суға шашады (2-
суреттегі бақа уылдырығының даму барысын балықпен салыстырыңдар).
Көпжасушалы ұрықтың пайда болуы, одан дернәсілдің дамып-жетілуі уылдырықтың
ішінде өтеді. Дернәсіл уылдырықтағы қоректік заттардың мол қорымен қоректенеді. Одан
соң уылдырық қабығынан шығады. Алғашқы кезеңде уылдырықтан қалған кішкентай
сарықапшық түріндегі қоректік затпен қоректенеді. Ол таусылған соң майда жасыл
балдырларды, қарапайым жәндіктерді, ұсақ шаяндарды қорек етеді. Өздігінен қорек