Сабақ Бөлім: 2Тірі табиғат Мұғалімнің аты-жөні



бет1/2
Дата05.06.2023
өлшемі74,14 Kb.
#98753
түріСабақ
  1   2

«№3 облыстық арнайы мектеп-интернаты» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Айналадағы әлем 58-сабақ



Бөлім:

2.2Тірі табиғат

Мұғалімнің аты-жөні

Жумагалиева Г.К.

Күні:

12.04.2023ж.

Сынып: 4

Қатысушылар саны: 12

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жәндіктер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.2.15 пайдалы жәндіктерді атау – ара, қызыл қоңыз, көбелектер, сыртқы, түрі, өмір сүруін, қоректенуін білу;

Сабақтың мақсаты

Күрделілігі төменгі деңгейі: мұғалімнің көмегімен пайдалы жәндіктерді қайталайды – ара, қызыл қоңыз, көбелектер, сыртқы, түрі, өмір сүруі, қоректенуі туралы мәлімет алады
Күрделілігі орташа деңгейі: мұғалімнің көмегімен пайдалы жәндіктерді атайды – ара, қызыл қоңыз, көбелектер, сыртқы, түрі, өмір сүруін, қоректенуін біледі;
Күрделілігі жоғары деңгейі: пайдалы жәндіктерді атайды – ара, қызыл қоңыз, көбелектер, сыртқы, түрі, өмір сүруін, қоректенуін біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сәлемдесу.
-Көңіл-күйіміз қандай?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ауа райы қандай?
Миға шабуыл:
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не? Шешуі: Шыбын
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не? Шешуі: Ара
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не? Шешуі: Құмырсқа
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. Ол не? Шешуі: Инелік
Гүлден сорып, бал жинап.
Терлеп жанын қинады,
Және өзіне жиғанын,
Адамдарға сыйлайды. Ол не? Шешуі: ара
- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?
- Жәндіктер
Оқу материалын жариялау: Жәндіктер
-Бүгінгі сабақта жәндіктердің дене құрылысы туралы, жәндіктердің түрлерін және олардың немен қоректенетіндері туралы білеміз.

Тамаша!

Оқушылар жұмбақтардың шешімін айтады.









Сабақтың ортасы
10 мин



Кіріспе сөз.
-Көктемнің келуімен жәндіктер қысқы ұйқысынан оянады. Барлық жәндіктердің 6 аяғы бар. Кейбір жәндіктердің қанаты бар. Жәндіктер алуан түрлі.
Логопедиялық сәт. Не қалай дыбыстайды?
Көбелектер ұшады. Қаңқыздар күн сәулесіне қыздырынады. Бірге айтайық (ж-ж-ж) Аралар тыңбай ызылдайды. Бірге айтайық. (з-з-з) Шегірткілер секіреді Бірге айтайық. (ц-ц-ц-)
Сызбамен жұмыс:
Денелері үш бөліктен тұрады.

кеуде

құрсақ

БАС

«Ара денесінің құрылысы»
Бас, кеуде, құрсақ, аяқ, қанат, көз, мұртша

-Сұрақ-жауап:
-Араның дене бөліктерін көрсет және ата.
-Араның кеудесі қандай? Құрсағы ше?
-Араның басында не бар?
-Араның неше аяғы бар?
-Ең ұзын аяғы қайсы?
-Араның қанаты қандай? Олар нешеу?
-Араға қанаттың не керегі бар?
Суреттермен жұмыс.
-Бұл не? (көбелек) Көбелектің басын, кеудесін, құрсағын, көздерін, мұртшаларын, көрсет. Көбелектің кеудесінде қанаттары мен аяқтары орналасқан.
-Көбелектің неше қанаты бар?
-Неше аяғы бар?
(Инелік, ханқызы, құмырсқа мен осындай жұмыстар жүргізіледі)
Қорытынды: барлық жәндіктерде 6 аяқтан болады.
Жәндіктердің біреуі секіреді, біреуі жорғалайды, біреуі ұшады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет