Жапырақ тақтасының пішіні. Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әр
түрлі. Қарағай, шырша және т. б. ине тәрізді; бидай, қарабидай, жүгері, арпа таспа тәрізді.
Жөке, гүлшетен жүрек пішінді; құсықшөп бүйрек пішінді; шырмауық жебе тәрізді.
Сағақты Сағақсыз
1-сурет. Жапырақтың сыртқы құрылысы және сабаққа бекінуі.
1. Тақтасы. 2. Сағағы.
Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы. Жапырақ ағаштың бір жылдық өркенінде
түзіледі. Алдымен жапырақ ұшынан өседі. Өсуі 30-40 күнге созылады. Жапырақтың
тіршілік ету мерзімі бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Кәдімгі қарағай
қылқанының тіршілік ету ұзақтығы 2-4 жыл; Кавказ самырсыны 9-13 жыл; Тиса қылқаны
6-10 жыл; шыршада 5-12 жыл; тозды еменде 1-2 жыл, қаражидекте 1-4 жыл.