Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. Картоп өсімдігіндегі түйнектің бөлімдері.  Пиязшық



Pdf көрінісі
бет33/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

3-сурет. Картоп өсімдігіндегі түйнектің бөлімдері. 
Пиязшық (жуашық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жер асты 
пиязшықты өсімдіктерге – пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа
қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа жатады. Пиязшықтың төменгі ұшындағы тығыз 
жерін қысқарған сабақ немесе түбіртек дейді. 


34 
 
Түбіртектен шашақталып көптеген қосалқы тамырлар шығады. Жапырақтары да түрін 
өзгерткен. Пиязшықтың сыртындағы кебу, жарғақ тәрізді қабыршақтары ішкі бөлімдерін 
қорғайды. Ішкі жапырақтарына қант, т.б. заттар қорға жиналатындықтан қалың, жұмсақ, 
шырынды. Бір-біріне қабатталып өте тығыз жанасады. 
Төбе, қолтық бүршіктерінен жер үсті жасыл өркендер дамиды. Пиязшықты өсімдіктер 
көбінесе далалы, шөлді, шөлейтті аймақтарда өседі (тауда да өседі). Ерте көктемде гүлдеп, 
жеміс пен тұқым дамып үлгереді. Себебі пиязшығындағы қоректік заттарымен 
қоректенеді. Өсу дәуірі қысқа болғанымен жыл мезгілінің қолайсыз жағдайына жақсы 
бейімделген. Пиязшықтары қысы-жазы топырақта болады. Пиязшықты өркенге 
жатқызатын себебі: 1) қысқарған сабағы (түбіртегі); 2) қосалқы шашақ тамырлары; 3) төбе 
және қолтық бүршіктері бар. Пиязшықтан жер бетіне өркендер шығып, гүлдеп жеміс 
береді. Пияздың жемісі – құрғақ жаңғақша. 
Түрі өзгерген жер үсті сабақтар: сояу, шырынды сабақтар, қырыққабат қауданы. Жер асты 
өркендер – тамырсабақ, түйнек, пиязшық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет