Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің
көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.
Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас
тозаңдану деп екіге бөлінеді.
Өздігінен тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына
(қос жынысты гүл) түсуі (1-сурет). Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде
және гүл жармай (бітеу гүлде) тұрғанда тозаңданып үлгереді. Мысалы, жер жаңғағы
59
(арахис), шегіргүл, саумалдық, бетеге, тары өсімдіктерінің гүлдері ашылмай тұрып
тозаңданады.