Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.
Айқас тозаңдануды – бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге
бөледі.
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош
иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі (1-сурет).
Өздігінен тозаңдану Айқас тозаңдану Аралар арқылы айқас тозаңдану
1-сурет. Тозаңдану түрлері.
Балара, жабайы ара, шыбын, көбелек, қоңыз, құмырсқалар гүлдің тозаңымен, шірнесімен
қоректенеді (2,3-суреттер).
Қорегін іздеп, бір гүлден екінші гүлге қонғанда денесіне тозаңдар жабысады. Екінші гүлге
қонғанда жабысқан тозаңдар аналықтың аузында қалып, тозаңдануға себепші болады.