Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Туберкулездің диагностикасында



бет14/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73
Туберкулездің диагностикасында жиі қолданылатын әдіс – туберкулин сынамасы (Манту).

0,1 мл (2 ППД – Л) туберкулинді білектің ортаңғы 1/3 бөлігіне егеді. Қорытындысы 48 – 72 сағаттан кейін тексеріледі:



  • 0 – 1 мм - теріс нәтиже;

  • 5 мм – ге дейін - күдікті нәтиже;

  • 5 мм – ден жоғары болса - оң нәтиже;

  • 17 мм – ден жоғары болса - гиперергиялық реакция.

Ескерту! - Туберкулин сынамасының нәтижесін тексергенде тек папула көлемі өлшенеді;

  • Папуланың білектің ұзындығына көлденең диаметрі өлшенеді.

Манту сынамасы алғаш рет оң нәтиже берсе, оны туберкулезді вираж деп атайды.

Емі. Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудегі мақсат туберкулез ошақтарын толық жазу, клиникалық айқындалу белгілерін толық жою. Туберкулезге қарсы қолданылатын препараттардың жіктелуі:

  • Өте тиімді преапараттар (изониазид, рифампицин, пиразинамид);

  • Орта дәрежедегі тиімді преапараттар (этамбутол, этионамид, протионамид, стрептомицин);

  • Төменгі дәрежедегі тиімді преапараттар (ПАСК, тибон).

Емді ерте бастап, комплексті, ұзақ, үздіксіз жүргізіп, Кох бацилласының дәріге төзімді түрлерінің дамуына жол бермеу қажет. Қазіргі кездегі химиотерапияның арқасында туберкулезбен ауыратын науқастардың 95% жазылып кетеді.

Туберкулез анықталған жағдайда карантин шараларын өткізудегі мейірбикелік процестерді ұйымдастыру. Мейірбикелік араласулардың мақсаты – туберкулездің таралуына жол бермеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет