Балалардағы темір тапшылығы анемиясы: педиатр не білуі керек Мақаладағы басты тақырыптар



бет5/8
Дата03.12.2023
өлшемі0,97 Mb.
#133318
1   2   3   4   5   6   7   8
Баланың жасы

Әдеттегі темірдің тәуліктік мөлшері

Темір тұз препараттары

3 жасқа дейінгі балалар

3 мг/кг

3-тен асқан балалар

45-60 мг

Жеткіншектер

120 мг-е дейін

ГПК негізіндегі үшвалентті темір препараттары

Кез келген жасқа

5 мг/кг



Балалардағы ТТА терапиясы қағидалары:

  • құрамында темірі бар препараттармен емдеуді бақылау, қажет болған жағдайда қосымша кеңес беру;

  • балаларға қабыну процестері (ЖРВИ, тонзиллит, пневмония және т.б.) жүріп жатқанда құрамында темірі бар препараттар тағайындамаңыз;

  • еківалентті темір негізіндегі пероральды препараттарға көбірек сүйеніңіз;

  • емделу кезінде дұрыс тамақтану рационын сақтау;

  • темір препараттарын ішу ережелері мен қолдану жөніндегі нұсқаулықты сақтау;

  • құрамында темірі бар препараттардың сіңуін жақсарту үшін аскорбин қышқылын ішіңіз. Ол асқазан-ішек жолында сіңірілмейтін Fe-II иондарының Fe-III-ге айналуын тежейді. Фруктоза мен янтарь қышқылдары да темірі бар препараттардың сіңуіне ықпал етеді;

  • темір препараттарын құрамында темірдің сіңуін тежейтін элементтер бар тағамдармен бірге тұтынбаңыз: сүт (кальций тұздары), шай (таннин), өсімдікнегізді азық (фитаттар және хелаттар), бірқатар препарат тобы (тетрациклин, антацидтер, блокаторлар, H2 рецепторлары, протонды помпа ингибиторлары);

  • құрамында темір сияқты мыс, кобальт, фолий қышқылы, В12 дәрумені немесе бауыр экстракты бар құрама препараттарды қолданбаңыз. Бұл заттардың гемопоэтикалық белсенділігі емдеудің тиімділігін бақылауды қиындатады;

  • ТТА-ны емдеу ұзақтығы орта есеппен 4-8 аптаны құрайды. ТТА белгілері жоғалғаннан кейін де терапияны тоқтатпаңыз. Тіндер мен темір депосын қалпына келтіру керек. Қосымша курс ұзақтығы темір жетіспеушілігінің дәрежесі мен ұзақтығына және қан сарысуындағы ферритин деңгейіне байланысты;

  • темір тапшылығымен патогенетикалық байланысы жоқ В12 дәруменін, фолий қышқылын, В6 дәруменін ішудің қажеті жоқ;

  • құрамында темірі бар пероральді препараттармен емдеу тиімсіз болса, емделуші қабылдап жатқан препараттар мөлшері мен терапия ұзақтығының дәрігердің тағайындауына сәйкестігін қайта бір қарау қажет;

  • құрамында темірі бар препараттарды парентеральді енгізу мына жағдайларда ғана көрсетілген: ішек сіңіруінің бұзылуы синдромы мен аш ішектің кең резекциясынан кейінгі жағдайлар, ойық жаралы колит, ауыр созылмалы энтероколит және дисбиоз, пероральды темір препараттарын қабылдай алмау;

  • құрамында темірі бар препараттарды бір мезгілде пероральды және парентеральді (бұлшықет пен көктамырға) тағайындауға жол бермеу;

  • Қан құймаңыз. Донорлық темір реципиент ағзасында қайта пайдаланылмай, макрофагтардың гемосидеринінде қалады. Донорлық қан арқылы қауіпті инфекциялар да берілуі мүмкін. Донорлық эритроциттерді құюға мына жағдайларда ғана рұқсат: ауыр гемодинамикалық бұзылыстар; ауыр анемия кезінде (гемоглобин 70 г/л-ден аз) қосымша қан жоғалту (босану, ота).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет