Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет37/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Маниакальды кезеңі.

Бұл кезең депрессивтіге қарама-қарсы үш белгіден құралған. Бұл кезеңге көңіл-күйінің көтеріңкілігі, ой-лау процесінің жылдам өтетіні, психомоторлы қозулық тән. Мұндай ауруларда физикалық және ой қызметі күшейгені, денсаулықтың мықты екені сезіледі. Айнал-адағының бәрі әдемі және қуанышты, адамдар жақсы, қайырымды болып көрініп, ауру адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, көп және жылдам сөйлейді. Олар қат-ты, жылдам, жұлқынып сөйлеп, күліп, өлең айтып, бір-ден өлең шығарып, билейді, үнемі қозғалыста болады. Кейде ойлау қарқыны сондай жылдам болғандыктан, олар өз ойларын айтьш үлгермейді, сондықтан сыртқара-ғанда сейлеуі үйлеспейтіндей болып керінеді. Мұндай жылдам ойлауды ойлардың секіруі дейді. Ауру адамдар айналадағының бәрін көріп, бәріне көңіл аударады және бәрі олардың реакциясын тудырады. Кеңіл-күйі көте-ріңкі болғаннан басқа ойлауы жылдамдап, есі күшейеді. Сондықтан мұндай адамдар бұрынғы біліп ұмытып калған өлеңдерді оқиды, әңгімелерді айтады. Үнемі катты сөйлегендіктен дауысы қарлыға бастайды. Инс-тинктер (мысалы жыныс рефлекстері) тежелмейді. Ауру адамдар сексуальды тақырыпта оңай сөйлеп,' та-нымайтын адамдармен оңай танысып, олармен жыныс-тық қатынасқа түседі. Ұятты қойып жаман сөздер айта-ды. Олардың тәбеті жоғары, ұйқысы қысқа мерзімді, бірақ қатты болады. Ауру адамның дене салмағы күрт төмендейді. Сырт пішіні жас болып көрініп, бет әлпеті ойнақтап, көздері жылтырап, үнемі күліп, жымиып жүреді.

Өз басын жоғары бағалайтын ойлар болады. Өздерін өте кабілетті, талантты дел санап, артист, ғарышкер, ақын, жауапты қызметкер болатыны туралы айтады. Кейде маниакальды жағдайда ашуланшақ және ызалы оолады. Онда ызалы мания туралы айтады.

Кейде эйфория жағдайында қозғалу мен сөйлеу бел-сенділігі болмауы мүмкін. Онда атипті, өнімсіз мания туралы айтады.

Кейбір жағдайда маниакальды синдромның барлық белгілері аз мөлшерде білініп, көңіл-күйі сәл көтеріңкі болып, сөйлеуі мен қозғалысы азаяды. Мұнда гипомани-акальды жағдай туралы айтады.

Кейбір ауру адамдарда маниакальды және депрес-сивті аурудың қозуы субдепрессивті және гипоманиа-кальды деңгейде болады. Мұндай жағдайда ауру адам-дар дәрігерге қаралмаса аурудың күшеюі, ал емхана жағдайында жазылуы мүмкін. Маниакальды депрес-сивті психоздардың осындай түрлерін циклотимия деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет