Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу.
«Саусақ жаттығуы» Бас бармағым – алғашқы,
Балаң үйрек – жалғасы.
Ортан терек – ағасы,
Шылдыр шүмек – нағашы,
Кішкентай бөбек – балақан,
Бәріне ортақ – алақан.
Сөйлеуді дамыту Қоршаған ортамен таныстыру
Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
Балаларға тақпақты қайталату арқылы қимылдар жасау.
Тыныс алу жаттығуы Демді ішке тартайық
Енді «Ү-п» деп айтайық.
Демді шығар қайтарып.
Музыка
Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
Құрастыру «Киіз үй» Мақсаты: Балаларға киіз үй туралы түсінік беру. Киіз үй бөліктерімен таныстыру.
Көркем әдебиет «Әз, наурызым армысың!» Мақсаты: Наурыз туралы туралы түсінік беру.