Психологиялық ойындар жинағы Танысу жаттығулары «Есім және қимыл»



бет1/5
Дата16.10.2023
өлшемі34,74 Kb.
#115880
  1   2   3   4   5
Байланысты:
лагерь ойындары (1)


Психологиялық ойындар жинағы
Танысу жаттығулары 

1.«Есім және қимыл» жаттығуы
Қатысушылар шеңберде тұрады. Әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады. Ойын соңына дейін жалғасады.
2. «Бұрылып секіріс» ойыны (қатарда). 

Сипаты: қатысушылар арақашықтығы кем дегенде жарты метрдей, бір бағыттқа қарап тұрады. Дабыл берілгенде бір мезетте барлығы орнында бұрылып секіреді. Секіргенде кез келген жағына бұрылып (90º, 180º немесе 360º - қа дейін) секіруге болады.
Әркім өзі шешеді, қалай және қаншалықты айналуына болатындығын. Бірақ ақылдасмуға болмайды.


Міндеті: кезекті секірістен кейін, бір бағытқа бұрылып тұру. Күрделі нұсқасы әр секірісте көзді жұмады. Көзді жұмған қалпы ашпастан жаттығуды жасауға болады, онда қатысушылар арасында өзекті қатынас бір жүйемен шешіледі. 

Психологиялық мағынасы: Ойын жақсы сергітеді, топты белсенділікке әкеледі, мазасыздықтан арыльады. 

Талқылау: Әркім өзі үшін бұл тапсырманы сәтті орындауға бола ма? Әрине, жоқ! Егер көршіңнің ойын түсінгің келмесе, өзіңнің ықыласыңды білдірмесең, ештеңеде болмайды.Ал оны қалай жасауға болар еді?


3. «Дракон» ойыны.


Топ қаиарласып тұрады, әр қатысушы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Саптың алдындағы ойыншы дракон «басы», соңғы қатысушы «құйрығы». «Басы» «құйрығын» ұстауға тырысады, ал басы бұлтып ұстатпауы керек. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалады. 

Талқылыу. 

Қазіргі сезімімдерін, көңіл-күйін қысқаша білдіреді. 

4. «Қазіргі көңіл-күйім» жаттығуы. 

Тренингден соң алған әсерлерін, көңіл-күйін, өзіне ұнайтын түстерімен салыстырып, себебін айтады. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет