Балалардың сенсомоторикалық әрекеттерін дамытатын ойындар



бет2/2
Дата20.09.2022
өлшемі48 Kb.
#39600
1   2
Иммитационды әрекет.
Мұғалім: Кірпінің аяқтарымен қалай әрекет етуін қолдарымызбен көрсетеміз. (Балалар қолдарымен әрекет жасайды)
Мұғалім: Енді кірпінің қорқып, домалақ болып қалуын көрсетеміз. (оқушылар отырып, бастарын тізесінің арасына қояды. Мұғалім олардың бастарын сипайды)

  • Енді, ақырын тұрамызда кірпіге айналамыз.

  • Кірпі жасау.

Мұғалім: Бүгін сабағымызда сендермен кірпіні жасаймыз. Кірпі жасағыларың келе ме?

  • Ия.

Мұғалім: Менің де кірпі жасағым келеді. Міне, менде кірпінің денесі мен қарны бар. Бірақ кірпінің басқа бөліктері жетпейді. Мына үстелдің үстінде оның бөліктері бар. Келіңдер, осы бөліктерінен кірпі жасаймыз. Ең алдымен кірпінің басын жасаймыз.

  • Дана, сен кірпінің басын тапшы. Балаларға көрсет. Не үшін оны кірпінің басы деп ойлайсың? Оның басында нелер бар?

  • Көздері, мұрны, құлақтары бар.

  • Қараңдар, әдемі жымиып тұр. Кірпіміз өте көңілді.

  • Енді кірпінің дене бөлігін оң жағына орналастырамыз. (оқушы орналастырады)

  • Өте жақсы. Кірпіде бас пайда болды.

  • Енді Анвар, сен шық, кірпімізге қарашы, ол әрекет еткісі келіп жатыр.Бірақ оған аяқтары жетіспей жатыр. Қане, аяқтарын тапшы. (оқушы тауып орналастырады)

  • Өте жақсы. Алдыңғы аяқтарын орналастырдық.

  • Кірпінің артқы аяқтары әдемі етіктерде. Фарход, сен әдемі етіктерін тапшы. (оқушы табады)

  • Енді сол жағына орналастыр. (орналастырады). Өте жақсы. (етіктерінің сықырлаған дауысын балаларға естіртеді).

  • Міне, біз кірпі жасадық. Біз жасаған кірпіміз әдемі болып, сәнденіп жүргісі келеді екен.

  • Қанекей, Шахло, әдемі моншақты тапшы. Қарашы, әдемі моншақ енен, ия?! Моншақтың түсі қандай? (қызыл). Қатты ма, жұмсақ па? (Қатты. Балаларға көрсетіледі). Енді денеге орналастыр. (орналастырады). Өте жақсы.

Мұғалім: Тағыда бір нәрсе қалды. Ол не?

  • Бантик.

  • Өте дұрыс. Қараңдар, өте әдемі. Ал мынау не?

  • Ленталары.

  • Өте дұрыс. Лайло, сен бантикті кірпіге тақшы. Қараңдар, кірпіміз өте сұлу болып сәнденіп кетті. Дұрыс па? Ол өте қуанып жатыр. Мұны оның жымиып тұрғанынан білсек болады.

Мұғалім: Құрметті балалар, қазір бізге қонаққа тасбақа де келмекші екен. Келіңдер, енді тасбақаны шақырамыз.

  • Тасбақа ортамызға кел. (тасбақа келеді)

Мұғалім: Міне тасбақада келіп қалды. Қараңдаршы, өте әдемі әрі сыйлықтарға бай тасбақа екен. Қане, көрейікші, тасбақа қандай сыйлықтар алып келіпті. (Мұғалім оқушылардың әрқайсысынан тасбақа алып келген сыйлықтардың атын сұрайды. Олар жауап береді)

  • Балалар, біздің тасбақамыз өте жомарт екен. Өзінің алып келген сыйлықтарынан кірпі досына бермекші. Қане, Нигора, сен кірпіге не сыйлағың келеді?

  • Алма.

  • (Оқушы алманы алады. Мұғалім одан алманың түсін, санын сұрайды). Оқушы сыйлықты кірпінің үстіне жабыстырады.

  • Сөйтіп тасбақаның сыйлықтарымен кірпінің денесі безентіріледі.

  • Мінекей, балалар, кірпіміз өте әдемі болып сәнденіп алды, ия? Сендерге ұнады ма? Маған да қатты ұнады. Бірақ, кірпі мен тасбақаның үйлеріне қайтатын уақыты болды. Енді, балалар, олармен қоштасайық. (оқушылар орындарынан тұрады)

  • Сау болыңдар.

ІІІ. Қорытындылау бөлім.
Оқушыларды бағалау.
Сабақты қорытындылау.
ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы


Сайрам көмекші мектеп – интернаты КММ


АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
«Балалардың сенсомоторикалық әрекеттерін дамытатын ойындар»


Дефектолог:
Халметова Дилобар Муратваевна

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет