Қош келдің- Әз-Наурыз! Айгөлек тобы «Хор Көктем құлпырып!» Фанфар. Жасмина: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!»



бет1/4
Дата05.04.2023
өлшемі24,22 Kb.
#79682
  1   2   3   4
Байланысты:
22 наурыз


Қош келдің- Әз-Наурыз!


Айгөлек тобы «Хор Көктем құлпырып!»


Фанфар.


Жасмина: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі «Шаттық» тобының «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
Айша:Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк шығып, төрт түлік мал түлеп, көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесін тойлаймыз.
Мансұр: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!


Ақ тілегін арнауға Ардақ Жүсіпбекқызын ортаға шақырамыз!


Айгөлек «Әже» хор


(Әже шашуымен кіреді, хор соңында балаларға бауырсақ таратады)


«Шаттық» Хор Наурыз


Иса: Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Береке, бірлік берсін қауымыңа.
Береке, бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа
Амангелді:
Жансұлтан Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Байласаң жақсы орамал белімізге,
Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?
Ақсұлтан:
Наурызым қайта оралды аты аңыз,
Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз.
Үй - дастархан, даламыз сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз!
Димаш
Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс та ұзап барады жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз да жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Б.Алинұр
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Мейіржан
Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,
Қастерледік қадіріңді білдік де.
Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет