Бас редактор әмірбеков Шәріпбек



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата06.03.2017
өлшемі2,84 Mb.
#8299
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

81
деген сөзге бабамыз ақиқатты білмейтін жандар
деп түсіндіретіндей. Қазақ мақалдарында: «Өзің
білме,  білгеннің  тілін  алма»  деген  мақал  бар.
Бұны  ең  жаман  қарғыс  деп  айтылады.  Бұл  да
Қ.А.Ясауи баба ілімінің халық  санасына терең
сіңіп кеткеніне дәлел бола алады. Жоғарыдағы
Қ.А.Ясауи  бабамыздың    бірінші  ең  қауіпті
қасиет  ретінде  айтып  отырғаны  дәл  осындай
жандар. Тіпті, бабамыз: «Надан барса, дозақ та
одан  қашар»,-  деп  наданнан  оқырманын
түңілдіреді. Қанша айтса да түсінбейтін көкірегі
тас, көңілдері соқыр жандарды баба «надан» деп
ат  қояды.  Дүниедегі  ең  қауіпті  жандар  да
осындай  надан  жандар  деп  безінеді.  Өйткені
олар  өздері  білмейді,  айтып  тұрған  білімдінің
сөзіне  ермейді.  Халық  арасында  ең  жаман
қарғыс деп аталып кеткен «Өзің білме, білгеннің
тілін алма» деген сөздердің де Ясауи танымын
тірек  еткен  сопы  жандардың  бірінің  күйініп
айтқаны деуге болады. Бұл мақалда анық Ясауи
танымы  көрініп  тұр.  Надандықпен  күресуге
шақырады.
Бұдан  кейінгі    бабамыз  өзін    бездірген
әрекетті былай  түсіндіреді:
«Үлкен, кіші адамдардан әдеп кетті,
Қыз, келіншек, нәзік жаннан  ұят кетті.
«Ұят барда иман бар» деп Расул айтты,
Арсыз қауым бүлдіріп бітті, достар.
Мұсылман мұсылманға болды қатал,
Нақақ іспен хақ жұмысын бұзды батыл.
Мүрит пірге  жылы жүзбен  болмай жақын,
Ғажап сұмдық  замана болды достар.
Ел, дүние, халқымызда  қайырым жоқ,
Патша менен уәзірлерде  әділет жоқ.
Дәруіштердің  дұғасында қасиет жоқ,
Түрлі бәле халық үстіне жауды достар.
Ақырзаман ғалымы залым болды,
Ізгі  тілегін үзбеген ғалым болды»[8; 61-
62.].
Міне, Қ.А.Ясауи бабаның  өз ортасында өмір
сүруі  тым  қиындап  кеткенін  көреміз.  Сондай
әулие  адамның    өз  ортасынан  қолдау  таппауы
барлық ел тарихынан кездесетін сияқты. Неміс
ақыны  И.Гете  жазған  «Фауст»  поэмасының
кейіпкері  данышпан  Фауст  та    бүкіл  еуропа
елдерінде  тараған  «Доктор  Фаустус»  аңыздың
кейіпкері екен. Ол данышпан да өз ортасынан
жалғыздық көріп, шайтанмен уағдаласады.  Осы
дүниеде шайтан оған қызмет көрсетіп, бақытқа
жеткізетін  болса,  жанын  шайтанның  алуына
келіседі.      Фауст  та  елден  асқан  білімі  мен
ақылынан қайғы шегетін. Қ.А.Ясауи бабамыз да
осы халді басынан кешкен. Жер астына тірідей
түсіп,  өзі  айтқанындай:  «Өлмес  бұрын  жан
бермек»  халін  басынан  кешіреді.  Мұхаммет
с.ғ.с.  пайғамбарымыздың  алпыс  үш  жасында
қаза болғаны белгілі. Бұл оқиғаны  көп жағдайда
өзі 
пір 
тұтқан 
Мұхаммет 
с.ғ.с.
пайғамбарымыздың жасынан өтіп өмір сүргісі
келмегендігі деп түсіндіреді. Бұны өзі де айтады.
«Таң сәріде   дүйсенбі күн жерге кірдім,
Мұстапаға қайғы  тұтып кірдім, міне.
Алпыс үште сүндет деді естіп білдім,
Мұстапаға аза тұтып кірдім, міне.
Жер үстінде жарандарым қайғы тұтты,
Барша әлем сұлтаным деп зар жылады.
Хақты сүйген шын сопылар  қандар
жұтты,
Мұстапаға  аза тұтып  кірдім, міне»[8;  34.
].
Халық  арасында  Қ.А.Яс ауиді  «Әзіреті
Сұлтан» деп атайды. Оның мәнісі – әулиелердің
сұлтаны»  деген  сөз.  Жоғарыдағы  хикмет
сөздеріне қарағанда,  сопылар  Ясауи бабамызды
осылай атағандығы көрінеді. Сол ат әлі де халық
аузында  көп  айтылады.  Бұның  барлығы
Қ.А.Ясауи  бабаның  өмірі  туралы  айтылып
жүрген аңыздардың шындыққа жақын келетінін
көруге  болады.  Оған  өз  хикметтеріндегі
айтылған жайттар мен аңыздың сәйкестігі  дәлел
болады. Бұл қиын жол, яғни «Өлмес бұрын жан
бермек» көпшілікке міндетті болып кетпес үшін
баба  бұған  періштелерден  хабар  келгендіктен
барғанын қатаң ескертеді. Бұл өлімге барша жан
қайғырғанын, аза тұтқанын да ескертеді. Ясауи
шәкірттері туралы айтылатын немесе жазылып
қалған  деректердің  ешбірінде  Яс ауидің
танымын қабылдағанымен, оның осы әрекетін
қайталағандарды  кездестірмедік.  Бұны  айтып
отырған  себебіміз  Шәкәрім  ақынның  да  тура
осы  жолды  таңдап,    ұлы  ұстазымен  рухани
сабақтастығын тағы бір дәлелдегендей болады.
Шәкәрім    ақын  жер  астынан  қылует  қазып,
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

82
дүниенің  жарығын  көрмеймін  деп,  біржолата
жерге  кірген  жоқ.  Бірақ,  Шәкәрім  ақын  да,  өз
ортасынан  өзіне лайық орын таппай, өмірінің
соңғы уақыттарын оңаша, таудағы  саят қорада
өткізгені  белгілі.  Алғашында  қасында  Әупіш
деген  кісі  болғанымен,  кейіннен  оны  да  елге
қайтарып жібереді. Өзі осы саят қорада жалғыз
өмір  сүреді.  Өмірдегі  тұрмысқа    қажетті  бар
тіршілікті өзі қолмен жасап отырады. От жағу,
тамақ  пісіру,  атына  жем  салу,  т.б.  Бұл  өмірді
Шәкәрім  ақын    да  өзі  шын  ниетімен  таңдап
алады. Біз бұл әрекеттерін де Ясауи танымымен
сабақтастығы ретінде бағалағанды жөн көрдік.
Ұлы  ақынның    өз  өмірі    жайлы    жазған
«Мұтылғанның  өмірі»  деген  поэмасында  өзі
іздеген ақиқаты және оны қалай тапқаны туралы
толық сырын ашып көрсетеді.
«Қырықтан аса бергенде,
Ақылым қылды шерменде:
«Дінім қалай, жаным не?
Жоғалам ба өлгенде?
Әлемді кім  жаратқан,
Осынша  түрлеп таратқан?»[9; 339.]
Шәкәрім  өз  өмірі  туралы    жастық  шағында
серілік  құрып,  болыс  болып,  жуан  атаның,
белелді  ат аның  ұлы  болып,  ешнәрседен
тарықпай  өскенін  жасырмайды.    Саналы,
парасатты  жанның    ерекше  қасиеті  –  өмірдің
мәнін  түсінуге  ұмтылу,  өзін  жаратылыс  иесі
ретінде өзін жаратқан  ұлы күшті тануға ұмтылу.
Шәкәрім  ақын    біраз  еңбекетірінде,  ұлы
Абайдың  тапсырмасымен  қажылыққа  барып,
сол  елдегі  және  Түркиядағы  үлкен
кітапханаларда болғанын, сол жерден көп білім
алғанын  жазады.  Осы  біз  сөз  етіп  отырған
поэмасында да,  осы сапарын әңгіме етеді.
«Осы оймен  Мекке барғамын,
Әртүрлі кітап алғамын?»
Ақылға сыймас  жалғанын,
Алмадым сынай келгенде.
...Іздедім, таптым анығын,
Тастадым ескі танығын.
Хақиқат нұрдың жарығын
Жарылды жүрек көргенде» [9;339.].
Шәкәрім ақын осылай  өзі сенген, өзі тапқан
ақиқаттың  шындығына сенімді.
«Ақылмен нанбай иман жоқ» дейді сыншыл
ақын.    Жалғыз  дін  кітаптары  емес,  бүкіл
дүниетану  ғылымдарын  да  оқыған  ақын  өз
шындығын ұсынады. Ол ақиқаты – біз сөз етіп
отырған    ислам  дініндегі  ақиқат,  Қ.А.Ясауи
тапқан ақиқат. Сондықтан ақын Қ.А.Ясауимен
барлық  өлеңдерінде  рухани  сабақтастығын
көрсетіп  отырады.  Тіпті,  әлеуметтік  жағдай
шиеленісіп  тұрған  тар  уақытта  Қ.А.Ясауи
өміріндегі  басқалар  қайталай  алмаған  жолды
таңдайды.    Жер  астына  түспесе  де,  бүкіл
қоғамнан,  тіпті  өзінің  бала-шағасынан  да
аулақта  жалғыз    өмір  сүреді.    Оны  өзі  былай
түсіндіреді:
«Елімнен кеттім елсізге,
Елуден асқан жасымда.
Қора салған жеріме,
Кіргендей болып көріме,
Өкпеледім еліме,
Отырман деп қасыңда.
Партия қудың халқым деп,
Кәріңіз бен жасың да.
Қауымнан қаштым  қағылып,
Оңаша өмір сағынып.
Ойға оңаша  жер керек,
Ойыңды ұғар ел керек»[9; 340-341].
Осы  жолдардың  әр  сөзінде    жоғарыда
Қ.А.Ясауи    бабаның  хикметтерінен  келтірген
үзінділердегі ойлармен үндестік анық көрінеді.
Тек  қана  Шәкәрім  ақын  өзі  өмір  сүрген
қоғамдағы  жағымсыз,  өзі  төзбеген  мінезді
көбірек  сөз  етеді.  Шәкәрім  ақынды  елден
бездірген жас пен кәрінің партия қуып кеткені
болатын.  Бұл  тарихи  шындық  екені  белгілі.
Осыдан  кейін  біржола    елден  безіп  кеткенін
ақынның өзі  былай түсіндіреді:
«Сол кеткеннен кетім ем,
Ауылға келіп жетіп ем,
Аз ғана күн кідірмей,
Елсізге қарай өтіп ем
Үмітпен алдап сүйретіп,
Сүйегімді  күйретіп,
Тағылыққа  үйретіп,
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

83
Тағдыр-ау, саған нетіп ем?
Әр тасты бір сүздірдің,
Мұз дәрияға жүздірдің,
Нұрдан үміт үздірдің,
Қажымасқа –ақ бекіп ем» »[9; 343-344].
Міне,  Шәкәрім  ақын  өзінің      жан  азабын
осылай түсіндіріп кетеді. Өзінің Қ.А.Ясауимен
рухани  мұраттас  екенін  де  ұғындырады.    Өз
сырының тым терең екендігін де, сонымен бірге
нағыз  түзу  жол  екенін  де  ақын  қаймықпай
айтады.
«Қырықтан соңғы қырымды,
Сынамақ болсаң түрімді,
Көрейін десең нұрымды,
Жи-дағы оқы жырымды.
Ой құлағын ашып ал» »[9; 345].
Шындығында, Шәкәрім ақын бар сыры мен
шынын өз өлеңдерінде  жазып қалдырған. Бұл
да  оның  Қ.А.Ясауи  салған  жолмен  тайсалмай
жүргендігін  көрсетеді.    Ясауидің  де  бар  өмірі,
шын сыры, тапқан ақиқаты қалдырған мұрасы
хикметтерінде жазылған. Шәкәрім ақын да дәл
солай  өз  өмірінің  бар  құпиясын  өлеңдерінде
айтып кеткен.
«Ойын деме мұнымды,
Күн сайын, яки айында
Жаттап оқып пайымда.
Жан мен тәңірі жайында
Дәлелелім көп танымды» [9; 345].
Өз өмірін сынайтын жандар болса, тек соңғы
отыз  жылына  мән  бергенін  қалайды.  Соңғы
қырық  жылдан  кейінгі  отыз  жылдық  өмірінде
өзі  іздеген  ақиқаты  туралы  айтқан  ойларын
сарапқа салуды сұранады.
«Отыз жылды өткіздім,
Жетпіске жасты жеткіздім,
Бар қуатты кеткіздім,
Қасықпен аршып жылымды»,-
дейді.
Ясауиден айрымашылығы – бұған дайын ілім
үйреткен  періштелер  жоқ,  Мұхаммет  с.ғ.с.
пайғамбарымыз  аманат  еткен  құрма  да  жоқ.
«Қасықпен  аршып  жылымды»  ауыр  азаппен,
оқумен тапқан шын ақиқаты ғана бар.  Осындай
жолда қателестіретін сөздер де көп.
«Әулие білгіш айтты деп,
Жазылған талай қате көп,
Улама ондай уды жеп,
Шатаққа сатпа шынымды»,-
деп ақын  келешек ұрпағына аманат қалдырады.
Қазір  айтылып  жүрген  с ан  түрлі    діни
ағымдарды  айтып  отырғандай  әсер  етеді.
«Шатаққа  сатпа  шынымды».  Ақын  өзінің
«шынына»  сенеді.   Шатақ ойларымен  жұртты
шатастыратын талай кітаптар барын ескертеді.
«Дәруіштердің  дұғасында қасиет жоқ»,
«Ақырзаман ғалымы залым болды»,- деген
Ясауи баба сөздерімен жалғасып жатқан ойлар
тізбегі  көрінеді.    Өзінің  тапқаны  шын  ақиқат
екенін тағы былай түсіндіреді:
«Ақылдан бойға  сыр тарап,
Үміттің шамы жанған күн.
Жар есіркеп, бері қарап,
Нұрына жүрек қанған күн.
Ескі иманды отқа өртеп,
Асыл иман алған күн.
Асық жарды таптым деп,
Хақиқатқа нанған күн.
Саяз ойлы «шыншылдың»,
Қаруы адыра қалған күн,
Кеудесі тар күншілдің,
Үмітін өрт шалған күн.
Жар нұрына мас болып,
Жаралы жүрек талған күн,
Баянсызға қас болып,
Аққа көңіл салған күн»[9; 250-251.].
Шын  ақиқатты  тапқанға  дейінгі  адасулары
мен ендігі шын асылды тапқан қуанышын ақын
Ясауи дәстүрімен «жар», « мас болу», «нұрына
қану», «жар нұрына мас болу», «асық жар» деген
сопылық  ақындардың  түсініктерімен  береді.
«Жар есіркеп бері қарап», «нұрына жүрек қанған
күн»    деген  тіркестермен  өзінің  шын  іздеген
ақиқатын тапқанын түсіндіреді.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

84
«Жарға асық болғаныма
 Таңданатын түк те жоқ.
Жер жаралмай тұрғанында
Менде асықтың нұры бар.
Жан денеме кіргенінде,
Бірге кірген осы дерт» [9; 253.].
Бұл жалпы, бар  адамзатқа берілетін қасиеті
екенін  де  түсіндіреді.  Тек  оны  өшіріп  алып,
адасып 
жүрсіңдер 
дегенді 
айтады.
Айналасында  осындай  адасып  жүргендер
немесе «Берді сайтан дұға жазып, Соны қылдың
бойтұмар»  деп сипаттаған жандары  көбейген
соң жалғыздық дертін тартып, саят  қораға кетіп
өмір  сүргендігін  түсіндіреді.
Қорыта  айтқанда,  барлық  дінді  жырлаған
ақындардан Шәкәрім ақынның өзгеше бір қыры
Ясауи  т аңдаған    қоғамнан  бе зіну  жолын
жалғастырғаны  деуге  болады.  «Өлмес  бұрын
жан бермек» болып, жер  астына түскен Ясауи
жолын ақын Шәкәрім ХХ ғасырдың басында сәл
өзгерте  пайдаланған  деуімізге  болады.    Бұл
Шәкәрім  ақынның    Ясауи  жолын  шын
мойындап, сол жолдың ақиқат жолы екеніне көз
жеткізгеніне толық дәлел болса керек.
Шәкәрім  ақынның  т ағы  бір  Қ.А.Ясауи
бабамен терең үндесетін  сабақтьастығы  - оның
Алланың  нұрын  сезінуі  туралы  айтқан
ойларында  жат  ыр.  Ақын  Қ.А.Ясауи  баба
айтқанындай,  «Жардың  нұрын»  се зініп,
сонымен  тілдесетіндей  хал  кешеді.  Өзінің
ақиқат іздеген жолының тым ауыр болғандығын
ақын  бірнеше  жерде:  «Қасықпен  аршыдым
жылым»  деген  тіркеспен  түсіндіреді.    Бұлақ
көзін ашу үшін оны қасықпен тазалап отырған
жан  елестейді  бұл  тіркестен.  Міне,  сол  бір
азапты ізденіс үстінде материалистік түсінікпен
түсіндіруге  көнбейтін  ғажайып  құбылысты
сезінеді.
Ақынның өз сөзімен түсіндірсек:
«Әлемді ойменен кездім,
Перевод малтасын ездім.
Жарымның сәулесін сездім,
Моланың ақтарып тасын.
Қабірден шықты көп нұрлар,
Нұры өлшеусіз сұлу бір жар:
«Деме,- деді: -ғылымым тар,
Ерінбесең,  мені аласың» [9; 256.].
Ақын өзі қол жеткізген ақиқат ілімін осылай
түсіндіреді.  Бұның  Қ.А.Ясауи  хикметтерімен
сабақтасып жатқанын анық көруге болады. Тағы
да ақын:
«Жарымның нұрына жанып,
Тәнім көмір бола қалып,
Жүрегімді жарып алып,
Ағызды арамын, насын.
Беріп тәңірім  тілегімді,
Тазартқан соң жүрегімді,
                    Деді: ұстат білегіңді» [9; 257.],-
деп ақын өзінің сол бір құпиялы сәттегі сезімін
де  түсіндіріп  өтеді.  Мұны  да  түсініудің
қиындығы  анық.  Үлкен  ғылыми  еңбекке
тұрарлық мәселе сөз етіп отырған ақынның бұл
айтқандары  дін  ақиқатынан  хабары  жоқ
жандарға ертегі сияқты болып көрінетіні анық.
Ясауи  хикметтеріндегі:
«Ғарыш үстінде намаз оқып, тізем бүктім,
Разы болып хаққа қарап жасым төктім»[8;
21.],-  деген  сөздерін  қазіргі  кейбір  шала
молдалар өзін пайғамбар дәрежесінде көрсетіп
отыр, бұл дұрыс емес дегендей  баба мұрасынан
көпшілікті  алыстатуды  мақсат  етіп  жүргені
белгілі.  Абайдың  «Он  жетінші»  сөзіндегі
жүректі  таза  ұстау  туралы  айтылған  ойларын,
яғни  жүрек  тазалығы  туралы    айтылатын
оқиғаларды да Шәкәрім осы өлеңінде баяндап
өтеді.  Және  оны  Абайдан  өзге  әдіспен
түсіндіреді. Шәкәрім  ақын Қ.А.Ясауи  бабамыз
сияқты  хикмет  арқылы  түсіндіреді.    Шәкәрім
ақынға Нұр болып келген «Жары» оның іздеп
жүрген  сұрақтарына  жауап  бергендей  болады.
Білегінен  ұстаған  «Жарынан»  ақын  қайда
апаратынын сұрайды, сонда ол:
«Адамзаттың қылар ісін,
Иманын, арын, нәпсісін,
Жарамын, көрсетем ішін,
Ниеті мен ішер асын»[9; 257.]
  Ең  алдымен,  сопыны  сойып  көрсетеді,
тасбиғын  тұзақ  қылып,  айналасын  алдап  күн
көріп  жүргендігін  көреді.  Поп  пен  молданы
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

85
сояды,  «Құран»  мен  «Інжілді»    қақпан  қылып
жүр  екен.  Пірді  сояды,  мүритін  бұғалықтап,
сәлдесімен байлап жүр екен. Ақ патшаны сояды,
іші толған адам тәні, кейбірінің шықпаған  әлі
жаны деп көрсетеді. Биді сояды, жегені жылан
мен шаянға айналып, жегендері  сасып кетіпті.
Қиянатшыл  арам  досты  сояды,  ол  аузынан  өз
нәжісін құсып жатады. Өнершілді сояды, оның
да  қиянатын    көзбен  көреді.  Саудагер  өсімшіл
байды  сояды,  сасығына  шыдай  алмағанын
айтады.    Бәрінің  ішінен  арамдық  пен  жүрек
айнытар  сасықты  көргенінде  тек  қана  ақын
«астапыралда»  деуге  шамасы  келеді.  «Бұрын
көрген бұл бір түсім» деп ақын осы оқиғаларды
түсінде  көргендігін  анықтай  түседі.  Ақын  бұл
ойын  басқа  бір  өлеңінде  тағы  нақтылай
түсіндіреді.
«Жүз пайғамбар «мұғжиза» көрсетсе де,
Сені көрмей мұсылман бола алмаймын.
Сенің нұрың түспеген сопыларды,
Бейіске кіреді деп ойламайым»[9; 261.].
Шәкәрім ел ішінде үлкендер айтатын қызық
бір әңгімені де  өлеңмен түсіндіреді. Тауықтың
сағатқа сәйкес шақыруы, зарлы дауыспен иттің
ұлуы,  бұлбұлдың  гүлді  көрс е  сайрауы,
бозторғайдың  таңертең  сайрауының  сырына
ғылымнан  жауап  іздеп  таба  алмайды.  Оның
жауабын ақын былай береді:
«Олар деп тұр – ойға алып бір құдайын,
Зор құдіретін әлемге ұқтырайын.
Құлшылық, намазы мен иманы сол,-
Күнде бір, айында бір, сағат сайын.
Демейді босқа ұлып, тек сайрайын,
Деп тұр ол өз тәңірін сипаттайын.
Нәпсі көзін байлаған адамзаттан,
Айуан артық біледі өмір жайын»[9; 262.].
Шәкәрім  ақынның    бар  саналы  адамнан
безініп,  оңаша  кетуінің  сыры  да  о сымен
сабақтас.  Ол  өз  жанының  сырын  ұғар  таза
табиғат  аясында  жүруді  артық  санаған  деуге
болады.  Ұшқан  құс,  жүгірген  аңның  бәрі
Алланың барлығына куә болып тұрғанын айтқан
қазақ ақындары баршылық. Түсіне білген жан
сол  айуандардың  ұлы  жаратушы  Аллаға  зікір
айтып  тұрғанын  біледі  екен.  Ертегі  деп  күліп
тыңдаған сөздеріміз біздің бала кезімізде. Араға
салған  ұзақ  құдайсыз  қоғам  уақыты  бізді  сол
табиғаттың  терең  сырларын  ұғудан  да
алыстатып  кеткен  екен.  Шәкәрім  ақын  осыны
тереңдете  түскендей.  Шәкәрімнің  тапқан
Ақиқаты:
«Құранның шын мағынасын шатақ  ұғып,
Молдалар маған қоймақ кәпір деп ат.
Ақылыңа сынат деп дәлел айтқан,
Құраннан табылады талай аят.
Тәпсір деп қасиетін талқан қылып,
Бұзғанмен Құран болмас адасқан хат.
Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас,
Бетіне перде жапсаң, неше қабат,
Құран сырын ұға алмай бұзса дағы,
Жасырылмай жарқырап  тұр кәрәмат» [9:
263.].
Міне, Шәкәрім тапқан Ақиқат – Құран сөзі.
Осы  Ақиқаттың    шын  ақиқат  екенін  көп
ізденіспен таниды. Бұл да Ясауи бабаның:
«Меңің хикметтерім Алладан пәрман,
Оқып  ұққанға  бар  мағынасы:  құран»[9;
119.],-деген  сөздерімен    үндесіп    жатқанын
көруге болады.   Шәкәрім  заманында    дінді
теріс  насихаттап,  одан  безінгендер  шыға
бастағаны  белгілі.  Ақын  оның  да  себебін
түсіндіреді.
«Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне,
Дін десе тұра қашты есті азамат.
Бар обалы олардың тәпсіршіде,
Адасып нұрлы аятқа жағыпты дат», -
деп  түсіндіреді.
Құранның  сөзінде  жалғандық,    Алланың
жаратушылығында  күмән  жоқ,  тек  теріс
түсіндірген  тәпсіршілер    елді  адастырып
жүргендігін  ақын  ашына  жазады.    Ясауи
бабаның:
«Дәруіштердің  дұғасында қасиет жоқ,
Түрлі бәле халық үстіне жауды достар.
Ақырзаман ғалымы залым болды»,-
деген ойларымен үндесіп тұр.
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

86
Resume
Резюме
В статье анализируются художественные особенности поэзии Шакарима, продолжившего
литературное традиции К.А.Ясауи.
The paper analyzes the art features Shakarim's poetry continued the K.A.Yasaui's literary tradition.
 Қорыта айтқанда, Шәкәрім ақын -  өмірімен
де,  мұрасымен  де  Қ.А.Ясауидің  сопылық
танымын  жалғастырушы,  өзі  тапқан    ақиқат
ілімін өлеңмен ел арасына таратушы  талантты
ақын.  Мүмкін,  Ясауи  бабаның  сопылық
танымына  барынша  жақындаған,  со ның
білімімен білім жарыстырып,  ақылы сенген соң
ғана  мойындаған  әрі  соңғы,  әрі  өте  талантты
шәкірті болуы.
Әдебиет
1.Әуезов  М.  Әдебиет  тарихы.  Кітапта:
М.Әуезов    Жиырма  томдық  шығ.жин.  16-т.
Алматы. «Жазушы». 1985. 400 б.
2.Бердібай  Р.Бес  томдық  шығ.  жин.  2-т.
Алматы. «Қазығұрт». 2005. 472 б.
3.Мырзахметов 
М. 
Қазақ 
қалай
орыстандырылды?  Алматы. 2011. 400 б.
4.Бердібай Р.Эпос мұраты. Алматы. «Білім».
1997. 320 б.
5. Қасым Бейсембиев. ХІХ ғ. соңы мен ХХ
ғ.бас  кезінде  Қазақстандағы  идеялық-саяси
бағыттар.  Кітапта:  Шәкәрімтану  мәселелері.
Сериялық ғылыми жинақ. 2-т.Алматы. Раритет.
2007. 376 б. «Атамекен» сериясы. Құрастырушы:
Т.Шаңбай.
6.Орысша-қазақша  сөздік.1-т.  Қазақ  совет
энциклопедиясы. Алматы. 1978.
7.Қирабаев  С.  Халық  ой-пікірінің  тарихын
мұқият  зерттейік.  Кітапта:  Шәкәрімт ану
мәселелері.  Сериялық  ғылыми  жинақ.  2-
т.Алматы.  Раритет.  2007.  376  б.  «Атамекен»
сериясы. Құрастырушы: Т.Шаңбай.
8.Қожа Ахмет Ясауи. Диуани хикмет (Ақыл
кітабы). Алматы. «Мұраттас». 1993. 262 б.
9.Шәкәрім  Құдайбердіұлы.  Шығармалары.
«Жазушы». 1988ж.
Құрастырғандар:  Ә.Тәжібаев, Ш.Сәтбаева
2013 №3 (20)
ШӘКӘРІМТАНУ

87
Б. РАҚЫМЖАНОВ, философия ғылымдарының кандидаты, доцент
ШӘКӘРІМ СЫНАҒАН ПӘНШІЛДІК
Пәншілдік  қазақтың  фило софиялық
лексикасына  Шәкәрім  шығармалары  арқылы
енген  түсінік.  Ойшылдың  пән  және  пәншілдік
дегені  затшыл  ғылым  жайы.  Пәннің  синонимі
затшыл ғылым. Шәкәрім сынаған пәншілдікті
түсіндіруде  оның  сипатын  білдіретін  затшыл
ғылым түсінігін қолданамыз. Пәншілдік дүниені
тануда  қалыптасқан  қағида  болса,    затшыл
ғылым оның сипаты.
Шәкәрімде пән түсінігіне қатысты келесідей
өлең жолдарын кездестіреміз:
“Пәнші мен дінші тыңдамас,
Жиреніп мұны ұнамас.
Өйткені олар бір езу,
Әдетін тастап шыдамас”
Немесе;
“Пән мен дін деп қор болар,
Ойында өзі зор болар.
Ноқтадан басын ала алмас,
Жетекші айуан сол болар”[1].
Келесі, «Күн аязда терезеге» өлеңінде: “Шала
дін мен  қате  пәннің,  соңына ерме  шынға  ер”
десе,    “Қасыңа  қылыш  қайратқан”  өлеңінде:
Ойы  кем,  сөзге  шешендер.  Денешіл,  пәншіл
кеселдер”– дейді. Осында “Пән айтты ғой деп
сенбе”– деген ойлар айтқан [1,180].
Ал мына бір өлең жолдарында: “Жан жолдан
қосылды  деп  пән  де,  дін  де,  ақылды  байлап
қойған соған мүлде” деп оның адасқанын айтса,
“Тура жолда қайғы тұрмас”  өлеңінде:   “Шынды
таптым,  қайғы  басты.  Шын  сырымды
айтайын.  Дін  де,  пән  де  қатты  адасты,  дау
сабасты барқырап”–дейді [2].
Келесі өлеңінде де пән жайын сөз еткен.
“Адасып діншіл азғанын,
Пәншілдер ғылым қазғанын,
Философ ойшыл жазғанын,
Сынауға енді бұрдым бас”[ 1,67].
Сонымен  «пән»  деп  Шәкәрім  нені  айтқан?
Неліктен оны сынға алған? Біз осы сұрақтарға
жауап  іздейміз.
Шәкәрім  үшін  пәншілдік  ол  –  ғылымда
затшыл (материяшыл) болу. Кеңес заманындағы
философиялық түсінікке салсақ – материализм.
Шәкәрім  пәншілдікті  оң  қабылдамаған,
керісінше, оның олқылығын жазып сынаған.
Шәкәрім  “Үш  анықта”  түпкі  жаратушыны
іздеуде  екі  жолдың  қалыптасқанын  айтқан.
Оның  бірі  –  түп  жаратушы  бар  деген

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет