Бас редактор с. Ж. Пірəлиев


ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ ҰЛТ ТƏРБИЕСІНДЕГІ РОЛІ



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата03.03.2017
өлшемі6,2 Mb.
#5927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

 
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫҢ ҰЛТ ТƏРБИЕСІНДЕГІ РОЛІ 
 
Сейсенбаева Ж.А. - ф.ғ.к., 
Жаңартпа технологиялар  
жəне білім беру мазмұнын  
ҒЗИ-ның бөлім басшысы 
 
Гендерлік  саясаттың  бүгінгі  қоғамдағы  ролі  туралы  екі  түрлі  көзқарас  қалыптасқан. 
Бірінші  көзқарас  қазақ  халқы  ешқашан  əйелдерді  қоғамнан  аластатып,  тұмшалап 
ұстамаған.  Өткен  тарихымызды  дұрыстап  қарасақ,  қазақ  əйелдерінің  басты  мақсаты – 
сүйікті  қыз,  адал  жар,  аяулы  ана,  асыл  əже  атану.  Қазақ  жұртының  ұстанған  салт-
дəстүрінде əйелдерге деген ұстаным шариғаттан алшақ жатқан жоқ. Кемсітушілік, қорлау, 
мүсіркеу  қазақ  елінің  діліне  мүлдем  жат  қылық  болып  саналған.  Қызды  еркелетіп, 
əлпештеп  өсірген,  болашақ  ана  деп  қастерлеген.  Айғаным,  Зере,  Ұлпан  секілді 
аналарының  ақылын  тыңдап,  ой-тұжырымдарымен  бөлісіп  отырған.  Билігіне  бағынып, 
бітіміне  көнген.  Бірақ  осы  аналарымыз  тайраңдап  төске  өрлемеген.  Ер  азаматтарды 
бағалап,  қадіріне  жете  білген.  Сол  себепті  де  əйел  табиғатының  билікке  ұмытылып,  ер 
адамдармен  теңдікке  ұмтылуы  қазақ  елінің  менталитетіне,  тəрбиесіне  дұрыс  келмейтін 
қағида  деп  түсінетін  ұғым  қалыптастырған  көзқарасты  қолдайтындар  қатары.  Гендерлік 
саясат дегеніміз – əйел мен ер адамды теңестіріп, затының қолына билік беріп, отбасы 
ошақ қасынан алыстату деген ұғымдағы түсінікте қарайтындар. 
Екінші көзқарас гендерлік саясат ұғымы тек əйел баласының мүддесін көздеу ғана емес 
деген тұжырымды қолдайтындар. Ол көзқарасты қолдайтындар гендерлік саясат негізінде 
ер  мен  əйелдің  бір-бірін  əріптесім,  теңім  деп  қарауы,  кез-келген  істі  бірлесіп  атқаруы, 
қоғамдағы, отбасындағы теңдік пен түсінушілік деп ұғынатындар. Осы көзқарасты негізге 
алушылар  бұндай  түсінік  жалпы  қазақ  халқының  жаратылысынан  келе  жатқанын  алға 
тартады.  Бұл  саясатты  қазақ  халқының  жаратылысында  болмаған  батыстың  үлгісі  деп 
қарауымыздың  өзінің  қателік  екендігін  тарихи  мысалдармен  дəлеледейді.  Ел  басқарған 
бабаларымыз  аналарымен,  жұбайларымен  ақылдасып  ел  мəселесінің  шешіп  отырған 

53 
 
жайттар  тарих  беттерінен  белгілі.  Қазақ  əйел  мəртебесін  əрқашан  жоғары  қоя  білген 
халық.  Есімі  ел  ұранына  айналған  абыз  аналардың  бірі – Домалақ  анна  мен  Бəйдібек 
бабамыз  ел  шаруасын  да,  отбасы  мəселелерін  де  келісіп  шешіп  отырған.  Əйгілі  Мөңке 
бидің  “Əйеліңмен  дос  бол,  үйіңнің  берекесі  кіреді”  деген  нақылын,  Əз-Жəнібек  ханның 
тұсындағы Жиреншенің Қарашаштың қара басын қара орманға балағанын, Қазыбек бидің 
“Аймалайтын  анаң  қымбат,  мейірімді  апаң  қымбат”  деген  кесімді  сөздері  халқымызда 
əйел затын ер азаматтардың қадір тұтып, қастерлеп бағалағанына көз жеткіземіз. Абайдың 
əкесі  Құнанбайдың  да  көп  жайттарды  анасы  Зере  мен  жұбайы  Ұлжанның  пікірмен 
санасып, ортақ мəмілемен келісіп отырғаны белгілі. Қазақтың «Келісіп пішкен тон келте 
болмас»  деген  мəтелі  де  осы  сөзімізге  орайлас  айтылатын  сынды.  Енді,  одан  бері  тарих 
беттерін парақтар болсақ, “Алашорда” қозғалысының қайраткерлері азаматтар жынысына 
қарамай өз құқығын заңды саяси талаптар арқылы қорғауы мəселесін көтеріп, əйелдердің 
саяси  құқығы  ерлермен  тең  болуға  тиісті  деген  қаулы  қабылданғаны  белгілі.  Ұлы  Отан 
соғысы  кезеңінде  ерлермен  қатар,  отанын  қорғауға  ерлермен  бірдей  аттанып  ерлік 
көрсеткен қазақ қыздары Мəншүк пен Əлия еңбегін қайда қоясыз. Ер азамат пен əйел адам 
бірінің  ісін  бірі  реттеп  ортақ  мəмілемен  қоғамда  өзіндік  болмысын  қалыптастырса  яғни, 
екеуінің күші біріккенде ғана жасампаздық пайда болады.  
Міне,  осындай  фактілерді  негізге  ала  отырып,  қазақ  қоғамында  гендерлік  мəселенің 
болғаны,  ол  бүгінгі  таңда  өз  деңгейінде  бүгінгі  қоғам  сұранысына  сай  жалғасып  жатыр 
деген көзқарасты алға тартушылар қатары.  
Қоғамдағы  орын  алған  осындай  екі  көзқарастарды  алға  тарта  отырып,  гендерлік 
саясаттың  бүгінгі  ролін  анықтап  алуымыз  қажет.  Бұл  дегеніміз  ұлт  тəрбиесінің 
қалыптасуына тікелей əсер ететін факторлардың бірі.  
Елімізде  соңғы  жылдары  гендерлік  саясаттың  дамып,  қоғамдағы  рөлі  айқындалып, 
мемлекеттік  деңгейде  қарастырылуы  қоғамға  осы  саясаттың  қажеттілігінің  айқын  дəлелі 
іспеттес. 
Гендерлік  саясаттың  қазақтарды  қайда  апаратынын  талқыламас  бұрын  «гендер»  мен 
«теңдік»  дегеннің  аражігін  ажыратып  алған  дұрыс.  Батыстан  енген  «гендер»  ұғымы  екі 
жынысты  көрсетеді.  Ал,  жыныстың  өзі  биологиялық  жəне  əлеуметтік  болып  бөлінеді. 
Міне,  гендер  дегенде,  біз  биологиялық  емес,  əлеуметтік  жынысты  айтамыз.  Мұнда  əйел 
еркектің  орнын  басқысы  келмейді,  керісінше  өз  құқықтарын  қорғап,  білімі  мен 
біліктілігіне,  қабілетіне  қарай  қоғамның  дамуына,  экономиканың  алға  қарыштауына  ер 
азаматтармен қатар өз үлесін қосқысы келеді. 
Гендер  дегеніміз - бұл  ерлер  мен  əйелдердiң  мiнез-құлқын,  сондай-ақ  олардың 
арасындағы  əлеуметтiк  өзара  қарым-қатынасты  айқындайтын,  олардың  əлеуметтiк  жəне 
мəдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. "Gender" сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда 
жыныс  (еркек,  əйел)  дегендi  бiлдiредi.  Ал,  гендерлiк  саясат   -  қоғамдық  өмiрдiң  барлық 
салаларында ерлер мен əйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк жəне 
қоғамдық қызмет. 
Еліміздегі  өзекті  проблемаға  айналған  гендерлік  саясаттың  өзектілігін  айқындап, 
қоғамдағы  маңызын  қарастыруға  жəне  отбасылық-демографиялық  саясатты  жүргізу 
мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  Əйелдер  істері  жəне 
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қызмет жасауда.  
Осы тұрғыда гендерлік саясаттың ролі əйелдерді ерлермен тең дəрежеде билікке тарту, 
ана  мен  балаға  айрықша  əлеуметтік  жағдай  жасау,  отбасындағы  зорлық-зомбылықтың 
алдын алу сияқты мəселелерді шешу жəне ұлт тəрбиесіндегі ер адам мен əйел адамдардың 
ролін  айқындау  боп  табылады.  Елбасымыздың  "гендерлік  теңдікке  қол  жеткізудің 2006-
2016 жылдарға арналған стратегиясы" Жарлығы бойынша ерлер мен əйелдерді қоғамның 
барлық  саласында  теңестіру  қарастырылып  отыр.
 
Гендерлік  теңдік  стратегиясында 
мемлекеттік басқару органдар арасындағы əйелдер өкілеттілігін 30 пайызға дейін көтеру  
міндеті қойылған. 

54 
 
2000  жылғы  қыркүйекте  өткен  Мыңжылдық  саммитiнде  əлемнiң  көптеген  елдерiнiң 
лидерлepi  Бiрiккен  Ұлттар  Ұйымының  Мыңжылдық  декларациясын  қабылдады,  оның 
сегiз мақсатының бiрi гендерлiк теңдiктi қолдау болып айқындалған. 
Бұл  мəселеге  БҰҰ  Бас  ассамблеясының  "Əйелдер 2000 жылы:  əйелдер  мен  ерлер 
арасындағы  теңдiк, XXI ғасырдағы  даму  жəне  əлем"  атты 23-ші   арнайы  сессиясы 
арналды.  Осы  сессияға  қатысушы  үкiметтерге  əйелдердiң  өмiрдiң  барлық  салалары  мен 
барлық  деңгейлерiне  тең  қол  жеткiзуiн  жəне  толық  ауқымда  қатысуын  қамтамасыз  ету 
жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды. 
Жоғарыда  аталған  іс-шаралар  негізінде  Қазақстан  Республикасы  Үкiметiнiң 2003 
жылғы 27 қарашадағы  №1190  қаулысымен  бекітілген  «Қазақстан  Республикасындағы 
гендерлiк саясат  тұжырымдамасы»  қабылданды.  Тұжырымдама  Қазақстандағы  гендерлiк 
саясаттың негiзгi қағидаттарын, басымдықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi. 
Гендерлiк 
саясаттың 
негiзгi 
қағидаттары 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясымен  кепiлдiк  берiлген  əйелдер  мен  ерлердiң  тең  құқығы  мен  еркiндiгiн 
белгiлейдi. 
Қазақстандағы  гендерлiк  саясаттың  мiндеттерiне  əйелдер  мен  ерлердiң  билiк 
құрылымдарында  теңдестiрiлген  қатысуына  қол  жеткiзу,  экономикалық  тəуелсiздiктiң 
барлық  тең  мүмкiндiктерiн  қамтамасыз  ету,  өз  бизнесiн  дамыту  жəне  қызмет  бабында 
iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, 
жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылады. 
Қазақ  əйелі  бүгінде  заман  дəрежесіне  сай  қайраткерлік  жасампаздық  дəрежеде  жетті 
десек қателеспейміз. 20 жылдық тəуелсіздік кезеңінде саяси аренада, мемлекеттік басқару 
саласында талай аруларымыз дара тұлға ретінде, қайраткерлік дəрежеде қызмет жасауда. 
Іскерлік əлемінің тамаша тəжірибесінен өзіндік қолтаңбаларымен еліміздің даму кезеңіне 
ықпал  етуде.  Экономикалық - саяси  тұрғыдағы  əйел  мəртебесінің  гендерлік  саясат 
негізінде теңдестірілуі - еліміздің жан-жақты дамуына, заманауи қазақ əйелінің – басшы, 
бизнес-вумен,  өндірістік,  ғылым,  шығармашылық  жəне  т.б.  салалар  қызметкері  имиджін 
жандандыруына жəне позитивтендіруге, ынталандыруда жаңа биіктерге жеткізу жолы. 
Статистикаға жүгінсек, бүгінгі таңда барлық педагогтардың 73 пайызы, дəрігерлер мен 
медицина қызметкерлерінің 87 пайызы əйелдер болып табылады. Барлық бюджеттік сала 
қызметкерлерінің 60 пайызы əйелдердің үлесінде. Мемлекеттік басқарудың барлық жүйесі 
көп жағдайда олардың кəсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр. Тəуелсіздік жылдарында 
ондаған  əйелдер  министрлер  жəне  мемлекеттік  органдардың  басшылары  болып 
тағайындалды. Жүздеген əйелдер Парламент пен мəслихат депутаттары болып сайланды. 
Гендерлiк  саясаттың  негiзгi  қағидаттары  əйелдер  мен  ерлердiң  тең  құқығы  мен 
еркiндiгiн  белгiлетіндіктен  отбасылық  тəрбиеге  ерекше  назар  аудартуды  қажет  етеді. 
Жасыратыны  жоқ,  бала  тəрбиесі  көбіне  аналарға  жүктеліп,  одан  əкелер  сырт  қалып 
жатады.  Тек  ана  тəрбиесін  көрген  бала  ертен  ел  қорғар  азамат  бола  алады  ма?  Осы 
тұрғыда əкелердің отбасындағы бала тəрбиесіндегі ролін айқындап, оны қоғамдық мəселе 
ретінде көтеруіміз қажет. «Əке - асқар тау» деген дана халқымыздың  нақыл сөзін естен 
шығармағанымыз  абзал.  Демографиялық  мəселені  шешуде  басы  қарайтын  жайт  үй 
шаруасында  бала  тəрбиесімен  айналысатын  əйелдердің  мəртебесін  қоғамдық  пайдалы 
еңбек деп қабылдау қажет. Бұл əйел қауымының тұтас ұлттың тəрбиешісі болу деген ізгі 
ой.  Осының  барлығының  түп  мақсаты – қазақстандық  отбасының  ұлттық  моделін 
қалыптастыруды  негіздеу.
 
Отбасылық  құндылықтарды  насихаттау  жəне  серіктестік 
негізделген  үлгілі  отбасылық  қарым-қатынас  мəдениетін  ілгерлету  мəселелеріне 
мемлекеттік  тұрғыда  қолдау  көрсетілсе.  Бүгінде  гендерлік  саясаттың  даму  белестеріне 
арналған  біраз  жұмыстар  атқарылуда.  Бірақ,  біз  жоғарыда  айтып  өткен  көзқарастың 
қалыптасуына да қоғамда осы тақырыпта жасалынып жатқан жұмыстардың өз деңгейінде 
еместігіне көз жеткіземіз. Ендеше, Гендерлік саясат туралы ЖОО-да элективті пəн ретінде 
ендірілсе.  Немесе,  бүгінгі  оқу  бағдарламаларының  құрамында    гендерлік  саясатты 

55 
 
айқындайтын  оқу  материалдары  қамтылса.  Бұл - қоғамдағы  гендерлік  саясат  туралы 
біржақты көзқарастың қалыптасуына негіз болады. 
Сонымен ғылыми мақаламды Қазақстанның əлемдік беделіне өзіндік үлес қосатын, ын-
тымақ  пен  бірлікті  ту  етіп  ұстанатын  ұрпақ  тəрбиесі  ер  мен  əйелдің  домбыраның  қос 
ішегіндей  жарасымды  үйлесімінен,  яғни  елімізде  гендерлік  теңдік  саясаттың  халықтық 
тұрғыда  қолдау  табуынан,  отбасының  бүгінгі  береке-бірлігінен  бастау  алады  деп 
аяқтамақпын.
 
 
Резюме 
В статье рассматривается роль гендерной политики в обществе и ее актуальность в 
воспитании общества. 
 
Summary 
The article explained the role of gender politics in the society and its relevance in the 
education community. 
 
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ГЕНДЕР МƏСЕЛЕСІ 
 
Ноябрь Кенжеғараев -  
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 
«Ұлттық тəрбие жəне өзін-өзі 
тану» кафедрасының 
доценті,ф.ғ.к. 
 
Қазақ  өркениеті  тарихында  гендер  мəселесі  айрықша  орын  алатын  тақырып.  Исламға 
дейінгі  түрік  өркениетінде  адам  болмысының  табиғатына  жақын  қағидаттар 
орындалғанын еске алсақ жеткілікті. Исламды қабылдағаннан кейінгі дəуірлерде түркілік 
дəстүр  біраз  деформацияға  ұшырағанымен,  негізгі  қағидаттары  кейінгі  дəуірлерге 
трансформацияланды. 
Дəстүрлі  түркілік  таным,  яки  исламмен  көмкерілген  көшпенділік  заңдылықтары 
басыңқы болған қоғамда ортодоксалді діни қағидаттар отырықшы исламдық елдердегідей 
кең құлаш жаймады. Орта ғасырлардағы түрік ғұламалары Жүсіп Баласағұн, Ахмет Ясауи, 
Ахмет Иүгінеки, Хорезми, т.б. еңбектерінде отбасы жəне отбасылық құндылықтар, неке, 
махаббат,  т.б.  құндылықтардың  сөз  етілуі  ерекше  назар  аударатын  мəселе.  Ер  мен  əйел 
адамның  арасындағы  сүйіспеншілік,  махаббат,  ғашықтық  мəселелері  сөз  етілген  ортада 
гендер мəселесінің табиғилығы жүзеге асатындығы анық. Ал отбасы құндылығы мен неке, 
махаббат  пен  сүйіспеншілік  іске  асқанда  гендерлік  теңдік  пен  келісім,  түсінік  пен 
сыйластық  ту  етіледі.  Мəселенің  екінші  қыры  қазақ-түркі  мəдениеті  тарихындағы 
ғұламаларымыз  көңілдегі  көркем  ойын  жарыққа  шығаруы  мүмкін,  демек  осылай  болуы 
керек,  осылай  болса  шіркін  деген  идеядан,  арман-мұраттан  туындайтындығын  да  жадта 
ұстаған  жөн.  Көркем  шығармашылықтың  үлгі,  насихат,  ақыл-кеңес  тұрғысында 
айтылатын тұстары да жоқ емес. 
Қазақ  хандығы  тұсындағы  жыраулар  шығармашылығында  да  отбасы,  отбасы 
құндылықтары, неке, махаббат, сүйіспеншілік қасиеттері үнемі жырланып отырды. Бұл ел 
қорғаған ер адамдармен қатар, əйел затының да ұлықталып, құрметке ие болып, гендерлік 
теңдік  орнап  отырғандығының  көрінісі.  Қазақтың  халық  ауыз  əдебиетінде  бір  ғана  неке 
жəне  отбасына  байланысты  тұрмыс-салт  жырларының  ондаған  жанрларының  ғасырлар 
бойына  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп,  өмір  сүруі  де  осының  айғағы.  Отбасы  мен  неке 
құрметтелмесе, отбасын құру, үй болып, отау болу, жар сүю, перзентті болу дəріптелмесе, 
жыр мен салттың осыншама түрі туар ма еді, сан ғасырлар бойы қолданылып, сақталар ма 
еді.  Арғы  тегі  түріктен,  бергі  қазақ  хандығынан  қазақ  ұлты  гендерлік  саясатқа  табиғи, 
объективті баға берген ұлт ретінде қалыптасты. 

56 
 
Ұлтымыздың  гендерлік  жүйесіне  аздап  деформация  енген  тұсы  ХІХ  ғасырдың  іші. 
Орыс отарына айналған қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан саяси жүйесі 
өзгергеннен  кейін,  түрлі  əкімшілік-аумақтық  өзгерістер  жүзеге  асты.  Қазақ  халқының 
ежелгі  көшпенділік  ішкі  миграциясы  өзгеріске  ұшырады.  Халық  жартылай  отырықшы 
үрдіске ойысты. Болыстық жүйе өмірге ендірілгеннен кейін, отаршылардың қолдан жасап 
тудырған  халықтың  менталитеті  мен  психологиясында,  мінез-құлқында  деформациялар 
пайда  болды.  Күншілдік,  араздық,  өтірікші-өсекшілік,  дүниеқоңыздық,  мақтаншақтық, 
даңғазалық,  нəпсіқұмарлық  деген  қасиеттердің  кең  құлаш  жайып,  қарқындап  өсуіне 
жағдай  жасалды.  Ғалым  М.Мағауин  қазақ  менталитетінің  мұндай  өзгеріске  ұшырауын 
жоңғар 
шапқыншылығы, 
Ақтабан 
шұбырындымен, 
қазақ 
жеңілістерімен 
байланыстыратын  тұсы  бар [1]. Қалай  десек  те,  жоңғар  шапқыншылығы  мен  соның 
зардабынан  орыс  аюының  аузына  кірген  өзіміздің  əрекеттерімізден,  кейінгі  тұста  ел 
этнодеформацияға  ұшырағаны  ақиқат.  ХІХ  ғасырдың  орта  тұстарында  Ресей 
империясының  қазақ  халқын  «соқыр  дін»  арқылы  қараңғылықта  ұстап,  басқарып  отыру 
саясатына  байланысты  ел  ішіне  енген  татар-ногай  молдаларының  да  саяз  дінді 
насихаттауы ел ішінде жағымсыз əрекеттердің тууына алып келді. 
ХХ  ғасырда  Қазан  төңкерісінен  кейін  басшылыққа  келген  коммунистік  өкіметтің 
ұрандатқан  негізгі  қағидаттарының  бірі  əйел  теңдігі,  əйелдердің  бас  бостандығы 
мəселелері  болды.  Пролетариаттық  сананы  насихаттау  барысында  дəстүрге  айналған 
асыра  сілтеушіліктің  екпінімен  қазақ  тарихында  əйел  құлдың,  күңнің  күнін  кешкендей 
таным  қалыптастырылды.  Əйел  теңдігі  тақырыбына,  əйелдің  сезім  бостандығына  ие 
болмауына,  əйел  құқығының  бұзылуына  байланысты  жазылған  көркем  шығармалар  аса 
көп насихатталды. Əдебиеттің таптығы арқасында əйел теңсіздігі тақырыбына терең көңіл 
бөлініп,  осы  тақырыпты  қаузай  жазуға  басымдық  берілді,  кейінгі  тұста  төңкерістің 
арқасында теңдікке жеткен қазақ əйелі бейнесін сомдау жүктелді. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы түрлі отаршылдық саясаттың салқынына ұшырап 
отырған  қазақ  қоғамының  гендерлік  мəселеде  нақты  диагнозын  қоя  білген  адам – Абай 
Құнанбайұлы.  Ақын  өзінің  дидактикалық,  педагогикалық,  əлеуметтік  дискурстарда 
жазылған  бірнеше  өлеңдерінде,  сондай-ақ  қара  сөздерінде  гендерлік  мəселені  тілге  тиек 
етеді. 
Кеңестік дəуір тұсында Абай шығармаларындағы əйел мəселесі едəуір сөз етілді. Ақын 
поэзиясын  талдаған  еңбегінде  академик  М.Əуезов  бұл  мəселеге  терең  көңіл  бөледі [2]. 
Академик  С.Мұқанов  «Абайдың  əйел  туралы  көзқарасы»  деген  зерттеу,  басқада 
зерттеушілер мақалалар жазады. 
М.Əуезов  «Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі  қымбат»  өлеңін  талдай  келе  ер  адамның  əйел 
адамға  деген  қарым-қатынасының  қандай  болу  керектігіне  байланысты  ақынның  айтқан 
ойына баға береді: «Үлкен достықты, шын мағыналы тұрақтылықты жас жігітке ең əуелі 
өзінің  жары  мен  үй  іші  тірлікте  мақсат  ету  қажет  екенін  айтады.  Əйелің,  құрбың – 
барлығын  да  адамгершілікпен  дос  ете  біл  дейді.  Қазақтың  əйеліне  арналатын  кейінгі 
адамгершілік,  əділет,  моральдық  ойларының  басын  осы  өлеңде  бастайды.  Абай  қазақ 
əйелінің  орнын  жаңаша,  өзгеше  бағалайды.  Өмір  мағынасы  мен  көркі  достықта  болса, 
соның ең бір жарастықты асыл ұясы үй ішінде басталу керек дегенді айтады» [2, 118]. 
Сондай-ақ  осы  өлеңде  Абай  қозғаған  гендерлік  теңдік  мəселесі  де  орын  алады. 
Махаббат,  отбасы  мəселесінде  толық  үйлесімділік,  теңдік  болу  керектігін  баса  айтады. 
Махаббат - ер мен əйелдің арасында теңдік болған жағдайда ғана орнайды жəне махаббат 
теңдіктің символы іспеттес. Отбасы берік, тату болып, толыққанды ұрпақ тəрбиелеу үшін 
еркек  мен  əйелі  арасында  аяулы  сезім,  ғашықтық,  махаббат  болу  керектігі  айтылады, 
сонда ғана отбасында бақыт орнайды дейді: 
Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй, 
Қоржаң суық келеді кей сасық ми. 
Ері ақылды, қатыны мінезді боп, 
Тату болса, риаз үстіндегі үй. 

57 
 
 
Жоқ болса қатыныңның жат өсегі, 
Болмаса мінезінің еш кесегі. 
Майысқан, бейне гүлдей толықсыған, 
Кем емес алтын тақтан жар төсегі [3, 65]. 
Патриахалдық-феодалдық  қоғамда  орын  алып  отырған  кейбір  жағымсыз  жəйттерді 
Абай 1896 жылы жазылған «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңінде жазады. 
Əйел теңдігі мен оның құқығы əлеуметтік контексте терең ашылып суреттеледі. Өлеңнің 
басында  кəрі  ханға  тиюден  бас  тартқан  қыздың  өлімімен  аяқталатын  аңызды  суреттей 
отырып,  ақын  əрі  қарай  қазақ  қоғамында  орын  алып  отырған  оқиғалаларға  байланысты 
бағасын береді: 
Кəрі, жас дəурені өзге тату емес, 
Епке көнер ет жүрек сату емес. 
Кімде-кім үлкен болса екі мүшел, 
Мал беріп алғанменен қатын емес. 
 
Есерлер жас қатынды тұтады екен, 
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен. 
Ортасында бұлардың махаббат жоқ, 
Тұсап қойып қашырар бұқа ма екен? [4, 9]. 
Осы  өлеңге  байланысты  М.Əуезов  мынадай  пікірлер  айтады: «Осы  тəрізді  бірнеше 
шумақтарда Абай анық қазақ əйелі көретін қорлық пен зорлықты айтады. Бірақ сыңар жақ 
айтады. Абай заманында қазақ əйелінің көретін теңсіздік қорлығының ең ауыр дертті түрі 
жас əйелдің кəрі күйеуге тиюі, оның үстіне көп əйелдің бірі боп, тоқал боп тиюі екені рас. 
Бірақ, ол күндегі əйел қорлығы осы ғана ма екен? 
Əмеңгерлік,  жастай  құда  болушылық,  жалпы  малға  сатып  алушылық,  жастары  тең 
болғанда  да  сүймегенге  берушілік,  осы  сияқты  толып  жатқан  əділетсіздік  дерттері,  сан 
сорақылықтары  Абайдың  осы  өлеңінде  түгел  айтылмайды.  Көбінше,  өлеңдегі  ой,  өзінің 
сыншылдық  зəрін  жас  айырмасына  ғана  арнағандай  болады» [2, 163-164]. Ұлы  Мұхтар, 
Абай  өлеңінің  сыны  деп  айдар  таққан  мəселелері,  шынында  да  тек  жағымсыз,  кері 
жағдаяттар  ма?  Абай,  Мұхтар  айтқан  жағдаяттарды  неліктен  назарынан  тыс  қалдырып 
отыр?  Абай  халықтың  ғасырлардан  келе  жатқан  дəстүрін  мансұқтауға  неге  асықпады? 
Дана Абай қазақтың əмеңгерлік пен құда түсу салтын мансұқтамауында үлкен мақсат, ой 
жатқан сынды көрінеді. «Жесір ерден кетсе де, елден кетпес» деген əмеңгерлік дəстүрдің 
төркінінде  туыстық  жақындық,  жетімін  жетімсіретпейтін,  сыртқа  жаутаңдатпайтын 
қамқорлық  жатты.  Кеңестік  саясаттың,  асыра  сілтеудің  арқасында  əмеңгерлік  дəстүрін 
түп-тамырымен  жойдық.  Алайда  соның  арқасында  жалғыз  басты  аналар,  жетім  өскен 
балалар,  тастанды  балалар,  көкек  аналар,  бетімен  кеткен  девиантты  мінез-құлықты 
балалар,  əлеуметтік  кедей  отбасы  деген  мəселелердің  нөпіріне  кенелдік.  Рулық-туыстық 
байланыстар өте мықты болған заманда өмір сүрген Абайдың танымында таразыға түскен 
бұл  мəселелерге  ойшылдың  төзімділікпен,  жақсылық  пен  əлеуметтік,  тəрбиелік  астарын 
ескере  отырып,  қазылықпен  түйген  ұстанымы  деп  бағаланса  керек.  Əрі  қарай  М.Əуезов 
Абай  өлеңінің  идеялық  жаңашылдығын  бағалап  өтеді: «Əрине,  Абайдың  заманы  үшін 
оның осы өлеңінің өзі де өзгеше тарихтық бағасы бар өлең екенін ұмытпау керек. Шеттен 
тисе  де  қазақ  əйелінің  ол  замандағы  мың  батпан  болған  ауыртпалық  халін  гуманистік, 
сыншылдық тұрғыдан қарап, ең алғаш рет өз елінің əдебиетінде сөз қылушы Абай ғана. 
Бұл  орайда  қазақтың  фольклорында  кездесетін  ғашықтық  трагедияларын  əйел  халі 
туралы  айтылған  үлкен  сыншылдық  шығармалар  деп  санауға  болмайды.  Оларда  салттан 
туған ерекше жайларды, қайғылы күйлерді шер ету ғана бар. Бірақ сол салттың өзін сынау 
жоқ. Абай болса, қазақ əдебиетінде ең бірінші рет үй ішілік, тұрмыстық құрылыс негізіне 
шабуыл  жасайды» [2, 164]. Ғалым  С.Қирабаев  Абайдың  бұл  өлеңін  орыс  əдебиетімен 
байланыстыра отырып зерттейді: «Өлең тақырыбы қазақ өмірінің шындығынан алынса да, 

58 
 
оған сол кезде Абай ден қойған орыстың демократтық реалистік əдебиетінің əсері болғаны 
байқалады. Өлеңнің идеясы мен шешімі А.Н.Островскийдің «Найзағай» пьесасы мен оны 
талдаған  Н.А.Добролюбовтың  «Қараңғылық  патшалығындағы  жарық  сəуле»  атты  сын 
мақаласындағы  ойларымен  үндеседі.  Абай  да  суға  құлап  өлу  арқылы  қыздың  əділетсіз 
қорлықтан құтылуын құптайды» [5, 177]. 
Ақын Абай өз шығармашылығына тəн аса сезімталдықпен, терең психологизммен осы 
өлеңде  ерлі-зайыптылардың  арасында,  жасы  алшақ  ерлі-зайыптылардың  арасындағы  аса 
шетін  интимдік  детальдар  арқылы  физиологиялық  ерекшеліктерлі  ескерте  отырып, 
мəселенің педагогикалық, этикалық тұсына көңіл аудартуды көздейді. Махаббат, отбасын 
құру, неке мəселесінде жеке адамның, тұлғаның құқығы сақталуы керектігін сөз етеді. 
«Масғұт»  поэмасында  жігіттің  қызыл  алманы  жеп,  əйел  жанды  серіктікке  таңдауына 
ақын былайша түсінік беріп өтеді: 
Еркектің еркек адам болса қасы, 
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы? 
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса, 
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы? 
 
Тегінде адам басы сау бола ма? 
Бойында тексерілмес дау бола ма? 
Ері ашу айтса, əйелі басу айтып 
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма? [4, 137]. 
Демек, адам əйел адам арқылы ғана шынайы бақытты бола алады деген пікірді айтады. 
Сондықтан  да  оны  өзіңмен  тең  көріп,  сыйластық,  түсіністік  қарым-қатынаста  болуға 
шақырады.  
Ал  отбасы  қатынасында  Абай  еркек  жəне  əйелдің  міндеті  мен  құқығы  тең  екендігін, 
екеуінің  де  жауапкерлігі  бірдей  екендігін  айтады.  Əсіресе,  бала  тəрбиесінде  ата-ананың 
тəрбиесі ортақ. Əйел ертең ана атанады. Ал Абай əуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым 
деген нəрселерменен деп, олардың болмағы хауас салим, тəн саулықтан, одан кейін жасы 
ата,  жақсы  анадан,  жақсы  құрбы,  жақсы  ұстаздан  болады  дейді  емес  пе? [4, 189]. Ақын 
əйелге  болашақ  ұрпақты  дүниеге  əкелітін,  махаббатқа  бөлейтін,  бала  тəрбиелейтін  тұлға 
ретінде  қарауды  ұсынады.  Абай  тек  гендерлік  теңдік,  əйел  құқығы  мəселесімен 
шектелмей,  гендерлік  жауапкершілік,  міндеттің  дұрыс,  əділетті  бөлінуі  мен  іске  асуын 
қалайды. Əр тұлға жыныс белгісіне қарамай, өз қызметін, міндетін толыққанды атқаруын 
талап етеді. Абайдың ар іліміне байланысты тұжырымдарында еркек не əйел деп бөлмей 
тұтас адам деп қарастыруы тегін емес. Ақыл, ғылым мен адамгершілік, ұждан, ар тек ер 
адамның не əйелдің міндеті, парызы емес, екеуіне де ортақ заңдылық, мақсат.  
Еңбек  пен  кəсіпке  байланысты  əйел  адамдардың  физиологиялық  тұрғыдан  еңсере 
алмайтын  тұстары  бар,  ол  жаратылыстың  заңдылығы,  гендерлік  теңдік  деп  жаратылыс 
заңдылықтарына,  адам  табиғатына  қарсы  шығуға  болмайды.  Абай  адами  қарым-
қатынастардан  тереңдеп,  ер  мен  əйел  қарым-қатынасында  діни-философиялық  дискурс 
тұрғысынан да толғатады.  
«Жазғытұры» өлеңінде: 
Безендіріп жер жүзін тəңірім шебер, 
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. 
Анамыздай жер иіп емізгенде, 
Бейне əкеңдей үстіңе аспан төнер,- 
деп  табиғаттың  жаратылысын  да  адамзат  жаратылысымен  салғастырып,  əлемнің 
тұтастықтан,  үйлесімнен  тұратындығын  меңзейді. «Күн – күйеу,  жер – қалыңдық 
сағынышты»  деп  ер  мен  əйелдің  махаббатын  жырлау  арқылы,  күн  мен  жер  байланысын 
суреттейді. Абайдың осы ойларынан кейін гендерлік саясаттың, гендер мəселесінің басты 
міндеті, құралы əйел мен еркек теңдігі емес, махаббат, сүйіспеншілік, татулық тақырыбы 
екендігіне көз жеткізгендей боласың. 

59 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет