Басқару экономикасы



бет22/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   112
2) ұзақ мерзімді мезгіл:

а) бұл уақыт мезгілінде жаңа сатушылар нарыққа шығуы мүмкін, ал бар сатушылар нарықтан кетіп қалуы мүмкін. Осы мезгілде нарықтағы өзінің өндірістік тұрақты факторларын өсіруі немесе азайтуы мүмкін. Тұрақты факторларға, мысалы, жылжымайтын мүлік, зауыт және жабдық жатады. Сатушылар жасайтын ұзақ мерзімді түзетулерді графикте берілген ұсыныс қисық сызығының жылжуы түрінде көрсетуге болады;

б) бұл уақыт мезгілінде жаңа сатып алушылар тепе-теңдік бағаның өзгеруіне, өзінің ұнатуы мен басқадан артық көруін немесе сатып алу сипатын өзгертіп, жауап береді (мұны сұраныстың «құрылымдық өзерісі» деп атауға болады. Сатып алушылар жасайтын ұзақ мерзімді түзетулерді графикте берілген сұраныс қисық сызығының жылжуы түрінде көрсетуге болады;

Қысқа мерзімді мезгіл және ұзақ мерзімді мезгіл арасындағы айырмашылықты тағы мынадан байқауға болады: бағаның мөлшерлеу функциясы – қысқа мерзімді құбылыс, ал бағыттаушы функция ұзақ мерзімді құбылыс болып келеді.

Самса мен пицца негізінде бағаның «мөлшерлеу фунциясы» және «бағыттау функциясы» туралы қорытынды жасайық.

1. Ұнату мен басқадан артық самсаға сұранысты көбейтуге, пиццаға сұранысты азайтуға мәжбүр етті.

2. Екі тауарға сұраныстың өзгеруі самса нарығында тапшылыққа, пицца нарығында артыққа алып келді.

3. Осы екі нарықта болған тапшылық пен артыққа жауап ретінде баға мөлшерлейтін фактор қызметін атқарды: пицца нарығында баға төмендеді, самса нарығында баға өсті. Яғни қысқа мерзімді мезгілде екі тауардың сатушылары өздерінің айнымалы шығындарын өзгерту арқылы жауап берді (пицца нарығында ұсыныс сызығын бойлай төмен жылжу және самса нарығында ұсыныс сызығын бойлай жоғары жылжу).

4. Ұзақ мерзімді мезгілде баға өзінің бағыттаушы функциясын орындайды, сатушылар қуаттарын өсіріп самса нарығына шығады немесе пицца нарығындағы өзінің қуаттарын төмендетеді, кейде осы нарықтан мүлдем кетеді (самса нарығында ұсыныс сызығы оңға жылжиды, пицца нарығында ұсыныс сызығы солға жылжиды).

5. Ұсыныс сызықтарының жылжуы нәтижесінде жаңа тепе-теңдік баға және көлем деңгейлері орнығады. Жаңа сату мен сатып алу көлемі ресурстардың бір нарығынан екіншісіне ауысқанын көрсетеді.



Нарықта қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өзгерістердің айырмашылығын сұраныс емес, ұсыныстың өзгеруінен басталатынан мысалдардан көруге болады. Бұл жерде классикалық мысал ретінде мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымын (OPEC) және әлемдік мұнай нарығын келтіруге болады. Өткен ғасырдың 70-жылдардың басында OPEC елдері мұнайдың бағасын көтеру үшін өндіру көлемін шектеу туралы келісімге келді. Осы әрекеті 2.8 суретінде сұраныс пен ұсыныс график жүзінде бейнеленген.







S



P




















Q





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет