Бастауыш мектеп оқу пәндерін дидактикалық материал дайындау әдістемесі



бет14/32
Дата26.09.2022
өлшемі0,56 Mb.
#40338
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
Бастаыш мектеп дидактикасы УМКД

2-дәріс:
Тақырыбы: Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны
Дәріс тезистері:
XIX ғасырда позитивизм бағытындағы философияның негізін қалаған О. Конттың (1798-1857) ғылымдарды топтастыру жүйесі кең қолданымда болды. Дегенмен осы жүйеде психологияға орын табылмады. Ғалым пайымдауынша, психология әлі (үш кезең заңына орай) метафизикалық сатыда, ғылым ретінде пісіп жетілмеген. XIX ғасырдың бірінші жартысы үшін мұндай тұжырым, әрине, әділ болатын. Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес ғылымға айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді. Екі ортада ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, талқыдан өтті. Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және ғылымтанушысы Е.М. Кедров (1903-1985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше, ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) сипатымен топтастыруға болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқа: жаратылыстану, әлеуметтік және философиялық – бөлуді ұсынады да, олардың бастарын бір түзу бойында емес, үшбұрыш шыңдарына орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында жаратылыс- тану қылымдары, төменгі сол жақта – әлеуметтану, ал төменгі оң тарапта – философиялық пәндер жайғасады. Психология осы ғылымдардың бәрімен бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең орынға ие болады. Себебі адам ойы, ойлауы (психологияның маңызды бөлімдерінің бірі) тек психология тұрғысынан зерттеліп қалмастан, олармен философия да, логика да айналысады. Психология, сонымен, барша ғылыми білімдермен өзара байланысқа келеді. Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология, білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблема- ларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, меди- цина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет. Психология және логика байланысы ойлау жөніндегі психологиялық білімдер тарихында анық көрінеді. Осы ғылыми білімдердің әрбірі ойлау құбылыстарын ашуда өз зерттеу аймақтарына ие. Логиканың шұғылданатыны ақиқат жөніндегі мәселе, ойлаудың болмысқа деген танымдық қатынасы туралы проблема. Ал психологияның айналыса- тыны – ойлау үдерісінің жүрісі, жеке адамның ойлау іс-әрекеті, ойлау құбылысының сананың басқа да тараптарымен аралық нақты байланыс, қатынастары. Психология және әлеуметтану байланысы әлеуметтік психоло- гияны жарыққа келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі өзекті проблема: тұлға және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас; тұлғааралық байланыстар. Шағын социологиялық зерттеулер деңгейінде (кіші топ зерттеулері: отбасы, еңбек ұжымы) әлеуметтік бақыт пен әлеуметтік-психологиялық бағыт айырмашылықтарын ажырату қиынға соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың (социологиялық) әлеуметтік психо- логиядан бөліне көрінетін тұсы – ондағы зерттеулердің ірі де ауқымды, макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі, зерттеуге түскен құбылыстарды қоғам және оның құрылымдық бөлшектерінің жасауы мен әрекетке түсу заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыстың болуы. Психология және педагогика байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі қалыптасқан құбылыс. Барша ғұлама педагогтар адамның табиғи қасиеттерін, оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну керектігін, тұлғаның психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетік- тер мен заңдарды ескеруді, солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты. Психология және биология байланысы. Адам дамуының табиғи және әлеуметтік жағдаяттарының ара қатынасы жөніндегі проблема- психология үшін аса маңызды мәселелердің бірі, ол биология үшін де ізденіс азығы. Екі ғылыми білімдердің қосыла зерттеулері нәтижесінде әрбір жеке адамның даралықты дамуындағы тума берілген және өмір барысында қалыптасатын сапа-қасиеттерінің сыры ашылады. Психологияжәнемедицина байланысы медициналықпсихологияның туындауына әсер етті. Бұл сала дәрігер қызметінің психологиялық ере- кшеліктерін және сырқат адамның әекет-қылығындағы психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапия, сондай-ақ психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика 10 бұзылысын зерттеуші медициналық білім саласы патопсихологияның психологиялық әдістерін орайластырады. Психология және саясаттану байланысынан саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана, астар сана, адам көңіл күйі, еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-бағдарлары және ұстанымдарын зерттеуші саясат психологиясы пайда болды. Бұл ғылым адам әрекет-қылығын үдеріс ретінде танып, оны жеке тұлғаның қоршаған ортамен өзара ықпалдастық қатынасының нәтижесі деп біледі. Себебі тұлға әрекеттері сыртқы ықпалдар мен психологиялық талдаудың тікелей нысаны болған субъекттің оларды қабылдау және түсіну ерекшеліктерімен анықталады. 4. Осы заман психологиясының құрылымы Психологияның арнайы және қолданбалы салалары Осы заман психологиясы – басқа ғылымдармен тығыз байланысқан қарқынды даму жолына түскен адамзат білімдерінің елеулі аймағы. Сондықтан да, дамудағы құбылыс ретінде психология үздіксіз өзгерісте болады: жаңа ізденіс бағыттары, проблемалар туындап отырады, жаңа жобалар іске асып жатады, нәтижеде психологияның соны салалары ғылым қорына ене береді. Психология салаларының бәріне ортақ құбылыс – бұл пән біртектілігінің сақталуы: психология білімдерінің бәрі де психика деректерін, заңдылықтары мен тетіктерін жағдайға байланысты, іс-әрекет барысында, даму деңгейлеріне орайластырып, зерттеп отырады. Психологияның негізі - жалпы психология. Бұл саланың атқаратын қызметі: психиканың жоғары жалпыланған заңдарын, заңдылықтары мен тетіктерін зерттейді. Аса маңызды психологиялық пәндердің бірі психология тарихы. Бұл пән өз назарын психологиялық білімдердің қалыптасуы мен дамуына байланысты тарихи үдерістердің мән- мағынасына аударып, оларға түсіндірме береді. Көп түрлі психология салаларының өз алдына бөлінуінің негіздеме- лері де сан қилы. Әдетте, олардың жіктелуі мен топтасуына арқау болар жағдайлар келесідей: 1) нақты іс-әрекет (еңбек психологиясы, медициналық, педагогикалық психология, өнер, спорт және т.б. психологиясы); 2) даму (жануарлар психологиясы, салыстырмалы психология, даму психологиясы, балалар психологиясы және т.б.); 11 3) адамның әлеуметтік жағдайы мен оның қоғамға қатынасы (әлеуметтік психология; тұлға психологиясы; топ психологиясы; тап, тайпа психологиясы; ұлыс, ұлт психологиясы және т.б.). Және бір аса маңызды жағдаят – бұл іс-әрекет мақсаттары (жаңа білім- дерді ашу, алу немесе олардың қолданылуы): тұғырлы және қолданбалы ғылымдар; зерттеу аймағына орай: даму, шығармашылық, тұлға және т.б. психологиясы. Өзге ғылымдармен байланысына қарай психология келесі салаларға бөлінген: психофизиология, нейропсихология, математикалық психология. Психологияның әртүрлі қызмет, тәжірибемен болған күрделі байланыстары ұйымдастырушылық, инженерлік, спорттық, педагогикалық психологияда байқалады. Жануарлардың психикалық ерекшіліктерін зоопсихология зерттейді. Балалар психологиясы өсіп, кемелденудегі адамның санасын, психикалық үдерістерін, іс-әрекеттерін, барша тұлғалық сапа- қасиеттері мен жедел даму шарттарының заң-заңдылықтарын зерт- тейді. Әлеуметтік психологияның айналысатыны: адамның тұлғалық сапаларының әлеуметтік-психологиялық көріністері; оның адамдар және топтармен қарым-қатынастары; адамдардың психологиялық үйлестігі, ірі топтардағы әлеуметтік-психологиялық қатынастар заңдылықтары (адамдардың әрқилы қауымдастығына радионың, теледидардың, басылымдардың, моданың, өсек-аяңның ықпалы). Педагогикалық психология тұлғаның оқу және тәрбие үдерісіне байланысты даму заңдылықтарын зерттейді. Саясат психологиясы саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, адам көңіл күйі және еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт- бағдарлары мен ұстанымдарын зерттеумен шұғылданады. Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті түрлеріне орайласқан проблема- ларды зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады. Мысалы, еңбек психологиясы – адамның еңбектену және іс-әрекетке келуінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектену дағдыларының даму заңдылықтарын айқындаумен шұғылданады. Инженерлік психология – адам және осы заманғы техника арасындағы өзара ықпалдасты қатынастар үдерісінің заңдылықтарын зерттеп, оларды жобалау тәжірибесінде, автоматтасқан жаңа басқару жүйелерін, техниканың соңы түрлерін жасау мен пайдалануда қолдану жолдарын қарастырады. 12 Авиация және ғарыштық психология - ұшқыш, ғарышкер іс- әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды. Медициналық психология – дәрігер қызметінің психологиялық ерек- шеліктерін және сырқат адамның әрекет – қылығына тән психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін орайластырады. Патопсихология – психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика бұзылыстарының заңдылықтарын ашады. Заңгерлік психология – қылмыс үдерісіне қатысқандардың мі- нез-құлығындағы психологиялық заңдылықтарды ашып, қылмыскер тұлғасының қалыптасуы мен оның бойына біткен мінез-құлығының психологиялық проблемаларымен айналысады (куәгер психологиясы, сауалнама жүргізудің психологиялық талаптары және т.б.). Әскери психология - соғыс әрекеттері жағдайындағы сарбаздар мінез- құлығының психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет