Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану


«Жарысты жалғастыр» ойыны



бет38/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
«Жарысты жалғастыр» ойыны.
Мақал-мәтелден тек бір-екі сөзі ғана айтылады. Ал оқушылар оны толық табу қажет.


Мысалы:
1. «Кемшіліксіз ......... адам ......».
2. «Дұшпан ........, дос........».
3. «Жаңылмайтын ........., тұяқ .......».
4. «.......... жақсы, ..........көнесі .......».
5. «..........ақшаң ......, ..........досың ......».
6. «Досы ..........,
........... көппен ............».
7. «Досы ........, өзі де ........».
8. «.......... басқа ...........,
........... аяққа ...........».
9. «Ақылсыз .......... дұшпан .........».
10. « Досың мың ............,
....................... біреу .............».


Жауаптары
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының-өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп».


«Сыйқырлы орындық» ойыны
Ортадағы орындыққа бір бала отырады. Қалғандары сол баланың ұнамды жақтарын айтады. «Менің досым» тақырыбы бойынша әр бала өзінің досы жайлы айтады.


Ситуациялық сұрақ: мына қоржынның ішінде асықтар бар. Алған асықта нөмір жапсырылған, сол нөмір бойынша сұрақтар алып, жауап ереді. Қандай сұраққа жауап беру өз еркің.
- Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.
- Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?
- Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?
- Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің?
- Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?
- Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар, үшеуің сырт көзге қарағанда қызығарлықтай құрбыларсыңдар. Бірақ та сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен қайсысын таңдар едің?
- Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба?
- Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұдан қалай шығасың?

«Мінездеме беру» тренингі


Қазір мен сендерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусаққа өзіңнің қасыңда отырған балаға көрсетпей мінездеме жазыңдар.




Тірек сөздер:
Адал арам
жомарт өз қамын ойлайтын
адамгершілігі мол кекшіл
қарапайым сөзге түсінбейтін
мейірімді жалқау
кешірімді тәккапар
төзімді қатал
ақылды мейірімсіз
сабырлы сараң
салмақты қызғаншақ
кек сақтамау тұйық
ашықтық
бүкпесіздік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет