Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)



Pdf көрінісі
бет17/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
60 
Шінетұлы Рысбек батыр (1741-1824) 
 
Қазақ деген халқынан, 
Батыр шыққан даңқынан... 
Қиядан қиқу төгілсе, 
Аттың басын тартпаған 
Қисапсыз қол көрінсе, 
Қорқып жаудан қайтпаған.  
 
Бұқар жырау 
 
Рысбек  Шінетұлы  Қазақ  халқының  жоңғар  басқыншыларына,  қырғыз 
манаптарына,Қоқан хандығына  қарсы күресте қол бастаған, есімі бір тайпа елге 
жауынгерлік  ұран  болған  ұлттық  батырымыздың  бірі.  Рысбек  батыр  -  қазақ 
халқының аса ардақты аталарының айтулы ұрпағы. Оның атасы Қарабатыр - Теле 
бидің туған күйеу баласы. Дәлірек айтқанда, ол Төле бидің әкесі Әлібектің қызына 
үйленген. Әлібектің де алты алашқа мәшһүр атақты би болғаны белгілі. Есім хан, 
Салқам  Жәңгір,  әз  Тәуке  кезінде  Ұлы  жүздің  бас  биі  болған  Әлібектей  ардақты 
асыл адам тегін жанға қыз бермесе керек - ті. 
Рысбек  батыр  дүниеге  1741  жылы  Жуалы  ауданына  қарасты  Билікөлдің 
маңында дүниеге келген. Рысбек інісі Тұрыс екеуі әкесі Шінеттен ерте қалады. Ол 
кезде жоңғарлардың қонтайшысы, яғни ханы Қалдан Серен жазда Қаратаудың ең 
бір  құйқалы,  қордалы  жайлауы  Боралдай,  Қошқарата  өзендері  түйісетін,  бастау 
алатын,  қазір  Үшқоспа  аталатын  жерге  таяу,  күні  бүгінге  дейін  Ханорда, 
Ордақонған  аталатын  аймақты  жайлайды  екен.  Бұл  ғажап  жайлау  -Жуалы 
ауданындағы қазіргі Қошқарата аймағының солтүстігінде шыжыған шілдеде суы 
салқын балдай, шөбі, жеміс - жидегі үш -төрт ай бойы тұнып тұрады. Жаз бойы 
ызыңдаған шыбын - шіркей болмайтын жер. 
Қошқарата өңіріндегі осы әкесі Шінеттің жайлауын Жолбарысхан өлтірілген 
соң  Қалдан  Серен  иемденген  еді.  1745  жылы  ол  өлген  соң  таққа  Севен  Доржы 
онан кейін Лама Доржы отырады. Рысбектің шешесі Лама Боярға қызметші болып 
жүріп қалмақ тілін үйренеді де кейбір сырларды біліп жүреді. 
Жоңғарлардың 1723 жылғы жойқын шабуылынан Оңтүстік қазақтарының әр 
он адамынан 7 – 8-і қырылады. Мұның өзі әсіресе, Ұлы жүздің тағдырын аумалы-
төкпелі  таразы  басына  салып,  тарих  бетінен  біржолата  жою  қатерін  төндіреді. 
Бұрын қазақ халқы Әз Тәуке кезеңінде алғашқы дабылда-ақ жауға қарсы 80 – 100 
мың  әскер  шығара  алатын  болса,  Аңырақай  шайқасында  қазақтар  жағынан  40 
мыңдай  ғана  қол  соғысқаны  көп  жайды  аңғартса  керек.  Ал,  Оңтүстік 
қазақтарының  бас  қолбасшысы  Қойгелді  бұрынғы  20  –  30  мың  қол  орнына  көп 
айқастарда  5  –  10  мың  ғана  әскер  жинай  алғандығы,  Ұлы  жүз  елінің  қаншама 
қырылғандығын анық байқатады. Міне, сондықтан да Рычбек сияқты жастар етек 
жауып,  ес  біле  сала  соғыс  өнерін:  қылыш  сілтеп,  найза  түйреуді,  садақ  атуды 
жақсы меңгерумен қатар аз санмен көп әскерді жеңудің айла-амалдарын зердесіне 
құйып өсті. 
1957 жылдың жазында Рысбек 16 жасында Ташкенттегі түп нағашысы Төле 
биге,  қолбасшы  Қойгелдіге  жолығып  қалмақтарды  біржола  түре  қууға 
бәтуаласады.  Қалмақ  ханының  ордасына  Рысбек  батыр  бастаған  жігіттер 


 
61 
Қошқарата  сайымен  жасырынып  келіп  кенеттен  шабуыл  жасайды.  Рысбек  туы 
астына жиылған дулат, қаңлы шаңышқылы, сіргелі  жігіттері жау  ордасын ойран 
етеді.  Рысбек  батырдың  бұл  әрекетінен  үнемі  өктемдік  етіп  келген  қалмақтар 
үйлерін, мал - мүлкін тастап тым - тырақай қашады. Қазақтар жауға «Рысбек!» деп 
ұрандап  шабады.  Жеткендерін  қылышпен  турап,  найзамен  түйреп  Қошқарата 
өңірін  біржолата  азат  етеді.  Рысбектің  атағы  осы  орданы  талқандағаннан  кейін 
бүкіл қазақ даласына жайылады, есімі сиқым елінің ұранына айналды. 
1734  жылғы  соғыста  Төле  бидің  тоқалы,  қожа  қызы  Бибімариямнан  туған 
Қожабек  жас  бала  кезінде  тұтқында  кетеді.  Оның  артынан  қалмақ  қонтайшысы 
Қалдан  Сереннің  талабымен  Төле  бидің  кенжесі  Жоланды  аманат  ретінде 
жібереді. Он сегіз жылдан соң, яғни 1752 жылы қалмақтан қайтып келе жатқанда 
қырғыз  манаптарының  қолына  тұтқынға  қайта  түседі.  Мұны  естіген  Төле  би 
Қойгелді  бастаған  шағын  топпен  Алатауға  аттанады.  Жауғаш  батырды  Абылай 
сұлтанға  жаушы  етіп  шаптырады.  Сол  кезде  Рысбек  батыр  қазіргі  Түлкібас, 
Жуалы жеріндегі дулат, қаңлы, шаңышқылы, сарыүйсін, байтана жігіттерін бастап 
қалмақ ханының ордасына тұтқиылдан шабуыл жасайды, өздерінен әлдеқайда көп 
дұшпанды үрке қашуға мәжбүр етеді. 
Мұхаметжан  Тынышбаевтың  «Қырғыз  қазақ  халқының  тарихына 
байланысты  материалдар»  атты  зерттеуінде  Рысбек  батыр  туралы  деректер 
келтіреді.  Ол  Жуалыдағы  Ақтасты  аталатын  жерде  Рысбек  батырдың  және 
жоңғарлардың  көп  адамдары  қырылғанын  айтады.  Рысбек  батырдың  көп 
жауынгерлері сол Ақтастыда жерленген деп көрсетеді. 
Рысбек  батыр  1757  -  1758  жылдары  Қойгелді  әскерімен  бірігіп  Жетісу 
жерінде де соғысып, жоңғарларды қууға қатысады. Қойгелді батырдың 17мыңдық 
қолында  Өтеген,  Рысбек,  Сәмен,  Мәлік,  Елшібек,  Саңырақ  сияқты 
мыңбасылардың қосындары болған. 
Сайрам  мен  Шымкент  қалаларын  жоңғар  басқыншыларынан  азат  етуге 
қатысып, ерлікке толы қимылдарымен көзге түседі. 
К.Аманжолов  пен  А.Тасболатов  Қазақстанның  әскери  тарихы  атты 
кітабында:  «Алға  кеткен  жаудың  көшін  бөліп  тастап,  оларды  үлкен  шығынға 
ұшыратып  отырған.  Мәселен,  Дулаттың  төрт  баласының  әрқайсысы  мыңдықтан 
әскер  жинап,  тылда  тұтқиылдан  жоңғарларға  қарсы  соғысқан.  Сиқым  қолын  - 
Рысбек, Ботбай қолын – Сәмен, Жаныс қолын - Өтеген, Шымыр қолын - Қойгелді 
батырлар басқарған. Осылайша партизан соғыстарын жүргізген» - деп жазады. 
Рысбек  батырдың  қазақ  жерін  қорғаудағы  тағы  бір  ерлігі  Оңтүстік 
Қазақстанды Садыр, Ешенқұл сияқты басқыншы манаптардан азат етуі еді. 1769 
жылы қырғыздың Садыр манабы Меркі, Талас, Созақ жерлерін басып алады. Осы 
кезде Қойгелді, Рысбек батырлар Абылайға ат шаптырып казақ қолы жау басып 
алған жерлерді босатқанда Рысбек, Сәмен батырлар ерекше ерлігімен көзге түседі. 
Бұл соғыс тарихта «Жайыл қырғыны» - деген атпен қалады. 
Рысбек 
батыр 
туралы 
қысқаша 
мәлімет 
Жамбыл 
облысының 
энциклопедиясында  да  келтірілген.  Онда  «Рысбек  батырдың  даңқы  1729  жылы 
Аңырақай  шайқасында  ерлік  жасаған  Қойгелді  қолбасшы,  Өтеген,  Сеңкібай, 
Тойбек, Саңырақ батырлармен бірге шыққан»  - деп жаңсақ жазылған. (Ол кезде 
Рысбек батыр әлі дүниеге де келмеген еді.) 
Ел аузынан бүгінге жеткен әңгіменің айтылуына қарағанда Атамекенді қалың 
қалмақтан  тазартып,  мерейі  үстем  болған  қазақтар  Абылай  хан  мен  Төле  би  бас 


 
62 
болып  Тәңіртаудың  баурайына  жылып,  Ұлы  жорықта  шейіт  болған  ерлерге  ас 
беріп үлкен жиын өткізген (Бұл жиын 1756 жылға дейін өткізілген деп есептейміз, 
себебі 1756 жылы Төле би қайтыс болған) 
Сол жиында алты алаштың атынан әруақты Төле би: 
-Көгалсыз  көл,  бетегесіз  бел,  ұрансыз  ел  болмайды.  Сол  ұранның  жолы  да, 
жөні  де  отыз  жол  Сиқымның  туын  көтеріп,  қол  бастаған  Қарабатырдың  еншісі 
болатын.  Бірақ,  ол  жолын  кейінгі  ұрпағына  қалдырып,  мұратына  жете  алмай 
жорық  жолында  көз  жұмды.  Ендігі  Сиқымның  туы  ата  жолын  ұстанған  Рысбек 
батырда. Ендігі Сиқым жұртының ұраны «Рысбек!». Қалың сиқым ұрандары енді 
«Рысбек!» - деп атқа қонсын. Әумин! – деп батасын беріпті.  
Соғыс  біткенде  жеңістің  ақ  туын  желбіретіп  қайтқан  «Бақтияр», 
«Бәйдібектің»  ұранын  асқақтатқан  Ұлы  жүздің  ұрандары  Қаратаудың  жанында 
жорық тойын өткізеді. Бұл той – Рысбек батырдың қайтадан шаңырақ көтеру тойы 
болатын  (Өйткені  Рысбектің  алғашқы  әйелі  Сиқым  көшінің  ішінде,  аласапыран 
көктемде Арыстың тасқын суына кетіп, опат болған). 
Сөйтіп, қатар жатқан Қаңлы, Ошақты, қырғыз елінен үш келін қатар түседі. 
Оның  алғашқысы  –  Ұлданай,  ортаншысы  Ошақтының  Бәтима  атты  қызы, 
үшіншісі – Күркіресудың қырғызынан Айчолпанның ақ отаулары қатар тігіледі.  
Елім  деп,  жерім  деп  он  жыл  тоқым  төсеп,  ер  жастанып,  толарсақтан  қан 
кешіп  өткен  Рысбектің  шайқалған  шаңырағы  ел  жақсыларының  сөзімен  осылай 
қайта көтерілген болатын. 
Тарихи  деректерге  сүйеніп  біз,  Рысбек  батырды  қазақ  халқы  жаппай 
көтеріліп, жоңғарлардан туған жерді азаттету соғыстарына ғана қатысқан деп айта 
аламыз.  Оның  ерлік  жорығы,  1756  жылы  он  алты  жасында  Жуалы  өңіріндегі 
жоңғарларды  Ақтастыдан  қуудан  басталған.  Онан  соң  Төле  бидің  шұғыл 
шақыртуымен Шымкент, Сайрам түбіндегі азаттық соғысын басқарған, одан кейін 
Жетісу өңірін жоңғарлардан тазарту соғыстарына қатысқан. Жауды қазақ жерінен 
түгел тазартқанша аттан түспеген. Осы қалың қолдың бір үлкен қосынан Сиқым 
Рысбек батыр бастаған. 
Хан Абылай Шимойында жеңіс тойын тойлап, қарт Бұхар барлық батырлар 
мен  мыңбасыларды  мадақтап  жырға  қосып,  сыйлық  таратқан  кезде  Рысбек 
батырдың  аты  аталмайды.  Сондықтан  Рысбек  батыр  Жоңғар  қақпасына  жеткен 
деп айта алмаймыз. 
Қорыта  келгенде,  жоңғарлар  1758  жылдан  соң  соғысу  қабілетін  сарқып 
мемлекеті жойылды да, қытай мен орыс билеушілерінің жемтігіне айналды. Жүз 
жылдық  соғыстарға  төтеп  берген  Қазақ  хандығы  өзінің  өміршеңдігін  дәлелдеді. 
Наурызбай,  Бөгенбай,  Қойгелді,  Райымбек,  Рысбек  т.с.с.  батырлардың 
жанкештілігі  арқасында  қазақ  халқы  өзінің  елдігі  мен  мемлекеттік  тұтастығын 
жойған  жоқ.  Қазақ  елі  соғыстың  бірінші  кезеңінде  ауыр  жағдайға  душар 
болғанымен, түбінде жоңғар басқыншыларын жеңіп шығып, өзінің байтақ жерін, 
елін  өз  күшімен  азат  етті.  Жоңғарлар  билігі  жойылған  соң  оның  орнын  Цинь 
патшалығы  басты.  Ұзақ  жылдың  соғыстан  әлсіреген  қазақ  жасақтарының  Цинь 
патшалығымен  соғысуынан  сақтанған  Абылай,  Бөгенбай  батырды  Қытайға 
елшілікке жібергені тарихи мәлім. 
Соғыстан әбден қалжырап есін енді жия бастаған Қаратау қазақтарына 1769 
жылы оңай олжа іздеген қырғыз манаптары соғыс ашты. 
Олар Жетісу аймағындағы Құлан, Меркі, Шу өңірлерін Қоқиға дейін басып 


 
63 
алды.  Қырғыз  қолын  Садыр,  Жойыл  деген  манаптар  басқарып  бейбіт  халыққа 
зобалаң салды. 
Осы  кезде  Жетісу  жеріне  Ташкент  жақтан    Қойгелді  мен  Рысбек  батыр 
бастаған қол көмекке келді. Арқа жақтағы Абылайға шұғыл шабармен жіберілді. 
Садыр  қолымен  болған  шайқаста  Рысбек  батыр  мен  Ботпай  Сәмен  батырдың 
ерлігі  ерекше  болды.  Садыр  манапты  Сәмен  батыр  жекпе-жекте  өлтірді.  Жойыл 
манап  алты  ұлымен  (кейбір  деректерде  тоғыз  ұлымен  деп  көрсетілген)  қолға 
түседі.  Абылай  олардың  бәрінің  басын  алуға  бұйрық  береді.  Алайда  Жауғаш 
батыр Абылайдан сауға сұрап, Жойылдың кенже баласын өлімнен алып қалады.  
Түбі бір туыс қазақ пен қырғыз арасындағы бұл соғыстар халықтар достығы 
саясатына  қайшы  келгенімен  бұл  тарихи  шындық.  Қойгелді,  Рысбек,  Сәмен, 
Жауғаш  сияқты  батырлар  сол  соғыста  жеңіп  қана  қймай  олар  сол  жаулықтың 
отын өшіріп, қайтадан татулық орнатып, құдандалы қарым-қатынас орнатқан. 
Сайрам маңындағы бір ұрыста Рысбек батыр жауына есе жібермей қылышын 
оңды-солды сілтеп қайтпай соғысып жүрген бір жас жігітті көреді. Шайқас біткен 
соң әлгі жігіттің кім екенін білгісі келіп оны алдына шақыртады. Сөйтсе әлгі жігіт 
дегені  шашын  бөркінің  ішіне  жасырып,  ерлерше  киінген  қыз  бала  екен.  Сонда 
Рысбек: 
-Қарындасым, айналайын – соғыс деген  ер жігіттің  еншісі. Жаудан  өзіміз-ақ 
кек аламыз... деген кезде Рысбектің сөзін аяқтатпай қыз жалма-жан: 
-Жоқ  аға  жауда  менің  қайтпай  жүрген  кегім  бар.  Жауыздар  менің  әкем  мен 
бауырымды өлтірген. Атым – Монтай, - дейді. 
Рысбек батыр кеудесі кекке толы өжет қызды соғыстан шеттетпей қыз балаға 
қолайлы шаруа жүктегелі аз-кем ойланып қалады. Сонда Монтай: 
-Менің  әкем  осы  аймаққа  танымал  сынықшы  болатын.  Оташылық  менің  де 
қолымнан келеді, - дейді. Рысбек батыр: 
-Жарайды онда мен саған жәрдемшілер қосып берейін, жаралылар қосынына 
оташы бол, - дейді. 
Содан  бір  күні  Рысбек  батырлар  жорықта  жүргенде  жаралылар  қосынына 
жау шабады. Монтай қолға қару ұстай алатын жаралыларды түгел атқа қондырып 
жаумен  шайқасқа  кіреді.  Осы  шайқаста  Монтай  да  жаралылар  да  бірі  қалмай 
ерлікпен қаза табады. 
Рысбек батыр сол Монтай қыз қайтыс болған жердегі бастаудың басына белгі 
етіп үлкен тас қойдырады. Ол белгіні ел «Монтай тас»  - деп атап кетеді. 
Сол Монтайдың әкесі шежіре бойынша біздің әулеттің жоғарыдан санағанда 
жетінші  атасы  болатын.  Бұл  естелік  әңгімені  бізге  баяндаушы  журналист, 
шежіреші қария (марқұм) Шөкенов Шералы деген кісі еді. 
Төле  би  одан  соң  қолбасшы  Қойгелді  қайтыс  болғаннан  кейін  Дулат 
балалары  Ташкентте  билікке  таласады  (Бұл  оқиға  тарихшы  Мұхаметжан 
Тынышбаевтың  еңбегінде  жазылған).  Ағайынды  төрт  ел  арасында  билік  төрт 
дахаға (ауданға) бөлінген Ташкентке Дулаттардың келісімімен Жүніс қожа билік 
жүргізеді. Жүніс қожаТөле бидің кіші әйелінің інісі болатын. 
Жүніс  қлжа  төртке  бөлінген  Ташкентті  өз  билігіне  көшіріп  Шымкент, 
Сайрам, Әулиеата, Түркістан, Ақмешіт т.с.с. қалаларды басып алады. Ол билікке 
араласқысы келген Дулаттарды қырып салады. Олардың бастарынан Ташкенттің 
қақ  ортасында  төбе  тұрғызып  ең  үстіне  Қойгелді  батырдың  немересі 
Қырғызбайдың  басы  қойылады.  «Осы  жолы  дулаттар  қолын  Рысбек  батыр 


 
64 
басқарған  еді»  дейді.  Бұл  өкінішті  тарихи  оқиғаға  байланысты  орыс  суретшісі 
В.В.Верещагин «Соғыстың шырқау биігі» атты сурет салғаны тарихтан белгілі. 
М.Тынышбаев өзінің Қазақ халқының шежіресі атты еңбегінде: «Осы жолғы 
соғыста  Дулаттар  қолын  Рысбек  батыр  бастаған  еді»  -  деп  көрсетеді.  Бұл  оқиға 
Рысбек батырдың өміріндегі ең қайғылы , әрі қолайсыз сәт болатын. Кейін Жүніс 
қожа  қоқан  хандығынан  жеңіліп,  билік  басына  қоқан  хандығы  келгенде  Рысбек 
батыр біраз уақыт датқа болады. Адал қызметі үшін сыйға мылтық алады.  
Рысбек  батыр  өзінің  түп  нағашысы  Төле  биден,  әкесі  Шінеттен  үйреніп, 
Жуалы,  Қаратау  жеріне  егін  салуды,  арық  қазуды,  мектеп,  медресе  ашуды 
өрістетеді. Ташкенттегі 12 қақпаны, қазірше айтқанда аудандардың бірін билеген 
Шінет  әкесі  сияқты  Рысбек  батыр  да  қаздырған  арықтары  Шымкент,  Жамбыл 
облысының Сайрам, Түлкібас, Жуалы аудандарында әлі күнге дейін пайдалануда. 
Дәу баба жеріндегі Рысбек каналы осының бір айғағындай. 
Рысбек батырдың есімін ұран еткен қазақтар Өзбекстанның кей аудандарын, 
Ташкенттен  Алматы  маңындағы  Талғар  тауына  дейінгі  жерлерді  әлі  күнге 
жайлауда. 
Қызылорда 
жерінен 
түлеп 
ұшқан 
белгілі 
ақын 
Асқар 
Тоқмағамбетовтың  аталары  да  Рысбек  батырмен  туыстас...  Рысбектен  сегіз  ұл 
туған.  Олардың  барлығы  да  Қоқанға,  артынша  Ресейге  бодан  болу  кезінде  ел 
билеген  датқалар,  билер,  болыстар,  батырлар  болған.  1929  -  1938 
жылдарыұжымдастыру  және  жазықсыз  жандарды  «халық  жаулары»  деп 
жариялап,  қуғын  -  сүргінге  ұшырату  кезінде,  аштық  жылдары  батырдың 
ұрпақтарының  көбі  атылып,  айдалып,  қырылып  кетті.  Ресей  патшасының 
отарлауына қарсы күрескен Батырбек датқа осы Рысбек батырдың баласы. 
Рысбек батыр 1824 жылы 81 жасында көктемде Жамбыл облсының «Қызыл 
Октябрь» колхозының жанында Рысбек төбе деген жерде қайтыс болады. 
Рысбек  батырға  Майкөт,  Майлықожа  сынды  жыраулар  өсиет,  жоқтау 
арнаған. «Рысбектің өсиеті» атты жырында Майлықожа былай дейді: 
 
 Өтерін білді дүниеден 
 Тұрыс пенен Рысбек 
 Алдыменен өлгенін 
 Қалғаны қойды қадірлеп. 
 Аймағы тегіс жиылып, 
 Жаназа оқып жан болып, 
 Қабырға қойды кебіндеп. 
 Өлмей тұрып Рысбек 
 Айтқан сөзі мынау-ды: 
 -Сыйқымға кеңес тастаңдар, 
 Маңызы еді Төртсейіт 
 Өкшелеп ізін баспаңдар! 
 Қасықтап жиған елімді, 
 Шөміштеп төгіп шашпаңдар! 
                                      Қатарда қара нар едім, 
                                     Алаштан озып бәйге алған 
                                      Арғымақ аттай бар едім 
                                      Көп халайық, құлақ сал! 
                                      Осылай болды дәрменім, 


 
65 
                                      Бес күн жалған дүниеден, 
                                      Өтпеймін деп жүр едім, 
                                      Сиқым деген еліме 
                                      Дүрі гауһар нұр едім. 
                                      Ақындардың аузында, 
                                      Айтылып жүрген жыр едім.. 
 
Өлер  алдында  Рысбек  батыр  қатты  ауырып  жатып  балаларын  жинап 
бақұлдасады. Сегіз ұлының жетіншісі Төребекке: 
-Атамыз  Қарабатыр,  әкем  Шінет  жатқан  Манкенттегі  Сиқым  зиратына 
қойыңдар. Қараағаш әулие қолдап, бабам қартайғанда көрген Небосын, Есбосын, 
Құлбосын,  Қармыс  төртеуі  де,  содан  тараған  басқа  ұрпақ  та,  соның  ішінде 
Қарабатырдың  әкесі  Есті  де  сонда  жатыр,  - дейді  өсиетін  айтып.  Қайтыс  болған 
Рысбекті  төбе  басында  жуыпты.  Сол  жер  Рысбек  төбе  аталған.  Рысбекті  тоғыз 
қаралы  түйеге  бар  жасауымен  артып,  қаралы  керуен  Манкентке  қарай  тартады. 
Жуалының Шақпақ асуынан асқанда алдынан он түйемен Самарқанның көк тасын 
Әулиеата  жаққа  алып  келе  жатқан  саудагерлер  кездеседі.  Бір  түйедегі  тасты 
түйесін, басқа дүниесін беріп сатып алады. 
Рысбек  батырдың  дүниеден  қалай  қайтқаны  және  мұрасы  жөнінде  кейінгі 
ұрпақтары төмендегідей естелік айтады: 
-«Атамыз  Рысбек  қой  қоздап  жатқан  кезде  өмірден  өткен  екен.  Мен  мұны 
Рысбектің  туған  інісі  Тұрыстың  кенжесі  Әмірқұл  атамнан  естіген  едім.  –  Әкем 
Молдабек  Бегім  болыстың  ұлы,  ал  Бегім  болса,  Рысбектің  баласы  Төребектің 
кенжесі еді. Рысбек атамның барлық қару-жарақтары, оның ішінде кебекке салған 
тұтас  ақ  сауыты,  мылтығы,  туы  1930  жылы  Талас  ауданы  жеріндегі  Көктал 
тауында  қыстау  артына  көмілді.  Оны  көмген  Бегімнің  ұлы  Ерман  еді.  Өйткені 
,одан  бір  күн  бұрын  Аңқай  –  Созақ  көтерілісін  басқанНКВД  әскерлері  ағасы 
Орманды  жазықсыз  болса  да  Рысбектің  мұрасын  бермедің  деп  атып  кеткен 
болатын. Өлігін жылғадан тауып алып көмдік». 
Рысбек батырдың бүгінгі ұрпақтары: 
-«Ұлы бабамыз Рысбектің жеті ұлынан тараған ел, бүгінде жеті жүзден асып 
жығылады. Өсіп-өнген батыр бабамыз ұрпақтары кең байтақ еліміздің әр жерінен  
де  табылады.  Алды  Алматы,  Астана,  осы  Қаратау  мен  Жуалы,  Талас  жерінде 
тұрып, түрлі салада қызмет етіп жатыр»  - дейді. Қазақтың:  «дарияның  орны құр 
болмас» - дегені осы шығар... 
Қазақ  халкының  тәуелсіздігі  үшін  бар  өмірін  арнаған  батыр  бабасының 
туғанына  250  жылдығына  орай  ұрпақтары  Жуалы  ауданындағы  әскери 
бөлімшенің жанындағы майдам жазықта,Теріс өзенінің жағасында ас беріп, үлкен 
аламан  бәйге  өткізді,  ақындар  айтысын  ұйымдастырды.  Аудан  орталығы 
Б.Момышұлы  ауылында  Рысбек  батырға  1992  жылы  құрыштан  құрсанған  
ескерткіш орнатылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет