Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)


Қабылұлы Ақментей батыр (т.ө.жылдары белгісіз)



Pdf көрінісі
бет20/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Қабылұлы Ақментей батыр (т.ө.жылдары белгісіз) 
 
Заман түзелер, ұрпақтар келер, 
Кезінде бізде не үшін алысқанымызды,  
Құлпы тасымызға қарап, білер- сезер... 
 
Төле би 
 
Ақментей батыр – XVIII ғасырдың орта тұсында жоңғар шапқыншылығына 
қарсы  еліміздің  азаттық  соғысына  қатысып,  ерлік  көрсеткен  айтулы 
батырлардың бірі. Ақментей Түлкібас ауданының Алғабас ауылының маңында 
дүниеге келген. Тегі – Шымыр бабадан таралатын Құли руының перзенті. 
Ақментей  батырдың  шыққан  тегі  Құли  шежіресі  бойынша  былай 
таратылады.  Құли  бабан:  Амандық,  Жарбол,  Еспол,  Қасқа  тарайды. 
Амандықтың  бәйбішесінен:  Алдаберген,  Құдайберді,  Барбол.  Тоқалдан  – 
Шахаман  туылған.  Шахаманнан:  Маутан,  Түктібай,  Мәмбетбай,  Өреке,  Жолақ 
тарайды.  Өркеден:  Қабыл,  Байғабыл,  Дәулеткелді  өрбиді.  Қабылдан:  Шола, 
Таңатар,  Бәйетер,  Бәйіт,  Байбол,  Ақментей  тарайды.  Ақментейден  –  жеті  ұл 
туылған. Олар: Бөкен, Тоқан, Көшек, Шағалық, Мыңжасар, Көпжасар. 
Ертеде  Құли,  Шілменбет  ағайынды  болғандықтан  екі  атаның 
ұрпақтарының  ұрандары  –  Шілменбет  руынан  шыққан  «Жаулыбай»  болған 
екен. Құли, Шілменбет ұландары жауға шапқанда, бәйге және көкпар тартқанда 
«Жаулыбай» - деп ұрандайтын болған.  
Ақментей  жаратылысынан  ірі,  өзі  қатарлы  балалардан  әлдеқайда  бойшаң 
болған  көрінеді.  Бала  кезден-ақ  ол  талғампаздығымен  ерекшеленіпті.  Бозбала 
шағынан-ақ астындағы атын да таңдап жүріп, тұрқы келіскен ірісін, жақсысын 
мінген.  Қарапайым  жабылар  еңгезердей  жігіттің  мінісіне  шыдас  бермеген. 
Сондықтан  да  Ақментей  үнемі  белі  мықты,  шоқтығы  биік,  жал-құйрығы 
төгілген  үлкен  сәйгүлікке  мінген.  Оның  жауға  шабар  найзасының  өзін  анау-
мынау әлжуаз жігіттер еркін көтере алмаған деседі. 
Ақментей  батыр  кесек  тұлғалы,  маңдайы  кереқарыс,  қыр  мұрынды,  көк 
көзді, сары кісі болған ұқсайды. Түрі сұсты болған деседі. Ол кісінің сүйікті асы 
жақсылап  дайындалған  быламық  болған  екен.  Быламықты  ешкімді 
араластырмай  баптап  батырдың  анасы  өзі    дайындайтын  болыпты.  Ақментей 
батыр есік пен төрдей ақжол сары қазанат мінген екен. 
Бірде  тұтқиылдан  жау  шауып,  дайындап  жатқан  быламық  дайын  болмай 
шешесі  сасқалақтап  жүріп  шарасы  мен  ыстық  ботқаны  ат  үстіндегі  Ақментей 
батырға ұстата салыпты. Батыр ыстық быламықты сіміре салып, қайта құсқанда 
аттың  жалы  күйіп  қалыпты.  (Батырлардың  іс-әрекетін,  батырлығын  әсірелеп 
айту  көп  батырларға  тән.  Мұндай  жағдай  Шынғара  батырдың  басынан  да 
өткенін жазғанбыз). 
Бірде түн мезгілінде барымташылар ма, әлде жаудың жансыздары ма елдің 
шетінен  бейтаныс  атты  адамдардың  жүргенін  ауыл  адамдары  байқап  қалады. 
Хабар  Ақментейге  тиеді.  Әлгілер  өздерін  байқап  қалғанын  сезіп,  дүркірей  
қашады. Асығыс күрмедегі атқа мінген Ақментей: 


 
70 
-Тез,  найзамды  әперіңдер!  –  деп  айқай  салады.  Ақментейдің  ағайын  інісі 
киіз  үйдің  сыртқы  босағасында шаншулы  тұрған  найзаны  көтере  алмай  әлекке 
түседі.  Сол  кезде  Ақментей  шауып  келіп  найзасын,  тырбаңдап  найза  көтере 
алмай  жатқан  інісімен  қоса  іліп  алып,  жауды  қуа  жөнеледі.  Мені  қайда 
апарасың? – деп ойбайлаған Қожағұл інісін желкесінен бүріп артына отырғыза 
салады. 
Ақментей  Құла  айғырмен  жауды  қуып  жетіп  бірінен  соң  бірін  найзамен 
түсіреді. Кейін ауылға келген соң ат артында отырған Қожағұл: 
-Жауды  аттан  домалатқанның  ішінде  мен  де  бар  етінмін,  -  деп  мақтанған 
көрінеді. 
Түлкібасылық  Аманжолұлы  Мейірбек  қарияның  баяндауы  бойынша 
Ақментей  батырдың  екі  иығында  екі  түлкісі  болған  дейді.  Жауға  шабуылға 
шыққанда және қайтар жолда сол екі түлкі жол бастап отырады екен. Екі түлкі 
тоқтаған  жерде  тоқтап,  жасағын  дем  алдырып,  түлкі  жүрген  кезде  қайта  атқа 
мінетін болған көрінеді. 
Ақментей  батырдың  батырлық,  ержүректігіне  қоса  көріпкелдік,  әулиелік 
қасиеттері  де  болған  делінеді.  Бірде  батыр  жауын  жеңіп,  Қырғыз  жерінен 
түнделетіп келе жатып атын кілт тоқтатып, найзасын жерге қадап: 
-Өткенде  жауға  аттанып  бара  жатып  осы  жерге  кездегімді  түсіріп  алған 
едім  соны  әперіп  жіберші,  -  депті  бір  сарбазына.  Айтқандай,  найзаның  ұшы 
тиген жерде жатқан кездекті сарбаз Ақментей батырға алып беріпті... 
Көкірегі  көмбе  қариялардың  және  бір  әңгімесіне  қарағанда  Ақментей 
батырдың Талас өңірінде тұратын қырғыз Көк есімді досы болыпты. Олар жауға 
тізе қосып бірге шабады екен. Көк батыр Ақментей досын жолдан күтіп алып, 
жол  айрықта  қоштасып  қалатын  болыпты.  Сондай  жағдайдың  бірінде 
сарбаздардың бірі: 
-Сіздің  Көк  жолдасыңыз  неге  аттан  түсіп  шәй  ішіңіз  деуге  жарамайды?  – 
деп сұрапты. Бірде батыр осы жайды досы Көктен сұрайды. 
Сонда досы: - Ақментей досым, осы уақытқа дейін келіншегімнің пұшпағы 
қанамады.  Менде  ұл  да,  қыз  да  жоқ.  Перзентім  жоқ,  ұрпағым  жоқ  соған 
қорланамын, оның себебі сол деп жауап беріпті. Досының бұл сөзі Ақментейдің 
ойынан жатса да, тұрса да бір кетпей қояды. Бір күні Көк досына келіп: 
-Бір  малыңды  құдайы  шал.  Аллаға  жалбарынып  батамды  берейін,  -  дейді. 
Сол  Ақментейдің  батасынан  кейін  Көк  ұлды,  артынша  қызды  болыпты.  Кейін 
Көктің ұрпақтары өсіп-өніп бір тайпа ел болыпты дейді. 
Ақментейдің  батырлығы  Мәртөбе  маңындағы  жоңғарлармен  болған 
шайқаста  танылады.  Азаттық  күресін  бастаған  Абылай  ханның  қолына  Тау 
Шілмембет Жаулыбай бастаған жүз қаралы жасақ қосылады. Олардың ішінде ан 
алты-он  жетідегі  жас  сарбаз  Ақментей  де  болады.  Майлыкент  төңірегінен 
Жаулыбайдың  жасағы  қосылған  соң  көп  ұзамай  Шымкетке  таяу  Мәртөбе 
жанында  жоңғарлармен  кесікілескен  ұрыс  болады.  Жоңғарлар  соғысы 
әдеттегідей дәстүрлі жекпе-жектен бастамай бірден шабуылға көшеді. Соғыста 
бірін-бірі жеңе алмаған екі жақ ұрысты тоқтатып, енді жекпе-жекке көшеді. 
Қойгелді  қолбасшы  бастаған  қолдан  жекпе-жекке  құли  шілмембеттерді 
бастап келген Жаулыбай сұранады. Осы кезде Ақментей: 


 
71 
-Жолдыбай  аға,  жолыңызды  маған  қиыңыз.  Жекпе-жекке  мен  шығайын,  - 
дейді.  Жас  жігіттің  батыр  тұлғасы  жалынды  келбеті,  өзіне  деген  сенімділігі 
Қойгелді батырға ұнап қалады. Жаулыбай болса: 
-Әлгі  мұндай  жекпе-жекке  түсіп  көрген  жоқ  еді  дейді  Қойгелдіге.  Сонда 
Қойгелді: 
-Ерлік  білекте  емес  жүректе.  Өзіне  сенімді  екен,  шықсын  жекпе-жекке,  - 
дейді. Жаулыбайға Қойгелді: 
                              Ақментей, Құли бауырым! 
                              Ұстапсың найза ауырын. 
                              Үстем болып жеңіп қайт, 
                              Қуантып қазақ қауымын. 
                              Құли бабаң қолдасын, 
                              Қызыр болсын жолдасың. 
                              Аумин! – деп батасын береді. 
Ақментей ақжал сары қазанатын бүлкектетіп ортаға жете бере күтіп тұрған 
жоңғар  батыры  оған  қарай  бірден  ат  қояды.  Ақжол  сары  айғырға  жете  бере 
жоңғар жарға соғылған толқындай кейін серпіледі. Жоңғар батыры атын тебініп 
қайта  ұмтылады.  Жанын  шүберекке  түйіп  сырттай  қарап  тұрған  қазақ 
жасақтарына  Ақментей  қорғанып  қана  жүрген  сияқтанады.  Жау  найзасын 
кезеніп  келесі  шауып  өткенде  ат  үстіндегі  адамы  жоқ  жоңғардың  бір  аяғы 
үзеңгіде  сүйретіліп  бара  жатады.  Үріккен  ат  шаңдатып  айдалаға  лағып  кетеді. 
Ақментей  салқын  қандылықпен  ұрымтал  сәтті күтіп  жүрген  екен.  Жау  үшінші 
рет келгенде қақ бастан дәлдеп тұрып бір-ақ ұрып саудасын бітірген екен. 
Ақментей  жекпе-жек  алаңынан  кетпей  жаудың  келесі  жекпе-жекке 
шығатын  батыры  күтіп  алады.  Ақментайдың  екінші  жекпе-жегі  тіптен  тез 
аяқталады.  Екпіндеп  найза  кезеніп  шауып  келген  жаудың  найзасын  астынан 
көтеріп  жіберіп  жауды  дәл  өңіршектен  қадап,  бір  айыр  шөпті  көтергендей 
лақтырыпп тастайды. Иесіз қалған жаудың атын жетелеп аспай-саспай аяңдап өз 
жасағына барып қосылады. Үшінші жекпе-жекте жоңғар аттан ауып түсіп, жан 
дәрмен өзінің жасағына қарай жаяу қашады. Ақментей оны ұзатпай қылышпен 
шауып түсіреді. 
Осы шақта жеңістің қуанышымен әруақтанған қазақ жасақтары: 
-Ақментей жасасын! Ақментей... – деп айғайлап қуанып жатады... 
Осы  жекпе-жекте  Ақментей  батыр  жаудың  бірінен  соң  бірін  үш  бірдей 
батырын жер жастандырады. Ақжол сары қазанатын  ойнақтатып майдан сұрап 
тұрған  алапат  күштің  иесі  Ақментей  батырға  төртінші  болып  жоңғарлар 
жағынан ешкім шықпайды. 
Сол  жекпе-жекті  жіті  бақылап  тұрған  Төле  би  Ақментейдің  ерлігіне  разы 
болып  Жаулыбай  бастаған  жасақтың  алдына  келіп:  (Бір  деректерде  Ақментей 
ұранын Қойгелді батыр берген деседі). 
-Бұдан  былай  құли,  шілмембеттің  айтар  ұраны  «Жаулыбаймен»  қоса 
«Ақментей»  болсын!  -  депті.  Содан  былай  құли  шілмембеттер  ерлік  сыналар 
сәтте,  бәйгелерде  «Ақментейлеп»  ұрандап,  нәресте  дүние  есігін  ашқанда: 
«Ақментей бабаңның әруағы қолдасын!» - деп бата берілетін болған.  
Сол  Ақментей  батырдың  ұрпағы  –  батыр  Бауыржан  дүниеге  келгенде  де 


 
72 
қариялардың: «Ақментей бабаңдай батыр бол!» - деген киелі батасын алған. 
Батыр  Баукең,  Бауыржан  Момышұлы  соғыс  жүріп  жатқан  шақта  елге 
демалысқа  келеді.  Сол  уақытта  ол  Жамбыл  Жәкемізге  сәлем  беруге  барады. 
Бауыржанмен әңгімелесіп отырып оның соғыстағы батырлығына қанық Жәкең: 
-«Батыр  болсаң  боларсың,  өйткені  сен  Ақментей  батыр  бабамыздың 
ұрпағысың ғой» - деген екен. Жамбыл атамыз «Ақментей» есімін аспаннан алып 
айтпағаны анық. Бұл сөз Жәкеңнің дуалы аузынан жайдан-жай шықпаса керек. 
Бірде  Түлкібас  ауылының  қарияларымен  болған  басқосуында  Бауыржан 
Момышұлы: 
-Біздің атамекенімізді, жер-суларымызды жаудан қорғап қалғандардың бірі 
Ақментей бабамыз болатын. Сол бабамыздың  батырлығымен бірге әулиелік те 
қасиеті болған. Сіздерге сол кісінің әулиелігі туралы соғысты бастан кешкен екі 
оқиғаны айтайын. 
Бірде  Москва  түбінде  қоршауда  қалғанымда  қатты  састым.  Ақментей 
бабамның  әруағына  сыйындым.  Түн  ортасында  ақбоз  аттың  үстінде  отырып 
қалғып  кетіппін.  Түсімде  бабам:  «Қамықпа  батыр,  тез  қимылда,  таң  атпай 
қоршауды бұзып өтесің!, - деп оңтүстік батысты меңзеді. Мен тез арада бұйрық 
бердім. Таң бозара бір адам шығынсыз жау қоршауын бұзып өттік. 
Келесі бір қоршауда қалған кезде күндіздің өзінде бабам көзіме елес болып 
көрініп жүрер бағытымды иегімен меңзеп нұсқады. Мен: «Ақментей бабамның 
әруағы қолда!» - деп ақбоз атыма қамшы басып, айқайлап жіберіппін. Бұл жолы 
да  біз  жау  қоршауынан  аман-есен  шықтық.  Мені  екі  рет  ажал  аузынан  алып 
шыққан  Ақментей  бабамыздың  осы  әулиелік  қасиеті  болатын,  -  деп  Баукең 
әңгімесін аяқтаған. 
Бүгінде Жуалы ауданында осы ауданның  «Құрметті азаматы»   -  Аманжол 
қажы Дүрәліұлы басшылық ететін «Ақментей батыр» атыфндағы қор бар. 
Ақментей  батырдың  алпыстан  астам  бүгінгі  ұрпақтары  негізінен  Жуалы, 
Түлкібасы аудандарында, Тараз, Шымкент қалаларында сол сияқты кең-байтақ 
еліміздің түкпір-түкпірінде тұрып жатыр. 
Ескерту:  
Ақментей батыр туралы жазба деректер А.Ормантай құрастырған  «Құлый 
баба ұрпақтары» атты шежіре кітабынан алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет