«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіндегі баға және баға белгілеу мәселелері



бет18/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   130
3.2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіндегі баға және баға белгілеу мәселелері.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде баға қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Кодекстің үшінші бөлімінде осы заманғы баға қалыптастыру тәжірибесінің ерекшеліктерін сипаттайтын арнайы бап бөлінген (385 бап). Ең алдымен, бұл бап шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша жүзеге асатындығын көрсетеді. Бұл Қазақстан Республикасында еркін нарықтық бағалардың қолданылатындығының кепілі.
Баға түрлері ретінде тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б. танылады, бұл баға қалыптастырудың 1) банк операцияларына ( несиені пайдаланғаны үшін, жекелеген банк операциялары үшін пайыздық төлемдер және т.б.),
2) еңбек қатынастары ( бағалау, орындалған жұмыстар ставкасы, технологиялық операциялар ставкасы) және т.б. қолданылады.
Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға қолданылатындығына көңіл бөлінген.
Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгерту негізі ретінде аталған келісім шартта әлде заңда көрсетілген жағдайлар алынады. 385 баптың 2 пункті, шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгерту жағдайларын қарастырады. Бағаны өзгертуге біріншіден шартта және екіншіден заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі.
Шартта баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс (2пункт385-бап). Тауарға ақы төлеу бабы, егер шарт пен заң актілері талаптарынан бағаны белгілі бір мерзімде төлеу міндеті туындамаса, сатып алушы оны өзіне тауар немесе сол тауарға арналған тауарға билік ету құжаттары берілгеннен кейін кешіктірмей төлеуге міндетті (439-бап 1пункт).
Егер сатып алушы шартқа сәйкес берілген тауарға ақы төлемесе, сатушы одан тауар ақысын төлеуді және басқа біреудің ақшасын пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы (353-бап,439-бап 3пункт).
428 - бапта сатып алушыға тиісті сапасы жоқ тауар берудің зардаптары көрсетілген, ол егер сатушы тауардың кемшіліктері туралы айтпаған жағдайда туындайды. Тиісті сапасы жоқ тауар берілген сатып алушы өз қалауы бойынша сатушыдан: 1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемітуді; 2) қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жоюды; 3) тауардың кемшіліктерін жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеуді; 4) тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен алмастыруды; 5) шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Кодекс мердігерлік шарты бойынша атқарылатын жұмыс түрлері мен сол жұмыстарға төленетін бағаны толық анықтап көрсетеді. 616-бап, мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді.
621-бап мердігерлік шартта орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдістері көрсетілетіндігін айқындайды. Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Жұмыс мердігер жасаған сметаға сәйкес орындалған жағдайларда смета күшке ие болып, тапсырысшы оны растаған кезден бастап шарттың бір бөлігіне айналады. Жұмыстың бағасы (смета) шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы мүмкін. Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы (смета) тұрлаулы деп есептелінеді.
Сонымен бірге, тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі, ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктерге қатысты Кодекс бағаларды және жұмыстарға ақы төлеуді қарастырады.
Кодекстің 34 тарауы «Тасымалдаудың» жалпы талаптары көлік туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен және оларға сәйкес шығарылған ережелермен бекітілетіндігін көрсетеді.(688-бап)
Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгілеген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді(689-бап).
Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жүктерді, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасымалдау үшін тараптардың келісімінде белгіленген ақы төленеді. Тасымалдауға ақы төлеу көлік туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер негізінде айқындалады (697-бап).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет