«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Баға деңгейі туралы ақпаратты алу тәсіліне



бет14/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130
Байланысты:
Saginova-Baga-j-baga-bel (1)

5. Баға деңгейі туралы ақпаратты алу тәсіліне байланысты бағалар жарияланған және есептелінген болып бөлінеді.
Жарияланған бағалар - бұл арнайы ақпарат көздерінде жарияланатын бағалар.
Жарияланатын бағаларға: анықтамалық бағалар, прейскуранттық бағалар, биржалық баға белгілеу, аукцион және саудалау бағалары жатады.
Есептелінетін бағалар стандартқа сай емес құрал жабдықтарды жеке тапсырыс бойынша жасау келісім шарттарында пайдаланылады.
6. Жеткізіп тұрушылық және сауда- саттық шарты бойынша нетто-баға, брутто –бағасы бөлінеді. Нетто-бағасы – сатып алу және сату жеріндегі баға; брутто-бағасы сатып алу және сату шартына сай анықталынады (тауарларға салынатын салық көлемі мен түрі, шегерімдер деңгейі, «франко» түрі және сақтандыру шарты).
Транспорт шығындарын өтеу тәртібіне байланысты франко- жөнелту станциясы, және франко-белгіленген станция бағалар тобы ажыратылады.
«Франко» термині өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізу жолында, бағаның құрамына қай пунктке дейін транспорттық шығындар енгізілгенін көрсетеді.
Франко- жөнелту стансасы бағасы өткізу (көтерме) бағасының құрамына жөнелту стансасына дейінгі шығындар енетіндігін көрсетеді сатып алушы қалған транспорттық шығындарды аталған бағаға үстеме ретінде төлейді.
Франко-белгіленген стансасы бағасы өткізу (көтерме) бағасына белгіленген стансаға дейінгі барлық транспорттық шығындар және транспорттан тауарды түсіру шығындарыда енгізіледі.
Франко бағасының аралығындағы және түпкі баға түрлері бөлінеді: франко - жеткізуші қоймасы - бағасы, франко - вагон-жөнелту стансасы бағасы, франко - вагон- белгіленген станса бағасы, франко - сатып алушы қоймасы бағасы.
1.Жеткізуші қоймасындағы тауар бағасы = франко- жеткізуші қоймасы- бағасы;
2.Жеткізуші қоймасындағы тауар бағасы + Жөнелту стансасына тауарды
жеткізу шығындары = франко- жөнелту стансасы бағасы;
3.франко жөнелту стансасы бағасы+ Жөнелту стансасында вагонға тауарды тиеу шығындары = франко - вагон-жөнелту стансасы бағасы;
4. франко – вагон - жөнелту стансасы бағасы + Белгіленген стансасына дейін тауарды тасымалдау шығындары = франко- вагон- белгіленген станса бағасы;
5. франко- вагон- белгіленген станса бағасы + Белгіленген стансасында тауарды вагоннан түсіру шығындары= франко- белгіленген станса бағасы;
6. франко- белгіленген станса бағасы + Тауарды белгіленген стансадан сатып алушы қоймасына дейін жеткізу шығындары = франко - сатып алушы қоймасы бағасы;
Франко-қойма өткізуші, тауарды тасымалдаудың барлық шығындарын сатып алушы көтеретіндігін көрсетеді. Ал франко-қойма тұтынушы, барлық шығындарды тауарды өткізуші, сатушы көтеретіндігін көрсетеді.
Сыртқы сауда бағаларында транспорттық фактор ескеріледі. Сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы транспорттық және басқалай жалғас міндеттемелерді бөлу тәртібі халықаралық құжат, «Инкотермс 2000ж.» құжатында баяндалған.

Кесте 1.
Инкотермс 2000ж. классификациясы





Топ атауы

Жеткізу шарты

Транспорттық щығындарды, тәуекелді,баж салығы,
төлемдерді өтеу шарты

Транспорт (тасымалдау тәсілі)




су

автомобиль

Темір
жол

әуе

аралас

Е тобы

ЕХВ

Франко-завод

+

+

+

+

+

Ф тобы

ФКА

Тасушыда емін-еркін

+

+

+

+

+

ФАС

Кеме бортын жағалай емін-еркін (түсіру портының атауы)

+

-

-

-

-

ФОБ

Кеме бортында емін-еркін
(түсіру портының атауы)

+

-

-

-

-

С тобы

СФР

Баға және фрахт (жеткізу портына дейін фрахт төленген)

+

-

-

-

-

СИФ

Баға, сақтандыру, фрахт

+

-

-

-

-

СПТ

Тасымалдау...дейін төленген (белгіленген пункт көрсетіледі)

+

+

+

+

+

СИП

Кіре ақы төлемі және сақтандыру ...дейін төленген

+

+

+

+

+

Д тобы

ДАФ†

Шекараға дейін жеткізілген

+

+

+

+

+

ДЕС†

Кемеден жеткізілген

+

-

-

-

-

ДЕ°

Кемежайға жеткізілген

+

-

-

-

-

ДДЮ†

Баж салығы төлемінсіз жеткізілген

+

+

+

+

+

ДДП°

Баж салығы төлемімен жеткізілген

+

+

+

+

+



Ескерту: † сатушы кеден операцияларын жүзеге асыруға міндетті емес.
° сатушы кеден операцияларын жүзеге асыруға міндетті.
Кестеде көрсетілгендей 13 терминнен төрт топ қалыптасқан. «Е» тобы ЕХВ шартын сипаттайды. Ол бойынша тұтынушы жөнелтуге дайын тауарды сатушының қоймасынан (зауыттан) алады. Мұнда, барлық шығындарды және сатушының қоймасынан белгіленген пунктқа дейінгі тауарды жеткізу тәуекел шығындарын тұтынушы(сатып алушы) көтереді.
«Ф» тобы (негізгі фрахт төленбеген) шарты, бұл сатушының тауарды тұтынушы көрсеткен транспортқа дейін жеткізуге міндетті екендігін көрсетеді: ФКА-FCA-Free Carrir-(франко-тасымалдаушы)- тауар тасымалдаушыға жеткізілді.
ФАС-FAS – Free along side ship - кеме бортын жағалай емін-еркін – тауар бортқа жеткізілді, ФОБ –FOB-Free on Board – кеме бортында емін –еркін- тауар бортқа тиелуі тиіс. Осы аталған үш термин бойынша сатушы тауарды сатып алушы көрсеткен транспортқа дейін жеткізіп беруі тиісті.
С тобына(негізгі фрахт төленген) төрт термин енеді: СФР-CFR-Cost& Freight (құны және фрахт) төленген. СИФ – CIF – Cost Insurance & Freight ( құны, сақтандыру, фрахт). СПТ – СРТ - Carriage Paid To (фрахт ... дейін төленген) , СИП – CIP- Carriage & Insurance Paid to (фрахт және сақтандыру... дейін төленген) , осыған сәйкес сатушы тасымалдаудың келісім шартын жасауы қажет, дегенмен мұнда сатушы , жүкті тиегеннен кейін, әлдежүкті жөнелткеннен кейін, мүмкін болған жағдайлардан, жүктің бүлінуі, жоғалу тәуекеліне байланысты қосымша шығындарға жауапты болмайды.
Д тобына (келіп жеткен), мұнда сатушы жүкті белгіленген пунктке жеткізіп беруге байланысты барлық мүмкін болатын шығындарды көтереді. ДАФ – DAF –Delivered ex ship – франко-кемеге жеткізу, ДЕК-DEQ - Delivered ex Quay франко-айлаққа жеткізу; ДДЮ- DDP - Delivered Duty unpaid- баж салығы төлемінсіз жеткізу; ДДП – DDP - Delivered Duty paid - баж салығы төлемімен жеткізілген.
Халықаралық сауда тәжірибесінде қолданылатын саудаға қатысты терминдер келісім шартта абсолютті дәл күйінде көрсетілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет