«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу



бет57/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   130
9.2.Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу жағдайында маркетингтік стратегия және нарық құрылымы маңызды ықпал етеді.


Қызмет өрісінде баға белгілеудің келесі түрлері кеңінен қолданылады –

  • тұтынылатын қызметтің бір өлшеміне баға белгілеу, мысалы, кино, мұражай, театр билеттері;

  • интегралдық немесе агрегаттық баға белгілеу, мұнда белгілі бір қызметті көрсетуге қажет жекелеген жұмыстар бағасының жиынтығы алынады.(тұрмыстық техниканы жөндеу);

  • кешенді түрде баға белгілеу, бұл бірін – бірі толықтыратын қызметтерді өткізгенде қолданылады. (туристік – экскурсия қызметі бағасы);

  • абонемент принципі бойынша баға белгілеу, (студенттерге арналған айлық жол билеті).

Қызметтерге баға белгілеудің негізгі элементтерінің бірі ретінде қызметті жасау мен қызметті тұтыну уақыты дәл келуін алуға болады. Уақытында көрсетілмеген қызметтің мүмкіндігі мүлде жойылады, мысалы, бүгін ұшатын ұшақтағы бос орындарды, авиакомпаниия ертеңгі ұшатын рейспен өтей алмайды.
Осыдан, уақыт бойынша сұраныс шамасының елеулі ауытқуын запастағы ұсыныс шамасымен реттеу мүмкіндігі жойылады. Қызметтерге қатысты бұл мәселені уақыт бойынша тарифтерді реттеу арқылы шешуге болады. Ол, сұраныстың қарқынын да реттейді. Мұнда, қызметтер қарбалас кезеңнен тыс уақытта тұтынылатын болса, қызмет тарифіне әр түрлі деңгейдегі шегерімдер қолданылады.
Қызметтерге баға белгілеуде қызметтер жиынтығына баға белгілеу мәселесі қарастырылады. Бір – бірімен тығыз байланысты кешенді қызметтер жиынтығына:

  • туристтік қызметтер, олар: визаны дайындау, туристерді таңдаған жерлеріне жеткізуді ұйымдастыру, қонақ үйлерге орналастыру, т.б..

  • банктік қызмет көрсету, ол: үйлестірілген шұғыл және ағымдағы есеп шоттармен жұмыс, несие беруді ұйымдастыру, т.б..

  • программамен жабықтауды сатып алушыларға қызмет көрсету.

Қазіргі уақытта қызметтер сала бойынша бөлінеді: әлеуметтік-мәдени қызметтер секторы, материалдық- тұрмыстық қызметтер секторы, ресми ақпараттық және инженерлік технологиялық қызметтер.
Қызметтер саласында баға белгілеуге ықпал ететін факторлар:

  • қызметтерге сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері;

  • қоғамға маңыздылығы жоғары әлеуметтік қызметтерге сыртқы факторлардың ықпалы;

  • нарық жағдаятына қызметтердің бейімделуінің жоғары дәрежесі;

  • қызмет көрсету түрлеріне ақпараттың ассиметриясы.

Тұрмыстық қызметтерге баға белгілеудің ерекшеліктерін нақты мысалдар негізінде төмендегідей сипаттап көрсетуге болады. Мұндағы деректер шартты түрде қарастырылған, дегенмен ол тұрмыстық қызметтерге баға белгілеудің әдістемелік негізін ұғынуға септігін тигізеді.
Тұрмыстық қызмет тарифтері, қызмет көрсетуде қолданылатын шикізат, материал-дарға байланысты үш түрге бөлінеді:
1. Шикізат және материалдарды қолданусыз көрсетілетін қызметтер (жалға алу, күлкі бөлмелері және т.б.) Бұл жағдайда тарифтер келесі амалмен анықталынады: (теңге)
Кесте 8.

1

Қызметтің өзіндік құны

100

2

Пайда (рентабельділік -20%) өзіндік құнға есептегенде

20

3

қызметке белгіленген тариф (1 + 2)

120

4

қызметке ҚҚС 12% тарифке (120 х 0,12)

19,2

5

тапсырыс берушімен есептесу тарифі ( 3 + 4)

139,2


2. Тариф құрамына материалдар, запас бөлшектер құнын енгізу арқылы халыққа көрсетілетін қызметтер. Оның құрамына, аяқ киімді жасау және жөндеу, шаштараз, химиялық тазалау, кір жуу т.б. Осы қызмет түрлеріне тарифтерді анықтағанда, материалдар мен запас бөлшектер құны ҚҚС – сыз және сауда үстемесінсіз көтерме сауда бағасы бойынша тарифке енеді.
Мысалы, ерлер бәтеңкесін жөндеу тарифі келесі жолмен есептелінеді (теңге).
Кесте 9.

1

Материалдардың көтерме сауда бағасы бойынша құны

120

2

Қызмет құны (тариф)

400

3

Материалды есепке алғандағы тариф (1 + 2)

520

4

ҚҚС 12% (520 х 0,12)

62,44

5

тапсырыс берушімен есептесу тарифі(3+4)

582,44

3. Тапсырыс берушімен, материалдар мен запас бөлшектердің құны бөлек төленетін қызмет түрлері. Мысалы, киім тіккенде қажет маталар, жаға және басқалай фурнитура, тұрмыстық техника, автомобиль жөндеуге қажет запас бөлшектер т.б..


Киім тігу ательесінің маталарынан тапсырыс берумен киім тіктіретін тұтынушыларға қызмет көрсетілуі қажет. Ол үшін алдымен, көтерме сауда бағасы бойынша тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорынына келіп түскен материалдардың бөлшек сауда бағасы анықталынады. (1м үшін теңге).
Кесте 10

1

Матаның көтерме сауда бағасы

550

2

Сауда үстемесі, көтерме сауда бағасына 20% (550 х 0,20)

110

3

Еркін бөлшек сауда бағасы – (1 + 2)

660

4

ҚҚС 12% еркін бөлшек сауда бағасына (660 х 0,12)

79,2



5

Матаның еркін бөлшек сауда бағасы ҚҚС –есептегенде,(3 + 4)

739,2






  1. Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарында еркін бөлшек сауда бағалары, сауда кәсіпорындарындағы секілді қалыптасады және белгіленеді. Сонан – соң, киімді тігу қызметінің құны анықталынады, (теңге есебінде).

Кесте 11

1

Қызметтің өзіндік құны

4000



2

Пайда (өзіндік құнға 20% рентабелділік деңгейі ) 4000 х 0,20



800

3

Қызмет тарифі (4000 + 800)

4800

4

Тарифке есептелінген ҚҚС 12% (4800 х 0,12)

576

5

Тапсырыс берушімен есептесу тарифі (3 + 4)

5376

Осыдан кейін, шығындалған матамен қызмет құнын ескере отырып, тапсырыстың жалпы сомасы анықталынады:


а) Матаның еркін бөлшек сауда бағасы, ҚҚС –есептегенде 739,2
б) Тапсырыс берушімен есептесу тарифі 5376,0
в) Тапсырыстың жалпы сомасы - 6115,2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет